Ертегі: Зерделі бала

Ерте заманда бір ауылдың апта сайын бір тайыншасы зым-зия жоғала беріпті. Бұл ауылдың адамдары жабыла іздесе де ешбір із-түзін біле алмапты. Тіпті көрген-білген, сезік алған бірде-бір адам болмапты.

Сол ауылдың басы қазандай, сәлдесі дағарадай Жақып деген молдасы болыпты. Молда күн сайын ұзақ намаз оқып, оның соңынан көзін жұмып алып, жарты құлаш қара ала таспиғын тартып отырып:

Айналайын, таспиғым сенен,

Ешкім күмән қылмас менен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Тұл


Бетон үйдің қоңырауы шолпы сылдырындай сыңғыр ете қалды. Қолына ыстық кофені ала берген Серафима дір ете түсті. Таң атпастан бейсауат жүрген “кім болды екен?” деп елеңдеп те еді, бірақ қарадан-қарап дір ете түскеніне өзі де таңырқады... Дегенмен өмір бойы әлдебіреуді елеңдей күтіп келе жатқан аңсар сезім сырғыған сынаптай соғып өтті. Ол да соқтықпалы дерт секілді ойнамалы еді.

Ауыр денесін жеңіл қозғаған әйел темір есіктің “көзінен” қарады. Қабат үйдің кіреберіс алаңқайында екі адам тұр. Оның ұзын бойлы, қара киімді қарты келесі қабатқа көтерілер баспалдақтың қашағашына сүйеніпті. Қасындағы немересі болса керек, тым жас көрінді.

Қоңырау тағы сылдыр етті.

— Бұл кім? — деді Соня.

— А...а...а... қарағым!.. — деген қарт адамның дауысы қарлығыңқырап шықты. — Мен — әкеңнің бір танысы едім...

Өткен түнде ғана әкесімен сөйлескен-ді, бірақ ештеңе демеп еді. Мұның ойының үстінен түскендей:

— Қарағым! Сен мені танымайсың. Әкеңе де көп болды, хабарласқан емеспін. Сен қам жеме! Менің өзіңе деген бір ауыз сөзім бар... Әкеңе емес. Сол үшін құлқын сәріден кеп тұрмын. Ғапу ет! — деді арғы жақтан.

Бұл еріксіз есік ашты......
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Бір –көп Ортақ белгілеріне қарай заттарды топтастыру және топтап белгілі заттарды бөлу

Мақсаты:
а) цифр мен заттың санын сәйкестендіруді жалғастыру;
ә) математикалық жұмбақтар шешу;
б) балалардың зейінін дамыту;

Оқу іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру
(талпындыру) Амандасу
Амансың ба алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Амансыздар ма қонақтар!
Сабағымызды бастайық
Жамандықты тастайық.

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру - Жарайсыңдар! - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
Қызықты сәт: Ренжіп Дара кіреді.
- Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?
Дара: Кеше мен Ботимен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді жаңбырға әбден жаурап қалдым, оның үстіне қолшатырым да тесіліп қалды.
Дидактикалық ойын: «Тесік қолшатыр»
- Балалар, Дараның қолшатырын жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін үстел жанына жақындайық.
- Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Сәкен Сейфуллин | Жұбату

Мамыр айы.

Таң алды...

Ауыл Нұра бойында. Аспанды түнерген қара бұлт қаптап, қара түнді өте-мөте меңіреу қылып тұр. Көшіп шаршап келіп, жаппалап қонған ауыл ұйқы тұтқынында жатыр.

Төңірек тып-тыныш.

Күншығыстан ескен майда қоңыр жел өзен бойындағы қалың талдардың, бұталардың, шөптердің бастарын теңселтіп, ақырын ызыңдап тұр. Көрінбей ақырын жүріп, жұмсақ сыпсыңдаған жүйрік жел мен түнерген талдардың жапырақтары қалтырасып, ақырын-ақырын сыбырласып, сырласқандай. Осы қараңғы түнде майда қоңыр желдің жаяулаған жұмсақ қоңыр сарынынан басқа, бұталардың ақырын ызыңдаған баяу үнді, мұңды күйінен басқа, тал жапырақтарының жат тілді сырлы сыбырларынан басқа, алдыңғы ауылдан ақырын, нәзік сыңсыған бір ызың естіледі. Сыңсыған ызың жүректің ең нәзік сезімді күйлерін қозғап, үзіліп-үзіліп, өксіп-өксіп естіледі.

Еріксіз тыңдап, құлағымды сала, ызыңға қарай жүрдім. Таяуырақ тыңдағанда, ызыңнан көкіректі қарс айырған жасырын күйініш, ащы қасірет естіледі. Мұңды, қайғылы зар естіледі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Cүлеймен Баязитов | Бұлақ


Шың басынан құлдырап,

Құлап аққан тас бұлақ.

Әлденені былдырап,

Айтатындай тұр құлақ.

Әй, балалар, балалар,

Тентекке не шара бар?

Суымды тұнық лайлап,

Мәз боп санын сабалар.

Лақтырып небір қоқысты,

Жағамды сол қоқытты.

Арнама әкеп төгеді,

Күл қоқысты, боқтықты.

Әй, балалар, тентектер,

Басып қансаң шөліңді,

Ластамаңдар төрімді!

Өтінемін сендерден!-

Деп тұрғандай көрінді.



Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қарияның жауабы

Орта жүздің аты шулы билері Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек пен қанжығалы Әлібек батыр ел аралап келе жатқанда оларға бір қария кездеседі.

Жәнібек би қарияға: «Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді?» деп сұрақ қояды.

– Ауыл ақсақалы шала болса,

Жігіттері алты ауыз ала болса.

«Ә» десе, «мә» дейтін,

Жасы үлкенін кішісі

Сыйламайтын көңілі қара болса,

Сол ауылдың берекесі кетеді, -дейді қария.

Сонда Қазыбек би тұрып: «Уа, ақсақал, үй берекесі қайтсе кетеді?» – дейді.

– Әйелі қабағын түйіп керілсе,

Шай қойып беруге ерінсе.

Келіні керіске сай болса,

Қызы сумақай болса,

Сол үйдің берекесі кетеді,– деген екен қария.

– Уа, ақсақал, не жақсы?

– Атың жақсы болса,

Тіршілікте мінген пырағың. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Қыр әңгімелері

1. СЫБАННЫҢ МОЛАСЫНДА

Ел Көксеңгірдің күнгейінде. Жайлауда жиын отырған көп ауылдың кешкі жылқылары суға келіп шығып, алды өріске кетіп бара жатқан мезгіл еді. Жаңа жамыраған қойлар дүниені у-шу қылып мазаны кетірген соң, біз ауыл иесі Жортар ақсақалмен әңгімелесіп, құдықтың желке жағындағы тастақ төбенің басына таман аяңдап келе жаттық.

Оңтүстік жақ жазықта жапырлап отырған көп ауыл айналасында шұбыртып қыбырлап жүрген малдарымен бірқалыпты жасыл даланың түсін түрлендіріп, көз қуантып тұр.

Көкжиектен асып бара жатқан күн ақырғы алтынды шұғыласымен далаға көрікті нұрын төгіп, ауылдың кешкі қызулы өмірін қызықтандырып тұрғандай. Төбенің басына таман көтерілген сайын, біздің көз алдымыздағы көрініс суреттің ауданы кеңейіп, қыр өмірі өзінің ең дырдулы шағын көзге көрсеткендей болды.

Даладағы мөлдір таза ауадан, сүйкімді суреттен көңілге белгісіз бір үміт кіргендей болады, қиял кезеді. Қөңілдің осы шағына не үйлесер еді деп ойлап келе жатқанда, көңіліме бұрыннан есте жүрген бір нәрсе түсті. Ол — қасымда келе жатқан Жортар ақсақалдың ерте замандағы басынан кешірген бір әңгімесін тыңдау еді. Жортар жас шағында осы ортаның айдынды қолбасы, батыры болған. Ол кезде маңайдағы ел атағынан шошитын. Тыным-тыныштықты білмеген, барымта, соғыс десе — алағызып қолды-аяққа тұрмайтын қызулы жас болыпты. Жортар мықтылық, батырлығының үстіне, ауызға ілінген найзагер болды десетін. Бұл сипаттың бәрін мен бұрыннан естігенімнің үстіне, сол батырдың шал болып қартайған түсін көргенде, ұзақтап алысқа кеткен ескі күннің көмескі түсі елестегендей еді. Сүйекті зор денесі апсағайланып, үлкен басы, келбетті түсі салқын сабырмен маңғазданып, туыстағы ірілігін бір көрген кісіге де білдіргендей. Көп бейнет, көп жылдардың ізіндей болып, бетіне түскен қатпарлы терең әжімдері ескі тентек күндердің таңбасы сияқтанады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Интернет желісіндегі HTML тілі

Ақпараттық қоғам заманында Интернет ақпараттарды жеткiзудiң негiзгi құралына айналып отыр. Интернет - барлық жүйелерi хаттама деп аталатын бiрыңғай стандартпен, яғни ережемен жұмыс iстейтiн ауқымды (глобальды) компьютерлiк желi.
Интернеттiң дамуы мен таралуы 3 бағытта жүргiзiледi: техникалық немесе аппараттық компонент; программалық компонент; ақпараттық компонент. Аппараттық компонент компьютерлердiң түрлi модельдерi мен жүйелерiнен, физикалық негiзi әр түрлi болып келетiн байланыс арналарынан, компьютерлер мен байланыс арналары арасындағы механикалық, әрi электрлiк үйлесiмдi қамтамасыз ететiн құрылғылардан тұрады. Ал ондағы мәлiметтi тасымалдау iсi байланыстың кабельдiк және спутниктiк арналарынан, радиореле жүйелерiнен, теледидарға арналған кабельдiк арналардан тұрады.
Программалық компонент интернеттегi түрлi типтегi компьютерлер мен құрылғылардың үйлесiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Ал оның негiзгi функциялары төмендегiдей:
- ақпаратты сақтау, iздеу, жинақтау, қарау немесе тыңдау;
- желiдегi ақпарат қауiпсiздiгiн сақтау;
- аппаратураның функциональдық сәйкестiктерiн қамтамасыз ету.
Программалық жабдықтар екi топқа бөлiнедi: сервер-программалар; клиент-программалар. Сервер-программалар – тұтынушылар компьютерлерiне қызмет ететiн желi торабында орналасады; клиент-программалар – тұтынушы компьютерлерiнде орналасып, сервердiң қызметiн пайдаланады.
Ақпараттық компонент желiдегi компьютерлерде сақталатын түрлi құжаттар арқылы өрнектеледi. Желiдегi құжаттар бiр-бiрiмен сiлтеме адрестер арқылы берiледi.
Интернеттегi мәлiметтердi бейнелеу HTML тiлiнде жазылады. Бiрақ ол программалауға ұқсас болғанмен программалау тiлi емес, гипермәтiндi белгiлеу тiлi. Сонымен қатар, ол мәтiндердi Web-беттер түрiнде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.
Сондықтан әдiстемелiк нұсқауда Интернет тарихы, Интернетте ақпараттарды iздеу технологиясы, электрондық поштамен жұмыс, HTML тiлдiң мүмкiндiктерi мен онда құжаттарды форматтау ережелерi, құжаттарды орналастыру принциптерiн түсiнуге қажеттi командаларын үйрету қарастырылады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дүниетану | Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері

Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы.
Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым)», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы.
Бастауыш сыныптағы әр балаға неке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тәән санасы, еркі, өзінің әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымсын, өмірлік мақсаты мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытыпоны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу оқу үрдісінің жемісі болып табылады.
Оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қлғамның түрлі реформаларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде.осыған байланысты оқушыларының танымдық әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады.
Танымдылық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама беріледі, оның құрамды белгілері бөлшектеніп мазмұны мен көмегі анықталынады. Таным белсенділігінің мәселесі – педагогикалық зерттеулердің терең негізі екенін атап көрсету керек. Оның зерттеуіне маңызды үлес қосқандар: М.Н. Скаткин,
И.Ф. Харламов, М.А. Даншов, И.Л. Лернер, М.И. Махмутов, Т.Ш. Шашова, Г.И. Щукина, және тағы басқа.
Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, олармен байланысын нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға жетелейді. Уақыт ағымы, ұстаздар қауымына жаңа міндеттер, ауқымды талаптар қойып отыр. Яғни, бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған ең басты міндет – оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыра білу.
Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-тәрбие барысындағы таным белсенділігін жетілдіру.
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектептегі 1-сыныптың дүниетану пәні.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0