Гүлайна апай отарға ерте оралды. Қызымды сағындым деп күні кеше Алматыға аттанған-ды. Тұңғышы — Зіреш қалада пединститутта оқитын еді. Зіреш қысқы, жазғы демалысын көбіне совхоз орталығындағы нағашыларының үйінде өткізіп жүрді. Айлар бойы өз қызын көрмеген ана сағынбағанда қайтсін? Перзент десе, ана жүрегі алып ұшады емес пе!
Киіз үйдің ішінде қымыз ішіп отырған Нұртай ақсақал, аттан түсіп жатқан бәйбішесін көріп ойға қалды. «Тәуба, қызыма барам деп менімен күні-түні керілдесіп, мазамды алушы еді, мұнысы несі?! Ерте оралғанына қарағанда бір гәп бар сияқты. Әйтеуір, жамандық болмағай!..»
Ол тысқа шықты. Болдырып келген аттың ертұрманын ағытып, тыныштық па дегендей бәйбішесінің жүзіне телміре қарады. Гүлайна аса көңілді, ауыл жаңалықтарын айтып, сарнай жөнелді:
— Талқанбайдың ала сиыры екі бұзау туыпты. Екеуі де инеліктей әншейін, қарындары қабысып тұр. Әлгі қу тоқал енесінің сүтін қақтап сауып алады екен. Уызға жарымаған бұзаулар қайтып мал болсын? Обалдағы-ай, обалдағы-ай!..
Нұрекең ер-тұрманға жамбастай кетті де, қарсы алдында шөкиіп отырған бәйбішесінің, әңгімесін ұнатпаған шыраймен:
Өз мүсінінің сұлу болғанын қалайтын арулардың еске сақтар ережелері:
✅ 1) Қарынға жиналған май сол жердің бұлшықеттеріне жасалған пресстен кетпейді. Пресс болады, бірақ, майдың астында қалып қояды. Сол себепті пресс жасаған сайын, қарныңыздағы май ұлғая береді. Май кетсін десеңіз, ішіңізді үнемі тартып, бұлшықеттеріне күш түсіріп жүріңіз.
✅ 2) Аяғыңызды көтеріп, сермеу – бөксеңізге, аяқтарыңызды созу – балтырыңызға, жаяу жүру – буындарыңызға өте пайдалы.
✅ 3) Таңертең аш қарынға 2 стақан суға лимон тамшыларын қосып, ішіп алыңыз. Ағзаңыздың асты дұрыс қорытуына көмектеседі. Сонымен қатар көк алма тойып тұрғанда тамақты басуға көмектеседі.......
КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ Дене пішіні алуан түрлі, тұщы немесе тұзды суларда мекендейтін, денесінде кірпікшелер болатын, мөлшері 10 микромиллиметрден 3 миллиметрге дейін жететін едәуір күрделі құрылысты бір жасушалы қарапайым жәндіктер кірпікшелілер класына жатқызылады. Бұлар еркін де қозғалады, кейбіреуі «отырықшылықпен» тіршілік етеді. Кірпікшелі жәндіктердің 1100-ден астам түрі бар деп есептелінеді......
1917 жыл, ноябрьдің іші, ел арасында жүріп Қауқымбайдың үйіне кездейсоқ болып қонғам. Менімен бірге дуаннан келе жатып Тәңірберген де қонған. Шам жаға шайды алып келді. Біз бай, бәйбіше, мырзамен бір дастарқандамыз. Самаурынның есік жағына кірлі майлық орамалды жайып жіберіп, үсті басы далба-дұлба, бір жігіт отыра кетті. Шоқпақ бұжыр қара, қолы тілім-тілім жарық, байдың малайы екенін адам айтпай-ақ, пішінінен, отырыс-тұрысынан білетін.
Бізге өзінің байлығын, малай ұстайтындығын білгізгісі келді білем, Қауқымбай бай көтеріліңкіреп қойып:
— Әжі өгіздерді байладың ба?— деді.
Бәйбіше байдың сөзін көтермелейін дегендей:
— Қыс болса жақындап келеді, тезек жанындағы жалаңның шомын дұрыстау керек еді, сүмеңдеп қыдырумен-ақ ұзақ күнді кеш қылады,— деп ілді.
— Сүмеңдеп қайда бардым,— деп есік жақтағы жігіт күңк ете қалды.
Бай мен бәйбішенің екі аралығында отырған мырза күлімсіреп:
— Балалармен доп ойнағаны болмаса, ешқайда барған жоқ,— деп кекетті.
Ата-енесінің, байының ізінен шығайын деген секілденіп келіншек:
— Жұмысының көптігінен ағаш жарып беруді де қойды, бүгін шайға суды өзім әкелдім,— деп бір түйреп өтті.
Сіз мәнді де мағынаға толы, ұлағат пен ұжданды жанына серік қылған, ой мен ақыл және парасат пен пайымды жүрегіне жақын еткен, руханият пен білімді жас ұрпақтың тәрбиесіне қарай бағыттап отыратын Ұстаздық деп аталатын игі мамандықтың жолын қалап алған жансыз. Сіздің Ұстаздық қызметтегі әрбір жылыңыз Сізге абырой мен табыс, бақ пен береке әкелді, сонымен бірге тағы да жаңа әрі жарқын мүмкіндіктерге жол ашты.
Әрбір басталған жаңа бір оқу жылының күміс қоңырауының сиқырлы үні Сізге қуаныш сыйлады. Бұл нағыз ұстазға ғана тән сезім еді. Сол күміс қоңыраудың үнімен бірге балдырған күлкілері жараса мектепке енген қаншама бүлдіршін Сіздің алдыңыздан тәлім көрді, ұлағатыңызды тыңдады, өз мектебінен қанат қақты. Олар қазір еліміздің әр түкпірінде жүр.
Сіз үнемі ұстазға тән сергек ойдың иесі болдыңыз. Әрбір табыстарыңызға тоқмейілсу мен тоқырау сізге жат еді, керісінше жаңа ізденістерге жол ашты. Сіз өз қоғамыңыздың ұрпақтан не талап етіп отырғандығын жіті аңғара алдыңыз. Өз бойыңыздағы білім мен білік дариясын солай қарай бұрдыңыз, жас шыбықты солай қарай идіңіз. Егер Сіз осы жылдардың ішінде мақтау мен құрмет көрсеңіз, ұстаздық жолыңызда, шынында да, осыған лайықты істер атқара алған едіңіз.
Сіздің өткен құрметті жолыңыздың әрбір иірімінде шәкірт жүрегінің алғыс сезімі жатыр. Олардың әрқайсысы бір әлем еді, олардың әрқайсысы жаңадан ашылар бір дүние еді. Міне, сіз осы бір балдырған жүректердің риясыз досы, ертеңге деген үміті бола алдыңыз. Сізге осы үшін де өз шәкірттеріңіз алғыс айтады.
Сізді шәкірттеріңіз бүгінгі мерекеңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, ұстаздық жолыңызға шығармашылық табыстар тілейді. Ұстаздық қызметіңізде әр уақытта шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз!
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні Сабақ тақырыбы:Отбасы туралы әңгімелер оқу (2-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын мұғалімнің қолдауымен түсінеді. Көптеген оқушылар: баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолданады. ....
Кiрiспе Қазiргi мектептерде оқу шеберханаларында оқушыларды еңбекке бауылуды ұйымдастырудағы негiзгi форма-сабақ Сабақтың түрлерiне сәйкес құрылымдары әр түрлi болады Еңбекке баулу сабақтарының көбiне көбiне жалпы құрылымдық элементтерi төмендегiдей болып келедi: -ұйымдастыру бөлiмi оқушылардың оқу шеберханаларына уақытымен келуi; оқушылардың сабаққа қатысуын және сарамандық жұмыстарды орындауға қажеттi арнайы киiмдерiнiң бар болуын тексеру; -сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау; -оқушылар алда тұрған тапсырмаларды орындауы үшiн мұғалiмнiң кiрiспе нұсқауы сарамандық iс-әрекетi дұрыс орындау тәсiлдерiн көрсетуi және iс- әрекетi неге көрсету бойынша орындау керектiгi туралы қысқаша ғылыми негiздеуi; -қауыпсiз еңбек ету т„ртiбi бойынша нұсқау; -оқушылардың жұмыс жасауы үшiн дайындамалар мен құрал-жабдықтарды үлестiру; -оқушылардың тапсырманы орындауы барысында мұғалiмнiң ағымдық нұсқау беруi ж„не олардың жұмыстарына бақылау жүргiзуi; ....