Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегі елінде «Шалқан» ертегісін мазмұндау (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Ертегі елінде: «Шалқан» ертегісін мазмұндау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру
1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді
2.1 Сөз көлемі және сөздік қор құрамының саналуандығы
1.2.1.1 Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.
3.1 Зейін қойып оқу
1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
4.1 Әртүрлі стильде жазу
1.4.1.1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Таныс сөздерді қолдану арқылы сұраққа жауап береді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды.
Көбі: Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Кейбірі: Жаңа сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды, сұраққа жауап береді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсіндіре алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Мағауин | Тазының өлімі

1

Сүлдерін сүйретіп басына бір, аяғына бір шықты. Үстін кіршіксіз таза ақша қар басқан кішкентай ғана төмпешік. Меңірейіп қалған. Жазда, алғаш үйілген кезінде әлі дымы құрғамаған қоянжон топырақтан жылы леп, мейірбандық есіп тұратын. Мүмкін солай көрінген болар. Әйтеуір тазы мұнда жиі келетін. Төңіректеп жүреді. Қиыршық тас аралас сарғыш топыраққа тұмсығын тығып жіберіп, қорқырай дем алады. Сыздықтап әлдебір иіс білінетін. Сүйкімсіз иіс. Терісін сыпырып, аулаққа лақтырып тасталған түлкіден екі-үш күн өткен соң дәл осындай күлімсі леп шығар еді. Үстіне құрт-құмырсқа қаптап кететін. Тазы жеркене лоқситын-ды. Ал мына жас топырақты қаба дем тартқан кезінде бойын мүлде басқа сезім билейтін. Қолқаны атары рас, бірақ соның өзінде әлденендей таныс, жанға жақын бірдеңе бар. Не екені де белгілі. Шіріген етпен аралас, мұрынға болмашы ғана лебі жеткен иіс – иесінікі. Ол осы арада жатыр. Қисынға келмейтін нәрсе, бірақ анық солай. Өз көзімен көрген. Тазының бойы жеңілейіп, еңсесі көтеріліп қалатын. Алысқа ұзаған жоқ қой әйтеуір. Ертең-ақ оянады. Қашанғы жата берсін... Енді міне, сол белгінің өзі жоғалыпты. Бәлки, тұрып кетіп қалған шығар. Мүмкін, ендігі үйде отырған болар? Жоқ. Қар түнде ғана жауды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Адыраспан бел ауруларына ем

✅ Адыраспан – түйетабандар тұқымдасына жататын, тарамдалған бұтағы мол, мыңжылдық шөптесінді өсімдік, оның жапырақтары кезектесе орналасады. Бозғылт-сары гүлдері жеке-жеке өседі. Жемісі қоңыр түсті, диаметрі 1 сантиметрдей шар тәріздес қауашақ. Биіктігі 30-60 сантиметрдей, мамыр-шілде айларында гүлдейді.

Қазақстанда, еліміздің батыс өңірінде, Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Негізінен сортаң далаларда, елдімекендерге таяу алқаптарда, сонымен қатар, құрғақ, тасты беткейлерде өседі.

Адыраспан құрамында улы гармин және гармалин алкалоидтары, гүлі мен бұтағында пеганин алкалоиды болады. Адыраспан – улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Жауынгердің тұлғасы


Ерлерді ел танысын деген мақсатпен «жауынгердің тұлғасы» деген теманы қолдан келгенше жазып, тілдің жеткенінше айтып, (қалам ұстаған жазушыларға) көзбен көріп, қолдан өсірген (әрине, әскери мағынада) ел азаматтары — жігіттер — жауынгерлердің, олардың әскери мамандықтары — кәсіптерінің әр түрінен (майдан — соғыс оқиғасына байланыстырып) болған ақиқат мысалдар келтіріп, аттарын қағаз жүзіне қалдырып, істерімен елді қысқаша таныстыру ниетімен күнделікті дәптерге найзадан қол босаған кезде, шала - шарпылау етіп асығыста жазып жүргендерімнің бірнешелері осы одағай, көркемсіз түрінде сізге тарту болсын. Аманшылық болып, қол тисе, теманың қалған әңгімелері кейіннен жазыла да, айтыла да жатар. Барлығы 20 әңгіме былай доғартылмақ.

Мәскеу өлкесіндегі қырғын соғыстың кезі.

Ноябрьдің 26 жаңасы. Жерге шідеріден жоғары қар түскен. Солтүстіктен соққан қара жел қарып жеп, кісінің өңменінен өтіп барады. Немістің басым күшінің алдына көлденең түсіп, Мәскеуге қарай жібермей бөгет болып, күніне үш-төрт шабуылын тойтарып С. қыстағының маңайында жанталасып соғысып жатқанымызға төртінші күн болғанда, мені күтпеген жерде дивизияның штабына шақырды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ең сұлу әйел

Ең сұлу әйел – жүкті әйел деп жатамыз. Иә, дүниеге ұрпақ әкелу - Алланың әйел затына берген ең керемет нығметтерінің бірі. Жауапкершілікті талап ететін кезең. Әйел адамның денсаулығына, әсіресе, аяғы ауыр кезінде көп көңіл бөлетіні де сондықтан. Қуанышты жаңалықты естіген ененің де құрсақ тойын жасап, аяғы ауыр келінінің тамақтануына, тынығуына, тіпті киім киюіне мән беруінде де бір сыр жатса керек.

Адам баласының бұл өмірге саяхаты жатырға түскен сәтінен басталады. Құран Кәрімде сәбидің ана жатырындағы даму кезеңдері:

«Расында, біз адамды нағыз балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған......
Кеңестер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 2 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы»
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 2 сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.4.2 қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу;
10.3.4.3 Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу
Сабақ мақсаты: Алаш және Түркістан (Қоқан) автономиялары негізінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттейді, баға береді;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Биші Шара Жиенқұлова

Шара әжем би өнерін

Түлеткенін білер ме едім?-

Дейді Гүлден масаттанып,

Би кітабын қолына алып.

Қамажайды шалқып билеп,

Киіз басып, салады өрнек.

Би – өнер, бұл емес ермек,

Шара әжесін үлгі тұтқан,

Биші қыз ол жүрек жұтқан. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақ Тәуелсіздігіне 25 жыл


«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н.Назарбаев).

Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!

Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.

«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Қысқы ауылда


...Біз үйге кіріп келгенде, сары самаурынды ортаға алып, төрт-бес кісі шайға бас қойып жатыр екен. Ат жақты келген, шүңірек көзді қара кемпір күпісін жамылып, ыстық шайға нанды малшып жеп отыр. Екі жас жігіт жалаң бастанып, терлеп-тепшіп шайды ұрттап жатыр. Екі келіншектің біреуі шай құйып отыр, біреуі жас балаға сүт ішкізіп отыр...

— Кеш жарық...

Бәрі де ажырайысып қарады. Жігіттер ығысып орын берді. Ала дастарханның бұрышын созып, алдыма таман тартты. Бірер минут тұнжырасып отырғаннан кейін сөзге кірісті: олар менің аты-жөнімді, қайдан келе жатқанымды, не жұмыспен шыққанымды сұрады.

— Е, солай де, Қызылордадан шықтым де...

Қара кемпір бетіме тесіле қарап отырды да:

— Шырағым, қашан шықтың?.. Сол жақта біздің бір жаман баламыз болушы еді, одан хабар білесің бе?!— деді.

— Әй, әже-ай, жоқты сұрайсың-ау, Қызылордада кімдер жоқ дейсің, бұл жігіт қайсысын біле берсін,— деп самаурынға таяу отырған бақа сары жігіт кейіңкіреді.

Кемпір жым болды. Жас әйелдер өзара күңкілдесіп, жас баланы сылтау қылып, бірдеме айтып күліседі.

— Бетіңнің кірін қара, балаң сүймеймін дейді, жүр, бетіңді жуайын,— деп біреуі баланы жетелейін деп еді, бала көнбей бұртиды.

— Тұр, қалқам, жуғыз, ұят болады, мына кісіні көрдің бе,— деді әжесі.

— Қойыңдаршы, баланың бетін жуғанды қайдан шығарғансыңдар, жуып керегі не?— деп кемпір де кірісті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0