Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жүйке және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы,әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жок, дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудін, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) кимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991-1996жылдар) Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процестер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.1.3 Қазақстаның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау; 9.1.1.2 Өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кездегі демографиялық процестерге баға беру; 9.3.2.4 Қазақ диаспораларының тарихи Отанмен байланысының маңыздылығын айқындау; Сабақ мақсаттары: Қазақстаның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарына баға беру......
1847 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.
Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:
— Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.
Бөлтірік: «Иә», — деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.
Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік, Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік. Атақты ас жиынды құттықтауға, Бауырлас қырғыз елі, саған келдік. Жүйріктер қосылмаған қою шаңға, Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға. Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе, Келіп ек амандаса Орманханға. .....
Пән: География Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Адамзаттың ғаламдық проблемалары Сабақтың тақырыбы: Жаһандық мәселелердің географиялық аспектілері Оқу мақсаттары: 10.7.1.4. жаһандық мәселелердің аймақтық көріністерін анықтайды 10.2.2.3. графикалық АКТ редакторында тақырыптық карталарды құрастыру. 10.1.1.2 зерттеу тақырыбына сәйкес салыстырмалы әдістерді қолдану; 10.1.1.3 зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді қолдану; 10.1.1.5 зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолдану; Сабақтың міндеттері: - Жаһандық мәселелердің географиялық аспектілерін анықтау. - Географиялық зерттеулердің заманауи әдістерін және олардың табиғатты зерттеудегі рөліне баға беру; - Географиялық ақпарат көздерінің айрықша ерекшеліктерін және географиялық зерттеулер әдістерін түсіну; - Түрлі дерек көздерден географиялық ақпаратты табу дағдыларын қалыптастыру және түзету, түрлі географиялық объектілердің сипаттамаларын талдау, жинақтау, құрастыру....
Банк жүйесі- нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі.Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс. Банктің басты қызметі- елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық. Сонымен қатар, банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді,яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, ммемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.Сондықтан,банктегі қаржылық менеджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады. ....
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор. Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты. Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру.....
Көптеген елдерде автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғасынан болатын материалдық және адам шағынының өсуі салдарынан қозғалысты ұйымдастыру және қауіпсіздікті қаматмасыз ету мәселелеріне баса назар аударылып отыр. Жол қозғалысы қауiпсiздiгінің негізгі мақсаты: жол-көлiк оқиғаларынан жарақаттану мен өлiм-жiтiмдi төмендету. Негiзгi мiндеті: адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың арасындағы заңға құлықтылықтың және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа келеңсiз қатынастардың стереотиптерiн қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың кешендi жүйесiн құру. 2013 жылға қарай ЖКО нәтижесiнде қайтыс болғандардың санын 2009 жылғы деңгейден (2898 адам) 10 %-ға, 2015 жылға қарай 14 %-ға төмендету. 2013 жылға қарай зардап шегушiлерiмен ЖКО-ның санын 2009 жылғы деңгейден (14788 адам) 8%-ға, 2015 жылға қарай 10%-ға қысқарту Осы мәселелердің тиімді шешіміне қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар: Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауiптi мiнез-құлқының алдын алу мақсатында жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша әлеуметтiк бейнероликтер, ақпараттық-талдау телевизиялық бағдарламаларды шығару, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша республикалық журнал басып шығару арқылы, қауiпсiз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласында, профилактика және халықпен ақпараттық жұмыс iстеу жүйелiлiгiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және қамтамасыз ету жоспарлануда. ....
Әрине, отбасы бақыты ерлі-зайыптының екеуіне де байланысты, дегенмен “Жақсы әйел – күйеуін өрге сүйрейді, жаман әйел – көрге сүйрейді” деген сөз бекер емес...
1. «Рақмет» айтыңыз
Әдетке айналған қарапайым ризашылық білдіру, отбасын жағымда ауа-райына бөлейді. Күйеуіңіз сіз айтпасаңыз да үйді жинап қойды ма? Сіздің табысты жұмыс істеп жүргеніңізді байқады ма? Шынайы ризашылығыңызды, жаныңызда зейінді адам жүргеніне қуанышыңызды білдіріңіз.......