Географиядан сабақ жоспары: Елдердің саяси-географиялық жағдайы №2 (8 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Елтану және саяси география негіздері
Сабақ тақырыбы: Елдердің саяси-географиялық жағдайы №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.6.1.4 елдердің саяси-географиялық жағдайына баға береді
Сабақ мақсаттары: елдердің саяси-географиялық жағдайына баға беру;
елдердің физико –географиялық жағдайына баға беру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тігін бұйымдарын модельдеу Иық бұйымдары

Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтады. Оларға көйлек, халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм т.б. жатады.
Төменгі сыныптарда белдемшелі бұйымдардың түрлерімен, олардың тігілу тәсілдерімен таныстыңдар. Иық бұйымдарының айырмашылығы - мұнда мойын ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына, сәніне қарай ұзын, қысқа, тіпті жеңі жоқ болып келеді, жағасы да түрлі пішінде тігіледі.
Ер және әйел киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады. Әйелдер киімінің үлгісін алып қарасақ, онда кеуде, бел, иық бүкпелерін көруге болады, ал ерлерге арналған үлгіде иығы кең, түймеліктің орны солдан оңға қарай бағытталады.
Иық бұйымдары жүн, жібек, мақта, зығыр және т.б. маталардан дайындалады және адамның жас ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі, мектеп балалары, әйел, ер киімдері деп бөлінеді. Силуэт бойынша - тік, қынамалы және жартылай қынамалы болады. Пішімі -тұтас пішілген, бел сызығы бойынша кесілген, қондырма жеңді, реглан жеңді, құрастырмалы пішілген, қысқа және ұзын жеңді немесе жеңсіз, жағасыз, тік жағалы, шәл жағалы т. б. болып бөлінеді.
Көйлек көбінесе белдемшеден және үстіңгі бөліктен құралады. Үстіңгі бөлік артқы-алдыңғы бөліктерден, жең, жағадан тұрады. Белдемше тұтас пішілген немесе бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.
Белдемшелердің сынасының санына қарай көйлектер бір, екі, көп тігісті болады. Сонымен қатар тік, кең етекті, қатпарлы, бүрмелі, ши бүрмелі, гофре, бедерлі түрінде кездеседі. Белдемше мен лиф бел сызығы арқылы біріктіріледі немесе біртұтас пішіледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Метрология | Шет елдердін етті ірі кара мал шаруашылыгы

Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы, агроөндірістік кешеннің ұйымдар мен мекемелер жеке меншігінің көптеген формалары, олармен басқарудың мемлекеттік құрылымның қалыптасуы, алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі сертификаттау және стандарттаудың, өндірістік технология мен өңдеудің, өнім сапасын жоғарлату жүйесінің критикалық бағасын жүктейді.
Өлшем бірлігін қамтамасыздандыру және техникалық реттеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізу, сертификаттау бойынша жұмыстарды күшейту талаптары мен экономикалық шарттардың өзгеруінен АӨК-гі стандарттау бойынша нормативтік құжат қорын жақсарту және қайта қарауды шарт етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар қорында жалпы 44 368 стандарттар бар. Қазіргі кезде АӨК өнімдеріне 1897 стандарттар бар, соның ішінде 889 стандарттар өнімге және 1008 стандарттар ауыл шаруашылық және тағам өнімдерінің сапасын сынау әдістеріне арналған, сонымен қатар терминдер мен анықтамаларға, орамына, таңбасына, тасымалдануына және сақталуына арналады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Қытай халқының демографиялық мәселелері

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қытай Халық Республикасының халқы және ұлттық құрамы қандай? Қытай халқының жас және жыныстық құрамындағы ерекшелігі қандай? Қытай халқының өсуі мен кемуі туралы не білеміз? Қытай халқының тұрмыс салты мен мәдениеті қандай? Қытай халқының қазіргі демографиялық мәселелерін қарастыру? Қытай халқының өсуі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері?
Қытай халқы 1949 жылы революцияға дейін Қытайда халықтың тууы мен өлім-жітімі жоғары дәрежеже болып отыр. Жыл сайын миллиондаған адам аштықтан, эпидемиядан, ауру-сырқаудан, кездейсоқ апаттардан қаза болатын. Халықтың өсуіне жаппай эмиграция, көбіне жарлы-жақыбайлардың Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне кетуі кедергі келтірді.
1949 жылғы санақ бойынша Қытайдың құрлық бөлігінде халық саны 541 млн 670 мың адам болды. Елде қалыптасқан тіршіліктің тұрақтылығы мен өндірістің дамуына байланысты демографиялық бақылау бойынша халықтың өсуі артты. 1969 жылы халық санағы бойынша елдегі халықтың саны 806 млн 710 мыңға жетті. Демографиялық жарылыс қаупінің алдында тұрған Қытай үкіметі ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап халықтың санын шектеу мақсатында тууды жоспарлауға кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде туу коэффициенті біртіндеп төмендей бастады. Егер бұл көрсеткіш 1969 жылы мың адамға шаққанда 34℅-ға тең болса, 1995 жылы 17,2℅-ға төмендеп, халықтың табиғ-ға төмендеп, халықтың табиғи өсімі мың адамға шаққанда 36℅-дан 11℅-ға дейін азайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Мәңгүрттенбеу марсельезасы)

Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған,
Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған.
Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде,
Ана тілің шетте қалды, орын жетпей төріңде.
Қайырмасы: Өмір, өмір, өмір, өмір, өмір-ай.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт мақал-мәтелдерде №1 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт мақал-мәтелдерде №1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу
7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
• Мақалдағы және суреттегі мазмұн сәйкес келеді.
• Сахналанған көрініс мазмұны анық, рөлде жақсы ойнады;
Оқушылардың көпшілігі
• Мақалдағы және суреттегі идея негізінен келеді.
• Сахналанған көрініс идеясы анық, тәрбиелік мәні бар;
Оқушылардың кейбірі
• Мақалдағы және суреттегі идея толық сәйкес келеді.
• Сахналанған көрініс өмірмен байланысты. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Елім деп соғар жүрегім

Мен-патриотпын ! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды , отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын.
Кез-келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата-ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді-өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап.......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Бөгелек

Ерте, ерте, ертеде жәндіктер өздерін-өздері мансапқа қойыпты. Сона – хан, бөгелек – уәзір, шіркей – жасауыл сайланыпты.
Күндердің күнінде ызылдап ұшқан бөгелек өрісте жайылып жүрген жылқыны, сиырды, есекті кездестіреді. Қараса, жылқыға жал, сиырға жая, есекке қоң біткен. Бөгелекті мүлде әкім екен деп танымайды. Бұған қаны қайнап, көзі алайып кеткен бөгелек ызыңдап, әрқайсысына бір төнеді. Оған жылқы да, сиыр да, есек те мыңқ етпейді.......
Ертегілер
Толық
0 0