Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Сенген қойым сен болсаң

Арызқойлардың соңғы буыны домалақ арыз жазушылар аузы енді аққа тиіп, қаламдары қатая бастаған тұста «домалақ арыз қаралмасын» - деген пәрмен шығып, қиянға бет алған тұста қылтасынан қиып түскендей еді. Домалақ арызшылардың иіндеріне су кетіп, еңселері езілген тұста маскүнемдер мен алькоголиктерге қарсы күрес өріс алған.

Жұмыс уақытын жұмысқа пайдаланбай, көше кезіп, дүкен аралап кететіндердің «Сыра» бөшкелерінің маңайына гүлге қонған арадай гуілдесіп, дүрілдесіп жатқандарды қатаң тәртіпке шақырған. Мұның пышағы сол тұста май үстінде еді. Талайды тағынан төңкеріп, қара нансыз қалдырған. Бұдан жұрт жазғыш (арызқой) деп сескенетін.

Бармағы балға малынған жемқор басшы, парақорлар қауіптенгені, тіпті қорыққаны жөн - ақ болсын деп ойлайтын. Ондайда бұл жалпы ішіп - жеуде, ұрлық - қарлықта, пара - сара алуға мүмкіндігі жоқ сорлылардың өзінен айбынғанын көргенде, «апам тойға барса, мен де барамынның кері ғой» - деп ойлап миығынан күлетін.

Сөйтіп жүргенде күні кеше келместің кемесіне мініп, ал «қайыр хош» деуге де жарамай, ізім қайым жоқ болған кеңсе үкіметі өзімен қатар қаз тұрып қолға қағаз - қарындаш алдырып, талайды есінен тандырып, талайды күйдіріп жандырған арызқой, пәлеқұмарларды да құрдымға тартып кеткендей еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық элементтер (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың сапалық реакциясы
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалынның бояу реакцияларын сипаттау және орындау.
Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарын анықтау үшін сапалық реакцияларды жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін келесі әрекеттер арқылы дамыту:
Сапалық және сандық анализді өзара ажыратады.
Тұнба түзетін және тұнба түзбейтін катиондарды анықтай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сайын Мұратбеков | Жусан иісі

1

Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтай жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын»,- деген жалынышты үнін естимін.

Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал дегеннен, тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып, туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек.

...Біз, балалар, көшеде екіге жарылып ап, қағазға топырақ орап, бұрқылдата лақтырып, атысып ойнап жүргенбіз. Ары өтіп, бері өткен кемпір-шал: «Желкең қиылғырлар-ай, соғыс аздай, бұл атысып ойнады дегенді қайдан шығарды осылар, басқа ойын аз ба-ей!..» -деп ұрсып-ұрсып қуып тастайды. Бірақ олар кетісімен қайта жиналамыз. Қайта атысамыз. Желсіз тымырсық күнде бұрқылдаған май топырақ тұманша қалқып, шаңытып тұрып алады. Жуық арада сейіле қоймайды. Соның арасында тұншыға жүріп, көзіміз ғана жылтырап, бір-бірімізге «уралап» ұмтыламыз. Ойынның осындай бір қызу шағында біздің «атаман» - Садық кілт тоқтай қап: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынастары

Кіріспе
Біздің еліміздің көп этникалық құрамына және көптеген халықтардың бірлесіп өмір сүрген жеткілікті тәжірибесіне қарамастан, соңғы жылдары шыққан ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы ғалымдардың әртүрлі зерттеулері, жергілікті шиеленістер талдамы, көптеген этникалық қоғамдастық өкілдерінің біріккен экономикалық, саяси және т.б. іс-әрекетке бейімделуі жоспарында ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көрсеткендей, әлі күнге дейін кез-келген адам, әсіресе КСРО-ның құлауынан кейін, өзін қазіргі жағдайларда басқа ұлт адамдарымен қарым-қатынаста тұрақсыз сезінеді.
Ұлтаралық, этникааралық қатынастар әлеуметтік қатынастар, мәдени өзара әсерлер және тарихи дәстүрлердің барлық жүйелерінің нәтижесі болып табылады. Олардың қалыптасуы идеологиялық және өнегелі ережелерге де байланысты.
Бұл жұмыс орта мектепте оқитын оқушылардың қарым-қатынасындағы өзіндік сана ерекшеліктерін анықтау және зерттеу мәселесіне арналған.
Әртүрлі елдер мен халықтар өкілдерінің арасындағы ұлтаралық байланыстардың күшеюімен қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін қарастыруға арналған зерттеулер саны да көбейіп келеді. Көптеген авторлардың еңбектерінде мәселенің әлеуметтік жағы ашылған. Өндірістік тәсілдердің дамуы мен жетілуінің, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі әртүрлі этностар арасындағы қарым-қатынастың жаңа формаларының пайда болуы мен тұрақталуына әсері анықталды.
Қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін зерттеу себептерінің бірі, бұл бір мемлекеттің ішінде, тіпті бір аймақтың өзінде әртүрлі ұлттардың өмір сүріп, өзара қарым-қатынаста болуы.
Этникалық тиістілігін, өз ұлтының психикалық қырларының спецификалылығын және өзінің этникалық қоғамдастығы мен басқа этникалық орта арасындағы этнопсихологиялық айырмашылықтарды саналау этникалық өзіндік сананың әдеттегі деңгейінде өтеді. Оның негізгі мазмұны өзінің этникалық тобы мен басқа этникалық ортаның ақиқат және қиялдағы арнайы қырлары туралы түсініктер құрайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім жүйесінің өзекті мәселесінің бірі жаңа ұрпақтардың қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сананың қалыптасуы болып табылады. Білім өз мазмұнын халықтың руханилығымен, оның этникалық өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана нағыз халықтық, ұлттық бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде дамуы жағдайында өз азаматтарының рухани дамуы, өздерін саналы тұлға ретінде сезіне білуі, бір-бірімен өзара қарым-қатынастарының белсенді түрде дамуы маңызды мәселе. Адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу – психологияның негізгі мәселелерінің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ және орыс ұлттарындағы оқушылардың қарым-қатынас ерекшелігінде этникалық өзіндік сананың көрінуіне әсер ететін факторларды анықтау.
Зерттеу объектісі: жоғары сынып оқушыларының өзіндік сана ерекшелігі.
Пәні: Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынаста анықталуы.
Жалпы болжамы: қарым-қатынастың этникалық ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік-коммуникативті компетенттілігіне және өзіндік санасына байланысты көрінеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Жер шоқтығы

Көкшетауда бір болған кісінің бұл өлкеге қайта айналып соқпауы мүмкін емес. Көргеннің көзін жаулап, есіткеннің құлағын елеңдетіп есіл-дертін алып ынтызар ғып бітетін өлке. Әне бір ілгері заманда Арқаның аң иығы — сал ақын осы өлкенің басы мен аяғын әнге елтіп, той-думанға қарық қып дәурендеп жүрген шағында: «Жер шоқтығы Көкшетау» деп, туған жеріне сонша сұқтанғаны тегіннен-тегін емес-ті. Адам баласы мекен еткен ай мен күн астында бір кезде салдар мен серілер думан құрған осы кербез сұлу Көкшетаудың қасына қысылмай барып иықтасып қатар тұрып, сәні мен сұлулығын салыстырар басқа бір өлке, әй, қайдам, табыла қояр ма екен? Табылса да ілуде біреу болар-ау! Сұлулықтың ел аузындағы аты біреу болғанмен әсері әр түрлі. Сұлулық та қысқа күнде қырық құбылатын көңіл шіркін сияқты адам болған адам бойында, ет пен тері арасында жүретін аумалы-төкпелі сезім. Қаршадайымыздан құлағымызға сіңген исі қазаққа белгілі бір қағидаға құлақ ассаң, тіпті «сұлу — сұлу емес, сүйген — сұлу». .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Қара бауыр

Бұратарада

Ардақты оқушы!

Алатау... Алатаудың асқар-асқар асуынан арғы бетке асырсам, алдарыңнан аңғары ұлы өзен кезігеді. Аңғардың екі жағы қап-қара үңгір, меңіреу құз көресің. Құздың аспанға өрлеген басы ақшонақ шоқы, мәңгілік мұз көресің. Өзен арнасы тамылжыған тоғай. Балақ-балағы, түбек-түбегі жыныс, жақпар-жақпар жартасқа көзің сүрінеді. Сол жақпарға үңіле қараңыз, ол көрінгеннің барлығы да тұтас тас емес. Оның бірсыпырасы жанды тастар. Арбақай мүйіз арқарлар, тоң, ерек мойын құлжалар, тағылығы шектен асар асау тауешкі, таутекелер, тарлан тасты тарғыл шұбарлап безеген сулар.

Осы көрікті табиғаттың ортасына у-шу қылып асау атынды судан құлағыңыз тосаңсиды. Бұл — Алатаудың атақты өзені Бұратара. Қалмақ жері. Мұндағы Жоңғар қалмағы.

Сол құлдыр шұнақ шоқының зындан құзынан бір жіптей жіңішке жалғыз аяқ жол жатады. Із шыққан Айдар кезенінің астынан су ағып, осы жол алатаңдақтанады. Сіздің түсетін жәһаннамыңыз осы болады. Ақырында апарымдайсыз. Тасқа таянасыз. Жарға сүйенесіз. Бұтаға жармасасыз. Құлай-құлай табанға түсесіз. Түскен жеріңіздегі жыраңқайдан іш су ете түседі. Алдыңызда аң ба, адам ба — аң-таң боласыз! Ғажайып сұмдық көресіз: Керегесі жоқ уық көресіз. Туырлығы жоқ түндік көресіз. Боз шұбар, бөрте қойтастай бұғынып-бұғынып жерді құшақтап жарты үйлер жатады. Үзігі қылан боз үй де, құнары жоқ қара лашық та жермен-жексен. Батпаққа түскен сиырдай белуарынан үйлер қара жерге батқан болады. Тамсанасыз. Бәрі де бөкене, уық үй осы болады. Жаугершілік заманындағы «жолым үй», «абылайша», «қос» деп осыларды айтады. Жүздері солыңқы, қабақтары салыңқы, еңсе жоқ, жігері құм, құр сүлделі үрейі ұшқан адамдар болады. Адамның ауылы емес, Алатаудың аң өмірі алдыңа келеді. Таң қаласың. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Информатика | Компьютерлік желілерді оқытудың электронды зертханалық практикумын жасау

КІРІСПЕ
Заман талабына сәйкес білімді ақпараттандыру өмірдің талабы болып отыр. 70-шы жылдар басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен технологиялық жаңалық ашылды – үлкен интегралдық үлгілер пайда болды. 80-шы жалдар ортасында жергілікті желілер дами бастады.
Компьютерлік желілердің пайда болуы мәліметтерді бірігіп пайдалануға көп көмегін тигізеді. Дербес компьютер – құжат құруда, кесте дайындауда, графикалық мәліметтер және басқа да ақпараттардың түрлерімен танысуда тиімді құрал. Бірақ ол сіздің жұмысыңыздың нәтижесін тез арада басқа біреумен бөлісуіңізді қамтамасыз етпейді. Желі болмаған жағдайда жасалынған жұмыспен басқа қолданушылар жұмыс жасау үшін әрбір құжатты қағаз бетіне шығаруға немесе дискетке көшірмесін түсіруге тура келеді. Сонымен қатар барлық қолданушылар құжаттың көшірмелерін өзгертіп-түзеткенде, ол құжатты қайта жинап өңдеу қиындық туғызатын. Жұмыстың мұндай схемасы автономиялық ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады. Егер де осындай ортадағы әрбір қолданушы өзінің компьютерін басқа компьютерлердің желісіне қосса, онда ол қолданушы олардың құжаттарымен де, принтерімен де ортақ жұмыс істей алар еді.
Компьютерлерді желілерге біріктіру технологияларының стандарты бекітілді – Ethernet, ArcNet, Token Ring. Олардың дамуына дербес компьютер әсер етті. Бүгінде есептеуіш желілер қарқынды дамуда. Жергілікті және ауқымды желілер арасындағы алшақтық, кабельдік жүйедегі жергілікті желілер сапасынан кем түспейтін жоғары жылдамдықтағы аумақтық байланыс арналарының пайда болуына байланысты барынша азаюда. Ауқымды желілер ресурс қызметтерінде жергілікті желілер қазметтері сәйкес ыңғайлы болуда. Бұған кең тараған Internet ауқымды желісі мысал бола алады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Желілік операциялық жүйе

Желілік операциялық жүйе-бағыттауға қажетті топтық ағыммен станциялық жүйелерде маңызы орасан зор.Ол осы жүйелерде барлық жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді,мысалға алғанда станцияларда,бөлшектік желілік дискіде немесе принтерлерде,көбінесе желілік жүйе станциялық жүйеде қосылмаған.
Көбінесе компьютрлік желілерде белгіленген автономдық комьютерлер бар, ол тек ғана файлдық серверлерде қолданылады.Осындай жүйені ЛВС файлдық серверлер деп аталады.Кейбір ЛВС жүйелерінде,жұмыс уақытындағы станцияларда барлық уақытта функциялдық файлдық серверлермен жұмыс істеуге болады.Бұл бірлікрангілік ЛВС.
Компоненттік желілік операциялық жүйеде жүмыстағы станцияларда жэне файлдық серверлерде өзара бірлесіп бір-бірінің көмегімен орындалатын тіл,хаттама деп аталады.....
Рефераттар
Толық
0 0