Реферат: Биология | Былқылдақ денелілер типі (Mollusca)

Былқылдақ денелілер түрлерінің көптігі жағынан тек буынаяқтылардан ғана кейін, қалатын, күрделі құрылысты жануарлар. Былқылдақ денелілердің көпшілігі судық, теңіздің жануарлары, ал аздаған түрлері ылғалды, ауа-райы жылы болатын құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Өздерінің тіршілігі мен құрылыстары жағынан сан алуан түрлі болып келеді. Бірқатар моллюскаларды адам тамақ үшін аулайды, устрица сияқтыларды қолда өсіреді, олардан меруерт алу үшін пайдаланады. Кейбір былқылдақ денелілер - зиянды жануарлар, олар ауыл шаруашылық дақылдарын зақымдайды, мысалы, кәдімгі шырыштар, «кеме кұрты» теңіздегі ағашты бұзады, адам мен малдардың паразит кұрттарының аралық иелері мысалы; тоспа ұлуы т. б.
Жалпы сипаттама:
Құрылысы. Денесі бунақсыз, жұмсақ келеді, ол үш бөлімнен тұрады: бас, дене және бұлшықты аяқ. Денесі арқа жағынан және көбінесе бүйірлері тері қатпармен-мантиямен қапталып жатады. Моллюскалардың көпшілігінде мантиясы известь қабыршақтарын бөліп шығарып бақалшақтар түзейді. Моллюскалардың тіршілігінде бақалшақтардың қызметі зор: тірек қызметін атқарады, жануларының шабуылынан корғайды, ортаның әртүрлі әрекетінен сақтайды. Былқылдақ денелілердің бақалшақтарынын пішіні тіршілік ету тәсіліне қарай әртүрлі болады. Мысалы, мұхит пен теңіздердің түбінде тіршілік ететіндерінің бақалшақтары (қабыршақ) қалық, ауыр болып келеді, ал тұщы суларда тіршілік ететіндерінде бақалшақтары жұқа, жеңіл болады. Құрлықта, ылғалды жерлерді мекендейтін моллюскаларда нашар дамыған, ал кейбіреулерінде бақалшақтары жойылып кеткен (редуцируются). Әсіресе теңіздерде тіршілік ететіндерінде суда жүзіп жүруіне бақалшақтарының жеңіл болуы көп жеңілдік келтіреді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ринит мұрын бітелу

Ринит, мұрын бітелу — мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар мен вирустар тудырады. Қоздырғыштардың дамуына организмнің мұздауы, ауаның құрамында шаң-тозаң мен зиянды газдар мөлшерінің артуы, гүл тозаңдары (қ. Поллиноз) әсер етеді. Көп жағдайда Ринит жұқпалы аурулардың (тұмау, дифтерия) әсерінен де болады. Риниттің жедел және созылмалы түрлері бар. Кейде вазомоторлы (вегетативті жүйке жүйесінің қабынуы) және аллерг. (организмнің аса сезімталдығы) түрлері де кездеседі. Аурудың бастапқы кезінде мұрынның шырышты қабаты ісінеді, науқастың тамағы қызарып, құрғайды. Бірнеше күннен кейін мұрыннан сұйық ірің ағады. Бұл кезде дене темп-расы аса көтерілмейді, бірақ ауру адамның басы ауырып, тыныс алуы қиындайды, көздің шырышты қабатының қабынуынан көзден жас ағады. Әсіресе мұрын бітелу нәрестелерде қиын өтеді, себебі, олардың мұрын қуысы тар болады да, мұрын ішіндегі болар-болмас ісіну олардың дем алуына, емшек емуіне кедергі жасайды. Кейде қабыну мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатына, есту түтікшесіне, көмейге, кеңірдекке, тіпті өкпеге де таралуы мүмкін. Ауруды дер кезінде емдемесе, асқынып, созылмалы түріне ауысады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Мамандық бұл сіздің өміріңіз


«Өскенде кім болғың келеді?» –бұл ересектердің кішілерге қоятын сауалдарының бірі. Міне, сіздің де мамандықты таңдау барысында дұрыс таңдау жасау және қателеспеудің маңызын білуіңіз қажет. Адамның ғұмырлық мақсатының өлшемінің бір сатысы ретінде мамандықты қарастырайық.

Өз мамандығыңызды таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және олардың сіз үшін және қоғам үшін қандай пайдасы мен маңызы бар екендігін біліп алған жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.

Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Мамандық таңдаудағы ең тиімді тәсілдерінің бірі- демалыс уақыттарында кәсіптік тәжірбиеден өту. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | ЖОО да оқу жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері

Зерттеудің өзектілігі. Дене тәрбиесі оқу пәні ретінде бұрынғы КСРО-ның жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1929 жылдан бастап енгізілді. Осы бір ұйымдастырылуы жағыннан күрделі пәнді бағдарламалық-әдістемелік жағынан қамту сол кезден қолға алынды.Оның құрылымы мен мазмұны тек 1937 жылы барлық жоғары орындары үшін біріңғай оқу бағдарламасы мен белгіленді. Алайда, Ұлы Отан соғысы, одан кейінгі Жапониямен соғыс оның қалыптасуы мен дамуын ұзақ уақытқа кідіртті, тек жеңістен кейін ғана жалғасын тапты.
Дене тәрбиесі бойынша соғыстан кейінгі алғашқы оқу бағдарламасы 1951жылы дайындалып, қабылданды, бірақ ЖОО-ның ерекшелігі мен әртүрлі мамандануына сәйкес негізгі қолдануға ие бола алмайды.Одан кейін 1955,1963,1957 жылдарда «Жоғары оқу орындарындағы студенттер дене тәрбиесін ұйымдастыру – педагогикалық негіздері»тақырыбынағы кандидаттық диссертацияда талдау жасалынды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ елі осындай

Тарих. Ең ауыр үкім – тарих үкімі. Арпалысқа толы аласапыран заманда мұқым бір халық ізім-қайым өшіп, қанат-қолтығы кең жұртқа сіңіп, бұлдыр елеске айналған жағдайлар көп. Ол сол халықтың өзін-өзі қорғай білетін қуатының, амал табар айласы мен бірлігінің тұтастығына, рухының беріктігіне байланысты.
Тарих – халық зердесі. Әр халықтың ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі «Уақыт» деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып, ғасырлар тұңғиығына батып кетті. Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы ақиық ақын Мұхтар Шаханов:
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да,-деп жырлайды. Ұлттық тарихымызды құдіретті төрт ананың біріне теңейді. Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.......
Шығармалар
Толық
0 0