Бәкеннің кейде өтірік айта салатын да мінезі бар еді. Бірақ Бәкеннің бұл мінезінен зиян көріп жүрмін деген пенде жоқ. Оның үстіне Бәкеннің бұл сөздерінің өзі де қиюласпайтын, жобасы келмейтін сөздер еді. Онысын іле-шала Бәкеннің өзі де мойындап, "айта саламыз ғой біз деген" деп өзі де күліп отыратыны бар. Бәкен бұл сөздерді біреуге зардап шектірейінші, содан пайда көрейінші деген оймен айтпайды. Өзінің мінезі сол. Дегенмен Бәкеннің осындай аңдаусыз айтып қалған сөзінен бірде Бәкең зардап шегіп қалыпты. Бәкең деген Бәкендерге қарағанда жасы үлкен кісі ғой. Бірде Бәкең аяғына ауланың ішіне іле шыққан сүйретпесін киіп алып, үйінің көше жақ беткейіндегі отырғышта демалып отырады. Дәл осы сәтте көше бойымен таза киімін киіп алған, екі қолын қалтасына салған күйі Бәкен келе жатады. Бәкен жасы үлкен Бәкеңді көріп сәлем беру үшін бұрылады. Бәкеңнің өзі балықты жақсы көретін кісі ме, әлде жұрттың бәрі де балықтан жасалған тағамға кет әрі емес пе, Бәкең дәл осы тұрғанда балық туралы ойлап отырса керек. Бәкенге сұрақты беріп кеп қалады:
Жылжымалы ойындар, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет Сабақтың тақырыбы: Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Оқыту мақсаттары: А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы: Екпін түрлерін ажырата алады. Оқушылардың көпшілігі: мәтін құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айтады. Оқушылардың кейбірі: мәтін құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолдануда өз ойын көркемдегіш құралдар арқылы жеткізеді......
Кіріспе Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор. Шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Сондықтан да, кейінгі жылдары бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша болашаққа мамандар даярлау мен оларды қайта даярлау жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілді. Елімізде кәсіби бухгалтерлер даярлау үрдісін халықаралық деңгейге көтеру жөнінде едәуір жұмыстар атқарылып келеді. Кәсіби мамандық дәрежесіне жету үшін ізденушілер қатары көбейіп, бухгалтерлік есеп мамандығы жоғары мамандыққа айналды. Осы заманғы бухгалтерлер «счеттар жүргізуші» (счетоводттар) қатарынан өтіп, капитал рыногында қаржы қалыптастырушы мен экономикалық қатынастар мен қаржы саласын терең талдай білетін негізгі тұлғаға айналды. ....
"Желтоқсан көтерілісі” – ол қазақ халқының тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Дегенмен, осы оқиғаның ақиқаты әлі күнге жөнді ашылмай келе жатқан сыңайлы. Желтоқсан оқиғасының "дүркіреп” өткеніне 13 жыл толып отыр. Әйтсе де сол бір ызғарлы үш күн әлі де көкейден кетер емес. Кей кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл атышулы оқиға қазақ халқының басына каншама қасірет әкелді. Соның ішінде талай ұл-қыздарымыздың қаны судай ақты. Қаншама жас қыршын кетіп осыншасы жазықсыз жұмыстан немесе оқудан қуылды......
Абайдың өмірі мен еңбектері турасында айтылатын тексеру, зерттеудің алдындағы кіріспе сөздің ендігі бір бөлімін Абайды тану деген жайға арнаймыз.
Абайды тану жұмысы көлемді, сан сапалы, ғылымдық жолмен тек Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін, жалпы советтік социалистік мәдениетіміздің зама-нында ғана молайды.
Бірақ, бұл сөздерге қарап, революциядан бұрын Абай жөнінде ешнәрсе жазылмады, айтылмады деуге болмайды. Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған. Бұл жөнде Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі боп жайылып тарағанын еске алу керек.
Бірінші жолы — баспа арқылы тарауы; екіншісі — халық арасына ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы; үшіншісі — қолжазба түрінде өр көлемді жинақтар боп, көшіріліп тарауы. Және осылайша ақын шығармаларының оқушы, тыңдаушы жұртшылыққа мәлім болуымен бірге, Абайдың өмірі мен ортасын, еңбектерінің әр алуан сипаттарын, өз шамасынша, көпшілікке мәлімдеп отырған үлкенді-кішілі танытқыш сөздерді, деректерді де еске алуымыз керек.
Бұл соңғы айтылған жайлар, жоғарыдағы ескертуіміз бойынша, Абайдың революциядан бұрын қаншалық танылғанын аңғартатын деректер болады.
Қай ақынды болса да ең мол танытатын баспаға шығу болғандықтан, алдымен революциядан бұрын Абайды баспа жүзінде танытқан еңбекке тоқайық. .....
Тақырыптың өзектілігі: Бұл бітіру жұмысымның тақырыбын осылай алу себебім: жеріміздің әсем де, сұлу табиғатын, оның табиғат қорларын, ондағы казіргі өзекті экологиялық жай күйін жазғым кеді. Орманды рекреациялық мақсатта қолдану орман биогеоценоздарының бұзылуына, әсіресе бұл демалушылардың көптеп жиналған аймағында (жағажай маңы, сауықтыру орталықтары, балалар лагері) анық байқалады. Орман экожүйесіне рекреацияның кері әсері көбнесе оның түріне байланысты. И.Л.Трапидо рекреацияның орман биогеоценоздарына әсерінің түрлерін көрсеткен/1/: - механикалық әсер: а) таптау б) зақымдау (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, алау жағу арқылы топырақты күйдіружануарларды үркіту, ағаштарды зақымдау) - Келушілер әсері: а) органикалық және органикалық емес заттармен (азық-түлік, қағаз, металл) б) жаңа биологиялық түрлер тарату (әр түрлі өсімдіктер тұқымдары арқылы) ....
Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық және әскери қуаты анықталады. Сондықтан да информатика курсын оқып білуді осы ұғымдар туралы түсініктемелерден бастаған жөн. ....