Мұғалім оқушыға жоғары сапалы білім беруі үшін үлкен ізденісте болып, өзінің біліктілігін арттырып отыратыны секілді мен де біліктілігімді арттыру үшін Кембридж бағдарламасы бойынша білім алуға оқуға келдім. Бағдарлама курсының І бетпе бет кезеңінде үстел басына отырғаннан, тренеріміз Бадигүл апаймен, кураторымыз Ләззат апаймен таныстық. Тренеріміз ортаға түрлі - түсті қағаз, фламастер, түрлі - түсті бояулар, ақ бет парақтар, қайшы, скотч таратып бергенде бұл оқудың жай бұрыңғыдай оқу емес, ерекше екеніне көз жеткіздім. Бадигүл апай «Таныстыру» тренингінің түр - түрін өткізіп, бір - бірімізге шапалақ.......
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атмосфера және климат Сабақ тақырыбы: Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуы №3 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Табиғат зоналары мен биіктік белдеудің қалыптасуын білу. Табиғат зоналарының орналасу реттілігін білу; Табиғат зоналарының ерекшелігін ажырата білу. Сабақ мақсаттары: Табиғат зоналары мен биіктік белдеудің қалыптасуын білу.....
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай,жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жеріңде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай,табандап отырып алсақ,ақпайтын көл секідді, өз-өзімізбен тұйықталып,әлемдік даму мен өркениеттен құр алақан қалар едік.Десе де, жер шарының қай ендігі,эквадордың қай белдеуінде жүрсең де,қайта саған, сағынышыңды басар темірқазығың-туған жер атты ұлы ұғым біреу.......
"Ақпарат" (информация) термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген үғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз. Біз бәріміз бала кезімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де ақпарат түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау – ақпарат алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады. Ақпаратты жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, ақпарат алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын үрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді. Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған қүбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, қүрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлүматтар мен мәліметтер алу деген сөз. Қазіргі қоғамда ақпараттық қоғам деп атау жиі қолданылып жүр, себебі қоғамда айналымда жүрген ақпарат мөлшері үлкен жылдамдықпен артуда. Сонымен қатар мол ақпарат мөлшерін сақтап , өңдеп, тасымалдап және оларды тиімді пайдалану үшін қажетті техникалық құралдардың күннен-күнге жаңарып , өсуі де кем қолмайды. Ақпараттың осындай жылдамдықпен айналуы қоғамдағы барлық өндіріс орындарында, әлеуметтік салада, экономикалық және саяси өмірде жақсы көмегін тигізеді. Сонымен қатар адамзаттың білімінің деңгейін көтеру талабын қойып отыр. Компьютерлік техника мен ақпараттық технологияның жылдам дамуы. Ақпаратты пайдаланушы ақпарат қоғамның дамуына зор әсерін тигізуде ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері Сабақтың тақырыбы: Үй телефоны мен ұялы телефон Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.2.1.ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану. Сабақтың мақсаты: Оқушылар: Мәтін мазмұнын түсінеді. Тілдік құралдарды талдайды. Стильдік ерекшелігін анықтайды.....
Декабрь жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
Орман қарайған, ішінде құстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз.
Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.
Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес. Мақал: Қыс қысыл, жаз жазыл.
Ең сұлу әйел – жүкті әйел деп жатамыз. Иә, дүниеге ұрпақ әкелу - Алланың әйел затына берген ең керемет нығметтерінің бірі. Жауапкершілікті талап ететін кезең. Әйел адамның денсаулығына, әсіресе, аяғы ауыр кезінде көп көңіл бөлетіні де сондықтан. Қуанышты жаңалықты естіген ененің де құрсақ тойын жасап, аяғы ауыр келінінің тамақтануына, тынығуына, тіпті киім киюіне мән беруінде де бір сыр жатса керек.
Адам баласының бұл өмірге саяхаты жатырға түскен сәтінен басталады. Құран Кәрімде сәбидің ана жатырындағы даму кезеңдері:
«Расында, біз адамды нағыз балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға), сосын оны мудғаға (бір шайнам ет бейнесіндегі жаратылысқа) сосын удғаға сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс қылдық. Алла ең керемет Жаратушы ("Муминун" сүресі, "12-14 -аяттар)» ......