Атышулы журналист Бигелді Ғабдуллин әкімдер мен орынбасарларын, тіпті министрден мемлекеттік тапсырысты қалай бопсалағанын айтып берді деп хабарлайды КТК арнасы.
Асау дария Ертіс баяу қозғалған ғажайып айдаһар тәрізді, түсі суық, толқыны сұрғылт... Құмды жағасында етектегі тау тасындай шашырап, қайың мен талға бөленген үлкен қала жатыр. Бұл қалада біркелкі ештеңе де жоқ, барлығы сапырылысып кеткен: үйлері де, адамдары да, олардың киімдері де, дүниеге деген бағдарлары да. Көше бойлай салынған Кошелев, Строгонов, Сутюшев секілді бай саудагерлердің темір шатырлы сәнді сарайларымен қатар, кооперативтің тастан қалаған сұрғылт дүкендері, қазақ жатақтарының тоқал төбелі шым үйлері тұр. Алтын айлы мешітпен бұрыштаса, жонған тақтайдан істей салған кинематографтың жаңа клубы орналасқан. Ерсілі-қарсылы өтіп жатқан жұрт ішінен жаман тымақ, түйе жүн далбағай, үкілі тақиямен айқара басқан жалпақ сары былғары белбеулі орыс гүлдері төгілген қызыл шәлілер де көзге түседі. Шекпен киген ауыл қазағымен қатарласа, иығын портупеямен айқара басқан жалпақ сары былғары белбеулі, орысша «юнгштурмовка» деп аталатын жастардың галифелі жасыл костюмін киген жігіт кетіп барады. Көше бойлай салдыра желген қара фаэтонды, қоңыраулы жәмшіктердің пар аттарының сәнін әдейі бұзғысы келгендей, үстіне жүк артқан қос өркеш қара нар анда-санда боздап қойып, асықпай аяңдайды.
Өтіп жатқан жұрттың қайсысының қандай ойда екенін де түсіну қиын. Біреулері осынау ғажайып жаңа өмірге бейтарап адам екенін білдіргісі келгендей аяғын жайбарақат, бейқам басып келе жатса, бағда біреулері белеңі бар жылқыдай жан-жағына үрке қарайды. Ал кейбір бетінде ескі өмірдің тәкәппарлық таңбасы көрінген «кешегі мырзалар» жаңа заманға еріксіз бодан болғанын жасыра алмай, әр адымын зілдене басып, түнере өтіп кетеді. Дегенмен, көпшіліктің жүзі көкірегіне түн ұялағандай ақ жарқын нұрлы... .....
Кез келген адам баласы дүние есігін ашқан соң есейе келе алдына мақсат-міндеттер қояды. Меніңше ең басты өмірлік міндетіміз - рухани жаңғыру.
Рухани жаңғыру адам баласының оның ішкі əлемінің жаңаруы, сана сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы "рухани жаңғыру" дəлел. Біз рухани жаңғыру барысында, ЖаңаӨзен Политехникалық колледж атынан "жер асты" мешіті "Қараман атаға" барған болатынбыз. Жер асты мешітінің бір ерекшелігі жердің астында орналасқан. Б.з.д жаугершілік заманында "жер асты" мешітін салу арқылы көп отбасыны сақтап қалған екен. Біз жер асты мешітіне барар жолда көптеген əулиелерді көрдік. Оларды шырақшы кім болғанын, неден қайтыс болғанын бірқатар түсіндіріп айта кетті.
"Жер асты" мешітіне жеткеннен соң, "Қараман" ата дау-жанжалды шешіп отырғанын жəне оның қатал адам болғанын да айтты. Шырақшы одан да бөлек тəлім-тəрбие беретін көптеген əңгімелер айтты. Біз рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлерімізбен көзқарасымызды білдірдік. "Екі дəуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру жəне жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша Қазақстандықтар əсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеде деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс - біздің дамуымыздың ең басты қағидасы"
Ендеше, рухани жаңару арқылы əлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туының астында бақытқа бірге жетейік.
Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы Тақырыбы: Тәуелсіздік күні Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеу, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Білімділік: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру. Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту. Қатысушылар: Мысық, Қуыршақ. Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар. «Құлпынай» тобының «Тәуелсіздік» мерекесіне қош келдіңіздер. - Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан Республикасында. - Қандай рәміздеріміз бар? - Ту, елтаңба, әнұран. - Елбасымыз кім? - Н. Назарбаев. Әнұран айтылады......
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі Білім беру аймағы: «Коммуникация», «Шығармашылық» Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат» Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Міндеттері: Білімділік: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту. Дамушылық: таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту. [Г], [Ш] дыбыстарды дұрыс артикуляциямен айтуға пысықтау.Саусақпен сурет салуға үйрету, конструктардан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау. Тәрбиелілік: Жануарларға деген қамқорлықпен қарауды қалыптастыру, табиғатқа және жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Сөздік жұмыс: «Саяхат» Қос тілділік: Саяхат — путешествие, ертегі – сказка. Қажетті құрал-жабдықтар: «Шалқан» ертегісіне арналған көстюмдер, «Шалқан» муляжі, «Шұбар тауық» ертегісі «Бауырсақ» — доп, конструктор, сары түсті гуашь, ақ қағаз, «Лақтар мен қасқыр ертегісінің суреттері», Аю мен шұбар тауықтың костюмы, шырша мен ағаштар. Сабақ барысы: Тәрбиеші: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік. Балалар бір-бірінің иығынан ұстап «Пойыз» өлеңін айтып жүреді. .....
Пән: География Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера Сабақ тақырыбы: Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.4.1 табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуын түсіндіреді Сабақ мақсаттары: Табиғат зоналары туралы біледі Ендік зоналылық пен биіктік белдеу туралы біледі. Ендік зоналар мен: биіктік белдеулерді анықтайды Табиғат зоналары мен биіктік белдеулердің қалыптасуын түсіндіреді. .....