Сабақ жоспары (ұмж): Спартактың көтерілісі Ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Рим
Сабақ тақырыбы: Спартактың көтерілісі Ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.2.2 Ежелгі дүниедегі құлдықтың ерекшеліктерін анықтау
5.3.2.3 Ежелгі Римдегі Спартак көтерілісін сипаттау, себептерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар Спартак көтерілістің толық сипаттамасың бере алады
Бұл көтеріліс Ежелгі Рим әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік -саяси, әлеуметтік-мәдени дамуына қалай әсер еткенің түсіндіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тері неліктен тез қартаяды

Тері ағзаны сыртқы ортаның әсерлерінен (қысым, үйкеліс, жарылу, соққы) қорғайтын дененің сыртқы жабыны. Ұзақ сақталатын, құрамында бояулар мен қоспалар қосылған, ащы және тұзды тағамдар теріні «тоздырып», ажарын бұзады.

Тері ағзаға түскен радиоактивті заттар мен ауыр металдардан көп зардап шегеді. Бұл терінің тез қартаюына жол береді. Сондықтан А, Е, С, РР дәрумендері бар тағамдар мен жеміс-жидектер (көк шөптерден салат, сәбіз, қызанақ, қызыл жидек, бал мен көк шай) теріні құрғап кетуден сақтайды, ультракүлгін сәулесіне қарсы тұрады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Шығарма: Менің атамекенім – Қазақ елі

Атамекен – қазақтың қара топырағы, менің ата - бабамның асылы,
ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы,ең асылы. Атамекен сөзінде үлкен мән бар. Алдымен көз алдымызға «Қазақ елі» елестейді . Кезінде осы Қазақ жері үшін қаншама ата - бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, қасық қаны тамғанша тер төкті емес пе?! Міне , осы құндылықтарды дәріптеуіміз керек. Оны іске асыратын біз, мына –жастар. Ол үшін қазағымыздың тарихын, рухани мәдениетін,материалдық мәдениетін білуіміз керек.
Алдымен тәуелсіздігімізге көз жүгіртейік.Биыл,міне,қазақ жеріне егемендігіміздің қадам басқанына 23 жыл болып отыр. Осы уақыт аралығында көптеген жетістіктерге жеттік.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Құсу кезінде жедел көмек көрсету

Этаптар
Түсніктеме Дозасы
1. Науқастың басын көтеріңкі бір жақ бетіне қисайтып жатқызамыз • Құсық массасымен аспирация болуының алдын алу

2. Қысып тұрған киімдерін босату
Өкпе экскурциясының жеңілдеуі

3. Таза ауа келуін қамтамасыз ету • Тыныс алудың жеңілдеуі
• Жағымсыз иістерді болдырмау

4. Дәрігердің нұсқауы бойынша ақазанын жуу • Токсиндерді, уларды механикалық тазалау
• Кейбір жағдайларда асқазанды жуу науқастың жағдайын нашарлатып жіберуі мүмкін
5. Мына препараттарды енгізу:
реr os 0,25% ерт.

Бұлшық етке церукал

Үзіліссіз құсу кезінде –бұлшықетке аминазин • Перифериялық құсу орталығының қозғыштығын төмендетеді
• Перистальтиканы қалпына келтіреді
• Орталықтың құсу орталығының қозғыштығын төмендетеді
6.Құсудан кейін
а) ауыз қуысын қайнаған сумен шаю
б) су-шайды 2-4 сағат аралығында кезекпен беру.
в) қажет болған жағдайда құсық массасын лабораторияға жолдау • Гигиеналық жағдайды қамтамасыз ету
• Оральды регидратацияны жасау, құсуды қоздыратын қосымша заттарды аластау
• Құсық тудыруы мүмкін жағдайларды анықтау
7. Құсықтың себебін анықтау және оның болмауына тырысу
• Құсықтың пайда болуының алдын алу

Іш кебу кезінде жедел көмек көрсету

Этаптары Түсініктеме Дозасы
1. Баланы арқасымен жатқызып, кеудесінің төменгі жартысын босату. • Іштің перистальтикасының жеңілдеуі
2. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету
• Перистальтиканың қалпына келуі
3. Ішке сағат бағытымен жеңіл массаж жасау • Ішекте жиналған газдарды жою
4. Әсері болмаған жағдайда келесі препараттарды енгізу:
реr os карболен
бұлшықетке церукал • Адсорбент болып табылады
• Ішектердің перистальтикасын қалпына келтіреді 1 мл/кг
( 1 мл=5 мг)
0,1 мл/ жас
5. Тамақ рационынан сүт, көкөністерді шектеу • Іш кебудің күшеюінің немесе оның қайта болуының алдын алу ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Мен Тәуелсіздіктің құрдасымын

Биыл – ел егемендігіне 26 жыл! Бұл күн әсіресе мен үшін және Тәуелсіздіктің құрдастары үшін ерекше мейрам. Дүниеге шыр етіп келген күннен бастап «тәуелсіз елдің ұрпақтары» деген аталы сөзді естіп өстім. Батыр ата-бабаларымыздың тәуелсіздік пен азаттық жолындағы ғасырлар бойғы күресін тарихтан оқып білдім. Қаншама баһадүр бабаларымыз қаны мен жанын азаттықтың ақ жолына сарп етті десеңші. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы орындалды. Тәуелсіздіктің ақ таңы атты! Ширек ғасырдан астам тарихы бар Қазақ елі бүгінде қарқынды дамып келеді.

Тәуелсіздіктің құрдасы атану мен үшін үлкен мәртебе, бақыт және мақтаныш! Мен 1991 жылғы бірінші маусымда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келдім. Үйде жеті қыз және бір ұл болып өстік. Менен кейін әулетімізде көптен күткен інім дүниеге келді. Бүгінде ол қара шаңырақтың иесі. Әкем жұмысшы, анам «Батыр ана». Қазіргі таңда анам зейнеткерлікке шықты. Мен 1997 жылы Сарға ауылындағы Ә.Жанкелдин атындағы орта мектептің бірінші сыныбына бардым. Білім ордасын 2008 жылы жақсы аяқтадым. Мектеп қабырғасында жүргенде ұлағатты ұстаздардан тәлім алдым. Арманым сол кісілердей бала жанының жанашыры, ақылшысы, бағбаны болу еді. Сол жылы Ақтау қаласындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжіне оқуға түстім. Онда «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алдым. Қасиетті қара шаңырақта оқып жүріп, қоғамдық шараларға белсене атсалыстым. Қолымнан келгенше қасымдағы достарыма көмектестім. Оқу ордасын 2011 жылы абыроймен тәмамдадым. Қолыма дипломымды алып, туған ауылыма бардым. Алғаш еңбек жолымды «Сарға бөбекжай» балабақшасында тәрбиеші болып бастадым. Балғындардың былдырлағын тәтті тілдерімен қылықтарын көре жүріп, жақсы тәрбие беруге тырыстым. Жаман нәрседен аулақ болуға шақырдым. 2011-2015 жылдары аралығында Ақтөбе қаласындағы «Қ.Жұбанов» атындағы мемлекеттік университетінде екі жыл оқып, жоғарғы білім алдым. Бүгінгі таңда Ә. Жанкелдин атындағы орта мектепте дайындық сыныбының мұғалімі болып қызмет етемін. Жұмыс жасап жатырғаныма үш жыл болды. Осы уақыт аралығында бірнеше мәдени шараларға қатысып, жүлделі орындарды иелендім. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Мемлекеттік рәміздер - елдігіміздің белгісі

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін алған болатын. Қазіргі кезде тыныш әрі бейбіт өмір сүрудеміз. Сонымен қатар, ел тәуелсіздігінің белгісі - мемлекеттік рәміздер халық жүрегінің төрінен орын алуда. Біздің елде өмір сүріп жатқан әр адам мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтып, сыйлайды. Мемлекеттік рәміздерге елтаңба, ту және әнұранымыз жатады.......
Шығармалар
Толық
0 0