Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Мәшһүр Жүсіп Туысқан бауырларыма бір насихат


«Әй, қазақ ағайындар! Жылдан жылға кедей болып, жоқ жерде малдарыңнан айрылып қалып, күн асқан сайын кеміп барамыз, мұны кімнен көресіз?! «Қыс алды, боран алды»,-дейсіз, қыс пен боран алатұғын болса, қоян неге өлмейді, торғай неге өлмейді? Бораннан ығып, суықтан үсініп бір қоянның, бір торғайдың өлгенін көрген жан жоқ. Қазақта бір мақал бар «Жаман Құдайшыл келеді» дейді.

Ол сөздің мағынасы құдай, құдайдың жазуыменен болды десеңіз, бұл сөздің тұрғаны теріс. Өзі жаратқан мүлкін, өзі бар қылған мақұлығын құдай неге қырады? Кім болса, ол болсын, өзі жасаған нәрсесін өзі бұзбайды. Құдай тәбәрак оттағала мұнша жаратқан мақұлығын жоқ қылуға мөлшер қылған болжалды мезгілі бар. Ол мезгіл Ысырапыл (Исрафил) періштенің сұрын (сорын) үруімен (ұруымен) болмақ. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Есенберлин | Алтын орда II кітап

БІРІНШІ ТАРАУ

Ордада төртеуінен басқа ешкім жоқ еді. Төрде Батуханның немересі Тоғырылшадан туған Өзбек пен Өзбекпен бес атадан қосылатын Тамғамның баласы Құтлық Темір әмір отырған. Өзбектің оң жағында Орда иесі Алтын Орда ханы Тоқтайдың үлкен ұлы Елбасмыш, ал Құтлық Темірден сәл төмендеу, оның сол жағына бас әмірші Қадақ орналасқан.

Осы Тышқан, яғни 1312 жылы Алтын Орда ханы Тоқтай дүние салған. Сонау Өргеніштен Өзбек пен Құтлық Темір көңіл айта келген. Өзбек ол кезде, қазіргідей толықпаған, сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт еді. Әдемі қоңырқай даусымен оқып отырған жаңа үйренген құранын аяқтай бергенінде ол кенет Құтлық Темірдің оқыс қозғалғанын көзі шалып қалды. Сөйткенінше болған жоқ, сол сәтте-ақ Елбасмыш пен екеуінің қарсы алдына, өткір қылыш алып түскен Қадақтың басы топ етті. Басынан айырылған дене кеңсірігінен қан бұрқырай атып, бір орнында тыпырлады да қалды. Ал Өзбектің қарсы алдына түскен Қадақтың буырыл сақалды басы бір сәт оған бірдеме айтқысы келгендей, көзі шарасынан шыға жасаурап, тілі әлденені былдырлай еріндері сәл ашылып-жабылып жатты да, кенет тына қалды. Сол мезетте Өзбектің өзінің де оң қолы сол жақтағы қынаптағы алдаспанның тұтқасын барып ұстады. Көз ілесердей уақыт өткен жоқ, жүзі ұстарадай қылшылдаған алдаспан жарқ етіп көкке бір көтерілді де, орғи сілтенді. Құран сөзін ұйып тыңдап отырған Елбасмыш Қадақтың басы келіп алдына түскенде шошып кеткен. Есін жиып ол үлгірген де жоқ, енді өз басы анандай жерге ұшып түсті. Бұның да денесі бір орнында тыпырлады да қалды. Өзбек орнынан ұшып түрегеліп, өзіне қарап тасырайып көзін алмай жатқан басынан бөлек қан-қан денесін алдаспанымен тартып-тартып жіберді.

Бассыз денесі тіріліп кетеді деді ме екен, бұнысы несі?.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың ерекшеліктері

КІРІСПЕ
1997 жылы қылмыстылықпен күрес барысында отандық заңнамаларда елеулі өзгерістер болды. 1 қаңтар 1998 жылдан бастап Қылмыстық кодекс күшіне енді де, ескі 1959 жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексіне қарағанда жаза және қылмыстық - құқықтық әсер етудің басқа шараларының жүйесі, оларды қолдану тәртібі және жауаптылық пен жазадан босату негіздері мен тәртібі елеулі өзгерістерге ұшырады.
Бұл аталған ережелер өзінің жалғасын 13 желтоқсан 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексінде жалғасын тапты.
Жаңа Қылмыстық - атқару кодексі ескі кодекстің кемшіліктерін жойып қана қоймай, қылмыстық жазаларды атқаруды заңдық реттеудің шеңберін ұлғайтты. Мысалы, алғаш рет бірыңғай кодификацияланған заңда жазаның және басқа қылмыстық - атқару шараларының барлық түрлерін атқару және өтеу сұрақтары, қылмыстық - атқару заңнамасының қағидалары мен бастаулары, сотталғандардың құқықтық жағдайы арнайы баптар мен тарауларды қарастырылған.
Яғни, құқықгық мемлекеттің жүйесін қалыптастыру қоғам дамуының объективті зандылықтарына ғана емес, осы тарихи кезеңде құқықтық нормалардың орындалуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті заң актілерін дұрыс қолдана білулеріне де байланысты.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, бас бостандығынан айыру жазасын өтеу, атқару ерекшеліктері өзекті мәселелердің бірінің қатарына жатады.
1. ТАРАУ. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ – ЖАЗАНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.
1.1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тәуелсіздік күні Бостандық таңы атты Ш. Құдайбердиев (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік күні Бостандық таңы атты Ш Құдайбердиев
Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру ;
3.3.2.1 ертегілер (үлгі бойынша, кейіпкер қосу, соңын өзгерту ... тәсілдер арқылы)/ өлең шумақтары/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша)/ кейіпкерге хат жазу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқиды, өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
Көптеген оқушылар: өлеңді мәнерлеп оқи алады, сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
Кейбір оқушылар:өлең мазмұны бойынша шығармашылық сұрақтар қояды, жауап береді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов | Қартқожа


Елі үшін күйген,
Еңбекті сүйген,
Ізгі тілекті,
Ер жүректі,
Жұртшылық көсемі
Жалынды жастарға арнаймын.

Жазушы

БІРІНШІ БӨЛІМ

ОҚУ

Ұмытпасам, бұдан табандатқан 14-15 жылдар бұрын болса керек: Қаржасбайдың аңыраған қонақ үйіңде жиырмаға тарта баланы алқа қотан отырғызып, Мәжит қожаның азан-қазан қып оқытып жататыны. О кез Мекалайдың аузынан жалын шығып тұрған шағы еді. Ал, бұ күнде Мекалайдың жалыны түгіл, әуелі қабірін таба алар ма екенсің. Бұ күнде ондағы ызбарын төгіп отыратын Мәжекең де, бет-аузы ақпандағы алабас бураша сорағытып, ақ сабауға қош айтысып, қыжырайып, төсегінде жатыр. Пай-пай-пай! Көрінде өкіргір, Қожаекем-ай! Жөнсіз қатал едің-ау, жарықтық! «Бибіден» дабыл жесең де, жаназадан құр қалсаң да, ашуыңды балалардан алушы едің-ау! Өткен күннің белгісі жоқ қой, әйтпесе нағыз...

Әйтеуір бесті айғырдан да шақар оқытады. Қожасы бар болсын, оның басын ауыртқалы отырғам жоқ, әшейін аузыма түсіп жатыр. Со кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта — астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып, бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Со баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай ондап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа. Жас балаға лайық ат емес қой.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Шетелдердің балалар журналистикасы

Журналист - әмбебап мамандық. Бұқаралық ақпарат құралдарының ең басты қызметі – қоғамдық пікірді қалыптастыру болса, балалардың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына да масс-медианың ықпалы зор екені айқын. Журналист ең алдымен қоғамға қызмет етуші тұлға. Сондықтан оның еңбегінің әрбір жемісі адам бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбекқорлықты сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын дамытуға қызмет етуі керек. Бүгінгі таңда жастар өмірін теледидарсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан телехабар мағынасыз жасалмауы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар жоғары білімділік пен біліктілікті, қоғамдық-саяси белсенділігін таныта отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына көмектесуі тиіс. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарына – газет, журнал, телевидениеге қоғамның ертеңіне кепіл болатын жас ұрпақты тәрбиелеуде жүктелер жауапкершілік мол.
Бұл мәселе қазіргі кезде тек біздің елде ғана емес, әлемді толғандырып отырғаны ақиқат. Жаһандастыру үрдісінде жарқын болашақ үшін әлем лаңкестік, нашақорлық, түрлі ауруларға қарсы бірігіп күресуде. Осының барлығы дерлік адам, әсіресе жас ұрпақ психологиясына ерекше әсер етеді. Сондықтан біздің ғылыми зерттеуімізде негізгі қарастырып отырған мәселе де осыған үндес.
Бұл бітіру жұмысымызда негізгі қарастыратынымыз - шетелдердегі балалар журналистикасының ерекшеліктері. Осы тақырып аясында жұмыс істей отырып, біз шетелдегі балаларға арналған телебағдарламалар арқылы өз еліміздегі балалар бағдарламаларының балалар тәрбиесінде атқарып отырған қызметін сараптаудан өткізуді ұйғардық.
«Балалық шақ күн сайын айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында немесе жаңаша қабылдау. Туған жерді, Отанды тану осы қабылдаудан өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам жанының сұлулылығы мен дүниеде ешбір асыл затқа теңдесі жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден басталады» деп жазады ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Осы пікірге сүйенсек, балалар журналистикасында қантөгіс, күш көрсету, қорқыту, ұрып-соғу, ұрлау, сабау сияқты көріністерді көрсетуге немқұрайдылық танытпауымыз керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биотехнология | 3 жіпшелі цианобактерия дақылдарын зерттеу

Қазіргі кезде Қазақстан мұнай өндіруші мемлекеттердің бірі болғандықтан, оны өңдеу, тасымалдау кезінде сөзсіз мұнаймен қоршаған орта ластанды. Қазір осы экологиялық проблемаларды шешу ең негізгі шаралардың бірі болып отырғаны анық.
Қазіргі кезде экожүйені тазалауда қолданылатын перспективті әдістердің бірі биотехнологиялық әдістер болып табылады, яғни биопрепараттар негізінде биоремедиациялау.
Биоремидияцияда көбінесе трофикалық дәрежелері әр түрлі аралас дақылдарды қолданылады: фото-, авто- және гетеротрофтар себебі олар ластаушыларға полиспецификалық әсер етеді. Соңғы кездерде мұнаймен ластанған жерлерді тазалау үшін цианобактериялық дақылдарды қолдану туралы жұмыстар шықты, олар өз алдында табиғатта басқа микроорганизмдармен ассоциация түрінде кездеседі. Мұнаймен ластанған топырақта цианобактериялардың тіршілік етуі туралы мәліметтерді көптеген ғалымдар келтіреді. Бұның мәні цианобактериялардың көмірсутек тотықтырушы бактериялардың мутуалисті байланысы мен жоғарғы дәрежеде бейімделгіштігімен түсіндіріледі.
Табиғатта цианобактериялар микроорганизмдармен консорциум түзеді,әртүрлі сыртқы қолайсыз жағдайлардан осы организмдердің кооперациясы қорғайды. Ассоциаиялардың бұлай болу себебі тікелей цианобактериялардың сонымен қатар олардың серіктес бактерияларына да байланысты. Осындай қосылыс түрінде болуы бұлардың адаптациялық ерекшеліктеріне әсер ететін болар. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тәуелсіздік – қазағымның ұраны (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет.
Бөлім тақырыбы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – қазағымның ұраны
Оқу бағдарламасына сілтеме: А/И2. Автор бейнесі
Сабақтың мақсаты: Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Құрмалас сөйлем оның түрлері жіктелуі

Құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралады. Атқаратын қоғамдық қызмет жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір: екеуі де ойды (бірі — жалаң ойды, екіншісі — күрделі ойды) білдіреді, ойды жарыққа шығарады, оны басқаларға білдіреді, сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара түсінісу қызметін атқарады. Сөйлемнің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында болады.
Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке сөздерден құралады. Бұл — жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің құрылысы, құрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұдардың бір-бірінен мағыналық өзгешелігі — жай сөйлемнің жеке бір ойды білдіріп, құрмаластың күрделі ойды білдіруінде.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы үшінші айырмашылық олардың айтылуында: жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады; құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады. Басқаша айтқанда, жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгілі шамада болса да аяқталған ойды білдіреді де, өз алдарына бір бүтін болып саналады. Құрмалас сөйлем сыңарлары интона-циялық жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады.
Жай сөйлемдер:
Зұлқия келген жұмысын баяндап отыр. Оның алдында бірнеше хаттар жатыр. (М.И.)
Құрмалас сөйлем:
Басқарма мәжілісінен шығып, Мамыт пәтеріне қарай беттеп келе. жатты. (М.И.)....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0