Айырбас бағамы ырыққа көнбей кеткен доллардың тұрақсыздығы көлік саудасына да кері әсерін тигізуде. Сатушылар доллар өскен сайын, көлік бағасын түзетіп, төмендетіп жазуға мәжбүр деп хабарлайды 31 арна.
Барлық кітаптарда алғысөз әрі бірінші, әрі ең соңғы нәрсе; ол не кітаптың жазылу мақсатын түсіндіреді де, не дәлелдер айтып сынға жауап береді. Әдетте оқушылардың рухани жағында да, журналдардың сөккенінде де жұмыстары болмайды, сондықтан олар алғысөзді оқымайды да. Әсіресе бізде мұның былай болуы өте күйінішті. Біздің халқымыз сондай жас, сондай ақкөңіл ғой, мысалдың аяғынан ақыл айтқан сәуегейлікті таппаса оны ұға алмайды. Олар қалжыңды түсінбейді, мысқылды сезбейді; олар асылында қисық тәрбиеленген. Олар осы күнгі білімпаздық бұрынғыдан гөрі өткір және көзге түсе қоймайтын, мақтау пердесін жамылып отырып, қарсыласуға мұршасын келтірмей тура соғатын құрал тапқанын, сондықтан тәуір орта мен тәуір кітапта балағатқа орын болмайтынын әлі білмейді. Біздің халық біріне-бірі қарсы екі орданың төңірегіне жататын екі дипломаттың әңгімесін естігеннен кейін, е, бұлар өздерінің сыпайы достығы үшін әрқайсысы өз үкіметін алдап жүр екен ғой деген қорытындыға келетін провинциалдарға ұқсайды.
Бұл кітап жуық арада бірқатар оқушылардың, тіпті, журналдардың сөздің тікелей мағынасына сену зардабын тартты. Біздің заманның геройы тәрізді адамгершіліктен жұрдай біреуді бізге үлгі етіп тартты деп біреулер өте қатты намыстанды, ал, енді біреулер шығарушы өз портретін және өзінің таныстарының портретін суреттеген екен десті... Тым ескі, бишаралық қалжың! Шамасы, өзіндегінің бәрі жаңарып жатқанда осы бір сандырақтары жаңармайтын болған-ау, русь тегінде солайша дүниеге келген ғой. Сиқырлы әңгімелердің ішіндегі ең барып тұрған сиқырлысының өзі де бізде біреуді балағаттау үшін жазылыпты деген даудан аулақ бола қояр ма екен! .....
Бұлыңғыр күнде тынбай себелеген ақ жауын. Жер қара, дүние бозғылтым. Балдағын тас еденге тақылдатып Атымтай перронға тағы шықты. Жел тұрып, суық жаңбыр енді бетінен қарсылай шапалақтады. Мойнына сорғалаған жаңбыр суын елемей, ол поезд келетін батыс жаққа тесіле қарады. Келетін мезгілінен кешіккеніне үш сағаттан асып барады. Семафорға дейін ештеңе көрінбеді. Атымтай ақырын күрсінді де вокзалға қайта кірді. Әйелі Бибіғайша поездың жоғын ерінің томсарған қатыңқы реңінен байқады да, теріс бұрылып кетті. Жанында тұрған анасына таңдана, үрке қараған балдырған бөбегі Хасенді көтеріп алып, бауырына қыса, қайта-қайта бетінен, маңдайынан, тамағынан құшырлана сүйе бастады. Еріне қарағанда әйелдің бетінде қаншалық қайғы көрінсе, баласын сүйгенде оның жүзінен соншалық шаттық аңғарылады. Қайғысы, қуанышы аралас ұлан-асыр шаттық! Атымтай әйелінің мұндай түрін көруге шыдай алмай, далаға қайта шығып кетті. Әйелін, баласын осы шулы облыстық қаладан тез-ақ алып кетуге бар, әттең, поезд келмей-ақ қойды.
Рота командирі Атымтай Батыс-Теріскей майданында төрт жыл өмірін өткізді. Жеңіс күнінен бір жеті ғана бұрын аяғынан қатты жарақаттанып, ауруханаға түскен. Содан сентябрь айында ғана жазылып шықты. Кеудесі орден мен медальға толған жаралы ер соғыстан бұрын өзінің кен бұрғышысы болып жұмыс істеген руднигіне бармай, осы облыстық қалаға бірден тартқан. Оған себеп: өзі әскерге кетісімен туған бөбегін алып әйелі осы қалаға көшкен-тін. Атымтайдың бұл сапары — сол әйелі мен баласын іздеп келген беті. .....
Екеуі де бірдей жоғары білім алып, екеуі де адам жанына арашашы болар мамандықты өз өмірлеріне серік етіп алған, Астана қаласында еңбек етіп жатқан ініміз бен келініміздің өмір жолға бірге қадам басқан тойларының да, міне, бүгін өсіп келе жатқан кейінгі ұрпаққа үлгі берер шамшырағы жағылған сәт. Алты ата Әлімнен өрбіген Асанның Баймырзасынан тарайтын осы үйдегі ағамыз бен жеңгеміздің, он екі ата Байұлының Жаппас атты іргелі бір елінен өрбіген құдаларымыздың көзінің қарашығындай қос перзенті бүгін бас қосты. Осынау Той иелеріне қуаныштарыңыз құтты болсын дей отырып, бүгінгі тойдың себепкері болып отырған екі жас – ендігі отағасы атанар ініміз бен Баймырзадай іргелі елге келін болып түсіп отырған келінімізге бүгінгі көтерген Ақ отауларың құтты болсын дейміз! Бүгінгі өздеріңе тапсырылғалы отырған .....
Ұлы Жеңіске 71 жыл Жеңіс! 1945жылдың 9 мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты. Кеңес одағының тұрғындары бес жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түнде бүкіл жігерімен жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман мен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты. Отан қорғауға ерлер мен әйелдердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдер де Отан үшін күресіп , жауға қарсы тұрды.Қазақстанның екі батыр қызы М. Маметова мен Ә.Молдағұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із ,жазылмас жара қалдырды» деп өз ойын айтып еді. Атабабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті. Біз енді осы ата-бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда. Қазақ халқы Ұлы Отан соғысында болған оқиғаларды көре және біле отырып ,жайбарақат отыра алмайды. ......
Қазақстанды күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің "Қайран елім" атты әніне түсірілген бейнебаяны желіде жарық көрді деп хабарлайды nur.kz порталы.
Жарыс алдында салмағын есептейтін кезде спортшылар бір күн ішінде артық салмақтан арылып үлгеруге тырысады. Осы секілді бойжеткендер де бір күн ішінде арықтағысы келетін кездер болады. Киетін киімінің сыймай қалуы себеп болуы мүмкін. Кезекті материалымызды 1 күн ішінде 2 кг салмақтан арылу тәсілдеріне арнауды жөн көрдік.
1 күн ішінде 2 кг салмақтан арылуға болады. Ең тиімді тәсіл деп «ашығуды» айтамыз. Адам баласының ағзасы бір күн аштыққа шыдай алатындай құрылған. Тіпті бір апта сусыз, екі ай тамақсыз өмір сүре алады екен. Егер сусыз жүре алмаймын деп ойласаңыз, тек тағамдардан бас тартуыңызға болады ......
Қылышымен қорғап байтақ даласын, Бір жаратқан артық еткен бағасын Мен қазақпын мекен еткен осынау, Алтай менен Атыраудың арасын. Р. Зайытов Ғасырлардың сан мыңдаған көшіндегі қазақ халқының даму тарихы өзгеше. Азаттықтың ауыр жолында тағдырлары өлшеусіз күреспен өткен қазақ ұлтының жанының тек еркіндікті аңсауы да осыдан болар. Ұшы қиыры жоқ кең далада көсілген, емін-еркін өмір сүріп сол даланың тарланына айналған қазақ үшін......