Он мыңдаған алматылық «Абай бол» әлеуметтік бастамасының қатысушысы атанды

23.11.2015 Алматы. Hyundai Auto Kazakhstan дистрибьюторы «Астана Моторс» ҚМК мен «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығы (ЖҚҚҚ) құрамында «Абай бол» әлеуметтік бастамасының нәтижесін шығарды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған аталған кампания аясында төрт ай бойы түрлі жастағы он мыңдаған алматылықты қамтыған бірнеше жоба жүзеге асырылды.

«Абай бол» бастамасын жүргізу үшін Алматының мақсатты түрде таңдалынып алынғанын атай кету керек, себебі еліміздегі әрбір үшінші дерлік жол-көлік оқиғасы осы қалада тіркеледі. Қазақстан Республикасы.....
Жаңалықтар
Толық
0 0

Уақытша тіркеу деген не және ол үшін қандай құжаттар керек?

Қазақстанның өзге қаласына уақытша тұру үшін барған кез келген қазақстандық міндетті түрде сол жерде тіркелуі керек. Бұл талапты орындамаған азамат 16 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта айып төлейді деп хабарлайды Егемен Қазақстан.

Жаңалықтар
Толық
0 0

Ертегі: Жақсы әйел жаман еркекті түзейді

Бұрынғы заманда Тәкір деген бір хан өзінің сүйікті уәзірін шақырып алып:

— Бүгін төбемнен бес қаз өтті, қаздың алдындағы біреуі артқы төртеуіне бір сөз айтты, сол сөзді тауып бер, егер таба алмасаң, өлтіремін! – дейді. Табуына үш күн кеңшілік беріпті. Үш күнде уәзір үлкен-кіші халайықтан сұраған екен, ешкім таба алмапты. Оны Тәкір ханның қызы біледі екен. Уәзір өзінің қызын жіберіп сұратады.

Ханның қызы айтады:

— Айтуға мен өзім де қорқамын, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Баубек Бұлқышев | Өмір мен өлім туралы


(Майдандағы қазақ жасының дәптерінен)

Адам туады, адам өледі. Мұнда тұрған қайғы не? Бұл — жаратылыс заңы. Біздің шығыс елдері: «Адам — дүниеге келген қонақ, біраз қонақтадық, аттануын керек», — деседі.

Бірақ адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді: ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады. Ол өмірге адам болып келіп, адам күйінде қайтады.

Мен — ұлы жиырмасыншы ғасырдың жасымын. Бүгін мен өз жайымды әңгіме еткім келеді. Өйткені бір жағымнан кек қысып отыр да, екінші — үлкен бір қайғым да бар. Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілердің біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болғаны.

Кек неге қысады дерсіздер, оны да айта кетейін. Жастық шақ маған бір-ақ рет берілмеп пе еді? Сол кезімді әлдеқайда түнерген қара күш жұлып әкетпекші. Ол жастықтан бір айрылсам, ол қайтып оралар ма? Оралмайтынын мен жақсы білем, аһ, тіпті жақсы білем! Біз, жаста.р, өмір сүруге асығатын едік, жастық шағымыздың іші - тысы бірдей мағыналы болсын деуші едік қой, солай емес пе, құрбыларым? Міне, сол қымбат шағымызды фашистер тонап алғысы келеді, балдырғанды бақшаға өрт салғысы келеді. Мен осыған кектенем.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Тылсым түс)

Ғарыштан шашылған күйге бір,
Сенімен түсімде биледім.
Аппақ нұр дірілдеп иеді,
Біз тұрған нүктенің жиегін.
Сол бір сәт...шуақты түсімде,
Біз ендік періште пішінге.
Бұйығы бұлттардың ішінде,
Айналдық ақ көбік.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов (Комплекс жүйе ме, әдіс пе?)

Орыс білімпаздарының кейбірі комплекс – «әдіс», кейбірі – «жүйе» деп жүр (әдіс – метод, жүйе – система).

«Әдіс» деп алу керек деушілердің дәлелі, комплекспен оқытқанда, құбылыстар бір-біріне байланысқан, пайда болған, дамыған, еңбек шаруаға негізделген түрінде түйдек зерттеледі. Ғылымда мәселені бұлайша.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Елордаға жұмыс іздеп барған шымкенттік тұрғын Астананы «тоқалдардың» қаласына теңеді

Шымкенттік тұрғын Астанада жұмыс істеп жүрген кезін еске алып, бас қала туралы жағымсыз ойымен бөлісті. Елорданы «тоқалдар» қаласына теңеген ол бұл туралы пікірін nur.kz порталының өңірдегі тілшісіне айтып берді.
Жаңалықтар
Толық
0 0