Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қош келдің Жаңа жыл

Балалар әуенмен ішке кіреді
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық

Құрметті бүлдіршіндер, ата - аналар, ұстаздар. Көптен күткен қуанышты мереке жаңа жыл келе жатыр. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Барлығымызға бақыт, береке, көп қуаныштар, жақсылықтар әкелсін! Жәнеде осы жаңа жылға арналған бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Біздің бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға шашуы ретінде «Кукарелла» биін билеп береді.

Тәрбиеші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Тәрбиеші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Құрбандық шалу дұғасы

Құрбандыққа шалынатын мал тек Аллаһ үшін болуы міндет. Соятын адам малдың жүзін құбылаға қаратып аяқ-қолын байлап:
«Бисмилләһ, Аллаһу Әкбар» айтып бауыздайды. Ескерту: соятын адам дәретті болып және пышағын жақсы өткірлеп алсын.....
Дұғалар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Кел ойнайық балақай

«Кел, ойнайық, балақай!»

Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат!
Қолда өсір - ұстай көрме алыста жат.
Мейірімді, таза болса тәрбиесі,
Баланың еркін өсер тәртібі-есі
Жүсіп Баласағұни


Жоба түрі: ойын түрлерін пысықтау.

Мерзімі: қысқа

Жобаға қатысушы топ: «Балдырған» ортаңғы топ

Жобаның өзектілігі:

1. Әдеби жобалардың көбеюіне үлес қосу, мектепке дейінгі балалардың оқу сауаттылықтарын дамыта отырып, икемділікке, ептілікке баулу.
2. Ата–аналармен бірлесе жұмыс істей отырып, балаларға ұлттық ойындар мен қазіргі ойын түрлерін меңгерту.
3. Жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгеруге болатынын және өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден - бір құралы тіл екендігін таниды.

Мақсаты: тілін дамытып,анық сөйлеуге үйретіп, сана сезімдерін қалыптастыру. Қиялын дамыту, ептілікке, алғырлыққа, білгірлікке баулу. Бойларына мейірімділік, достық, бауырмалдық сезімдерін дарыту.

Міндеті:
- баланың лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
- әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін түсінуіне қажетті іскерлік – дағдыларын қалыптастыру;
- тілдің қоғамдық маңызын түсіндіру, халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, логикалық ойлауын, қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- таным белсенділігін күшейту;
- тіл фактілері арқылы баланың рухани дүниесін жетілдіру, адамгершілікке тәрбиелеу;
- қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан білім негіздерімен қаруландыру.
Осы аталған мақсаттар мен міндеттерді және қамтылған тақырып мазмұндарын қолдану барысында баланың сөздік қоры дамып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Күтілетін нәтиже: Балалар анық сөйлеп, қоршаған ортада өзін–өзі тәрбиелеп, бағалап, қимыл–қозғалыс, ойындар әрекеті арқылы белсенділігі артады, халық ауыз әдебиетінің түрлерін саналарына меңгеріп, шығармашылық қабілеттері дамиды, мейірімділікке үйретеді......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Патриоттар

Жігіт туды үйінің төріне іліп қойды да, келіншегіне қарап:
- Қарашы, қандай болып тұр екен? - деді.
Келіншегі туға қарап тұрды да, былай деді:
- Жаным, алып тасташы, ұятты жұрттан.
- Неге?
- Қойшы, кімді көрдің, үйінің төріне ту іліп қойып отырған?
- Ой, сенің осы мінезің-ай, жоқ нәрседен......
KZ
Толық
0 0

Бойыңызды өсіргіңіз келсе

25 жасқа дейін адамның бойы өсетінін жақсы білетін шығарсыздар. Ал одан кейін бойыңыз отырмаса, өсуі екіталай. Ал егер сіз 25 жасқа толып, ұсынғалы отырған қағидаларымызды ұстансаңыз, сіздің ағзаңызда үлкен өзгеріс пайда болып, бойыңызды бір қалыпта ұстай аласыз. Белтемірге көп тартылатын адамның бойы тез өседі деген сөзді жиі естиміз. Алайда бойдың өсуі тек белтемірге байланысты емес. Егер салауатты өмір салтын ұстанып, денеңіз бен бұлшықетіңізді қатайтатын жаттығулар жасасаңыз, бойыңыз өзгелерден ұзын болып өседі.......
Кеңестер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Технология | Ұлттық киелі киіз үйдің жасалу технологиясы

Негізгі бөлім
Киіз үй - «Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй - тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем емес екен. Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы - жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады. Ал XII - XIII ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда, Ақ орда, Көк орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш.Уәлиханов айтқан......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0