Мұрын қанағанда оқылатын дұға

Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!
Иә мән һууа лиман даъаһу мужибун. Иә мән һууа аътаһу хабибун, иә мән һууа лиман ахбаһу карибун. Иә мән һууа лиман арадаһу ъалимун. Иә мән һууа фи инсинаһи кадимун. Иә мән һууа фи лутифиһи муқимин, иә мән һууа лиман ражаһу каримун. Иә мән һууа фи муқадири хакимун. Иә мән һууа лиман аътаһу халимун. Иә мән һууа фи ъаза матиһи ъазимун! Субханака иә лә иләһа илла әнта һаласна минәлъамми уә әлһум уәннари иә рабби!
Дұғалар
Толық
0 0

Бас ауруын қайтару дұғасы

Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!
Иә мән иәрә уәлайура, иә мән иәхлуку уәл йухлақу. Иә мән иәһди уәлә йуһда, иә мән иәкйә уәлә йуха. Иә мән йутъиму уәлә йуъаму, иә мән йужиру уәлә йужару. Иә мән иәқзи уә лә, иә мән йухкуму уәлә йухкаму. Иә мән йухсину, уә лә йухсану. Иә мән лам иәлид уә ләм йулад уәләм иәкул лаһу куфууан ахад.....
Дұғалар
Толық
1 0

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстандағы урбандалу мәселесі мен оған баға беру (9 сынып, III тоқсан)

Пәні: География
Бөлімі: Демография
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы урбандалу мәселесі мен оған баға беру
Сабақтың мақсаты: 9.4.1.11 - урбандалу үдерісінің себеп-салдарын түсіндіру арқылы байланысты проблемалардың шешу жолдарын ұсынады;
9.4.1.12 - Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға береді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Балалық шаққа саяхат


ҮЗІК-ҮЗІК СУРЕТТЕР

Жаз. Жайлау. Шұбала қонған киіз үйлер. Қанаттас бір ауылға апам мені жетелеп, қыдырыстап келген. Үш-төрт әйел үйде шай ішіп әңгімелесіп отыр да, мен сыртта асық ойнаған балалардың қасында қызықтап қарап тұрмын.

Ересектеу баланың бірі кенет иығымнан жұлқып қалды:

— Әне, сені тастап, шешең кетіп бара жатыр!

Ауылдың ортасын қақ жарып, тарам-тарам соқпақ жол өтеді. Сол жолмен түйеге мінгескен екі әйел соқтырып кетіп барады. Екеуі де кимешек киген. Артындағысы аумаған менің шешем. Мені бөтен ауылда қалдырып, жөнеп барады.

Мен шешемнен өлмей қалармын.

— Ала! Ала! — деп артынан қуып бердім. Құлындағы дауысым Құдайға жетіп, бақырып жүгіріп келем. Аяулы шешемнің маған бұрылып қарағысы да келмейді.

— Aпa! Апа!

Бақырудан өңешім жыртыла жаздайды. Жол шетіндегі үйлердің адамдары бәрі маған қарап қалған. Тек шешем ғана қарамайды. Ұзын аяқтарымен тайраңдай желген жүрдек түйе оңайлықпен жеткізбейді.

Бір әйел көлденеңнен дауыстап:

— Әй, қатын, балаң жылап келеді! — деді.

Шешем енді ғана маған жалт бұрылып қарады.

Сөйтсем, шешем деп жылап келе жатқан адамым мүлдем бөтен... Алдындағысы да мен танымайтын басқа әйел.

Өз шешем сол әлгі шай ішкен үйде отыр.

Уақыттың көбін су бойында өткіземіз. Су бойында ойнаймыз. Міне, енді қалжырап үйге қайтып келем, қарнымда түк қалмаған, ашпын.

Шешем құр талқан берді. Дәмсіз қара талқан. Жейін десем, тамағымнан жүрмейді...

Біздің ауылдан жоғары бір шақырымдай жерде Киікбай ауылы. Сонда күйеуге тиген немере әпкем тұрады. Қалай келгенімді білмеймін, сол үйде қазанға қарып жапқан күйелештеу нан жеп отырмын.

Бір кезде есіктен шешем кіріп келді. Мені көріп, жылап бас салды. Неге жылайтынына түсінбеймін.

Сөйтсем, шешем мені аяқ астынан жоғалтып алған. Бүкіл ауылдан іздеп таппаған. Суға ағып кеткен деп ойлап, есі қалмаған.

Бұдан аз бұрын шешем мені осында ертіп келіп, нан жегізген екен......
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз Қазақстан

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толады. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік ерлікпен қаза тапқан аға–апаларымыз Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е.Сыпатайұлы, С.Мұхамеджанқызы. Қ.Ноғайбайұлылардың арқасында келді. Қазақстан Республикасы 1991 жылы Тәуелсіздік мемлекет болып жарияланды. Қазіргі таңда біздің еліміз бірлігіміз жарасқан көп ұлтты мемлекет.

Біз еліміздің болашағымыз, сондықтан елімізді қорғауымыз, сақтауымыз керек. Мен өз елімді сүйемін, құрметтеймін.......
Шығармалар
Толық
0 0