Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Көкемарал гүлдегенде

Жабыны жауға мінбе жалды екен деп,
Жаманмен жолдас болма малды екен деп.
Баласын қазанаттың бақпай қойма,
Жем түсіп аяғынан қалды екен деп.

(Халық өлеңі)

Күні кеше бұл екі колхоздың арасына жаяу жүгіріп кете беруші едік. Енді жұрт машинасыз бір адым аттамайды. Бұл күнде екі арадағы жалғыз аяқ суыртпақ жол да жоғалған.

Былай шыға бере шофер жігіт саусағын шошайтып:

— Бензин таусылды. Қайтар жолыма бензин тауып бермесеңіз, мен жолда қаламын, — деп зарлады.

Ықылық ата ішіп алғанын көріп отырмын. Онымен айтысып оңбайсың: — көрерміз, — дей салдым.

Машина оқалақтаған сиыр құсап ойқы-шойқы жортып келеді. Бензин орнына багына арақ құйылғандай.

— Директордың бұйрығы бар, — деді шофер рульден қолын ала беріп саусағын шошайтып, — көлік «налево» жүрілмесін деген. Білсе, мені жұмыстан қуады.

Елге келгенде осы Шоңқарадағы Әдия әпкеме жолықпасам, бірдеңе жоғалтып алғандай боламын да тұрамын. Келуін келемін-ақ, енді көрші колхозға қайтарда көлік қинайды.

Жаңа жиеніме айттым: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабит Мүсірепов | Тастың әңгімесі

Мен қара мрамор, қара таспын. Адам қолынан өткен соң айнадаймын. Алдымдағының бәрін көремін, түгел көремін. Адам күнге қарай алмайды. Мен қарай аламын. Адам қызыға қарайды, қуана қарайды, қорқа қарайды. Мұның бірі де дұрыс көру емес. Менде ондайдың бір да жоқ, мен анық көремін. Мен түнде ғана көре алмаймын.

Мен қара мрамор, қара таспын. Көргенімді ғана айта аламын. Мен адамның қуанышын да сезінбеймін, қайғысын да сезінбеймін. Менде көргенімнен бұзылар көңіл де жоқ. Мен қалай көрсем солай ғана айта аламын. Менің куәлігімнен адам өзі қандай қорытынды жасар, оны адамның өзі білсін.

Ол мейрам күні емес-ті. Бұл кезде бұл елде мейрамға ұқсар еш нәрсе жоқ-ты. Соғыс салмағынан жаншылып, жеңіліс азасын енді ғана сезіне бастаған ел езу тартуға ұялатын. Менің алдымнан ылғи жабырқау адамдар өтіп жатты. Көпшілігі балғын жастар, оқушылар, әйелдер мен кәрілер. Жемірілген өкшелер, жырым-жырым шалбар балақтары өтіп жатты. Қабақтары түюлі, үсті-бастарына қара май, көгалжім, сарғылт бояулар жұққан, шалбар тізелері бұлтиып кеткен жұмыскерлер мана, күн шықпай өткен.

Соғыстан бұрын қыздар менің тұсымнан өткенде көздері бір жарқ етіп қалушы еді, қазір ол да жоқ. Балалар мойны жіңішкерген, әйелдер еңсесі түсіңкі, барлық адам кішірейіп, шөгіп кеткен. Бірен-сарандаған соғыс машиналары үн шығармай, ұрланып қана кетіп барады. Бұған дейінгі кеудем соқ, әлгі жүрістің уақыты өтіп кеткендей.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері №1 (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері №1
Оқу мақсаты: 10.4.1.6 дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдау
10.1.1.2 зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді қолдану.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ актрисасы 100 жасында киноға түсуге шақырту алды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 100 жасында «Қазақфильм» киностудиясынан киноға түсуге шақырту алды, — деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Көлікке мінгенде айтылатын дұға

«Бисмилләһ, әлхамдулилләһ». Яғни, Аллаһтың атымен бастаймын, Құдайға шүкір деген мағына. Мұнымен қатар, Аллаһқа тәуеп етіп, бәлекеттен аман-есен сақтай гөр, деп сиынып шығу.....
Дұғалар
Толық
0 0