Қазақстандық жұлдыздар Валентин күнін қалай атап өтті?

Қазақстандық жұлдыздар да Валентин күнін айналып өтпей, сүйіктілерін құттықтауға асықты. Бір құшақ гүлін қолына алып, ғашығына жылы сөздерін арнаған әртістер суреттерін әлеуметтік желіге жариялап та үлгерді.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Әңгіме: Тәрбиеге көңіл бөлейік ата ана

Бүгінде ел жұртты дүрліктірген атышулы «Синий кит» не «Тихий Дом» деп аталып жүрген интернет ойыны ата-ананы да, мектеп мекемесін де, мұғалімді де біраз әбігерге салды. Олай болатыны да орынды. Мәселе – балалар мен жасөспірімдер арасында туындағанымен өзекті. Суицидке саналы түрде жетелейтін бұл сұмдық, қауіпті психикалық ойынның БАҚ-та тарағаны сол еді, мектеп басшылығы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында әрбір оқушыдан жаппай сауалнама алып,тағы бір интрига жасады. Ойын туралы естімегендер керісінше одан ары қыза түсіп, ол ойынның қандай тартымдылығы барлығына екі есе құмарта түскен сияқты. Тап бір секта сияқты өзіне баурайтын ойынның құмарына қаныққысы келгендер де болғаны анық. Әр жамандықтың артында бір жақсылық тұрады демекші, «Синий киттің» сырлы таяғы сынды: ресейлік желідегі топтың басшысы Филипп Вудейкин құрықталды деп істі жылы жауып қойдық. Статистика бойынша, бұл ойынның құрбанына айналған Ресейдің әр аймағынан 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің өлімі тіркелкен. Ал Қазақстанда «ҚР ІІМ мәліметінше, 2016 кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер бойынша тоғыз қылмыстық іс жүргізілген, алайда олардың әлеуметтік желі арқылы жасалғаны расталған жоқ» - деген мәлімдеме жасалды. Сонда біз өз балаларымызды өлімге қиған кезден бастап, қозғалуымыз керек пе? «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» ғой, демек, қоғамда орын алып отырған бұл фактор әр балаға қалай болса да әсер етері анық. Балаларыңызды қорғаңыздар, ата-ана! Олардың болашағы – сіздердің қолдарыңызда! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Логопедиялық түзете – дамыту жұмыстарында жаңа технологияларды қолдану ерекшеліктері

Логопедиялық түзете – дамыту жұмыстарында жаңа технологияларды қолдану ерекшеліктері
Сөйлеу тілі бұзылыстарының бірнеше түрлері бар. Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің түзете қалыптастыру аспектісі балабақшаның арнайы топтарындағы тәрбиелеу оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Логопедиялық түзету педагогикалық әсер ету - балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықты түзетуге және де мектепте оқығандағы кездесетін қиындықтардың (сауат ашуға дайындық дисграфияның алдын алу, танымдық процестерін жетілдіру және мектепте оқуға тұлғаның дайындығын қамтамасыз ету) алдын алуға бағытталған.
Тіл кемістігі – балалар арасындағы кең тараған патологияның бірі болып саналады. Сондықтанда оларға кешенді көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру маңызды жұмыстардың бірі. Көмек медициналық тұрғыдан да, яғни емдік – сауықтыру шараларын ұйымдастырумен қатар арнайы педагогтар тарапынан біріккен түрде болғаны дұрыс. Қолданылатын әдіс - тәсілдер өте көп. Дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлері күнделікті жұмыста олар ретімен қолдануда. Бірақ заман үрдісіне сай жаңа технологияны қолдану бала зейінін шоғырландыруға, танымдық қабілетін арттыруға, тіпті ақыл – ойының дамуына тежеулік бар бала үшін де өте ыңғайлы, яғни жаңа компьютерлік технологияны қолдану жаңа заманның жаңа үлгідегі әдіс – тәсілдері деп айтуға болады. Қазіргі таңда логопедиялық тренажерлар «Дельфа – 142, 1» кеңінен қолдануда. Логопедиялық тренажер дыбыстан басталып, мәтінге дейін толықтырылған. Бұл тренажерларды қолдану арқылы төмендегі логопедиялық міндетттерді жүзеге асыруға болады:
• Тыныс алуды реттеу;
• Дауыс күшін жетілдіру;
• Дыбыстың мұрын асты айтылуын түзету;
• Дауысты, дауыссыз дыбыстарды түзету;
• Дыбыстық анализ және синтез;
• Лексико – грамматикалық құрылымын қалыптастыру;
• Байланыстырып сөйлеуін дамыту;
• Сөздік қорын жетілдіру .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Аңшы мен сиқыршы әйел

Баяғыда аңшылықпен күн көрген бір адам болған екен. Бір күні аңға шықса, алдынан бір буаз киік ұшырайды. Оны атып алып, төс етін кесіп, отқа қақтап, бір кесіп аузына апара бергенде: «Әйт!» – дейді ар жағынан біреу. Жалт қараса, манағы киік:

— Менің жайымды Орманбет биден сұра! – деп, секіріп-секіріп жоқ болады.

Аңшы енді сол Орманбет биді іздеп табуға бел байлайды. Ол ұзақ жүріп Орманбет бидің ауылын табады, бірақ Орманбет би үйінде болмайды, қаңыраған үйі тұрады. Аңшы сұрастырып білсе, Орманбет бидің басқа бір жерде әйелі болады екен. Ол соған кетеді де өз әйелі оны қуып кетеді.......
Ертегілер
Толық
0 0