Осы шебер айла-тәсілдің арқасында мұғалім нашар оқушылардың санын азайтты

Мұғалім ерекше ойдың арқасында артқы партаға қашатын, нашар оқитын оқушыларға білімнің қаншалықты маңызды екенін түсіндіре алды.

Мектеп оқытушысы оқушыларына өмірлік маңызды сабақты жеткізе алды. Ол мұны іш пыстырарлық лекция арқылы емес, одан да қызығырақ, интерактивті жаттығулар арқылы үйретті. Оған бар-жоғы....
Кеңестер
Толық
0 0

Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар

Әрбір адам теңін тауып, бақытты отбасын құруды мақсат етеді. Бұл өз алдына оңай емес дүние. Шаңырақтың шайқалмай тұруы көп жағдайда әйел адамға байланысты.

Отбасының бақыты мен берекесі нәзік жандылардың қолында. Олай болса, төмендегі қағидаларды жадыңызға сақтаңыз:......
Кеңестер
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Ыдыс-аяқтар (қасық, дастархан, сүзгі, үстел, құмыра, ыдыс, термос, кесе, оқтау, пышақ)

Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.
Оқтау

Кесе-кесе мұқалды,
Жони-жони жұқарды.
Пышақ

Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Аузыңа тез асығар.
Қасық
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Қазақша реферат: Семей полигоны

Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605.Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында.......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Қыз қылығымен әдемі

Мен бұл мақаланы жазарда көп ойландым. Ойланып жүре берер ме едім...

Бірде бір ана маған былай деді: «Жалғыз ұлым бар. Ол әлі бала. Аузынан ақ уызы кеппеген. Ал қыздар мазасын алып, неше түрлі әңгіме жазады. Жауап бермесе небір әдемі сөздермен ар-намысына тиеді. Сіз не айтасыз осыған?»- деп маған сұрақ қойды. Үнсіз қалдым...

Қыздар арасында сауалнама жүргіздім. Төмендегідей сұрақтар қойдым:

«Қазақ қызы қандай болу керек? Қазақ қызына тән қандай қасиеттер бойыңда бар?

Ар, намыс дегенді нешінші орынға қояр едің? «Қылықты қыз» дегеннің мағынасы? «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе күңнен тыю» деген мақал- мәтелді қалай түсінесің?

Үнсіздік...Жоғарыда айтылған әңгімедегі кейіпкер қыздарымның жанарлары төмен, жүздерінде ұят өрті тұтанды. Бір қызарды, бір сұрланды. Қазақта қыз бала бірінші болып сезімін білдірмейтіндігін айттым. Ол үлкен ұят екенін түсіндірдім.

Біраз уақыт өткен соң, сол сұрақ қойған ана: «Ұлыма смс жазу тоқталды. Құлағымыз тынышталды,» -деп күлімсірейді.

Ішім алай-түлей. Мен де екі қыз тәрбиелеп отырмын. Біреуі 15-ке толды. Екіншісі әлі 4-те . Қыздарыма қандай тәрбие беріп жатырмын? Кешегі бізді тәрбиелеген аяулы анашымның тәрбиесін осы қыздарыма бере алып жүрмін бе?

Мен үлкен қызымның араласатын құрбы-құрдастарынан қызым туралы сұрадым. Ана жүрегінің жарылардай қуанышын, бақытын мен сонда сезіндім. Яғни мен өз анамның тәрбиесін аздап болса да өз балама бере алғаныма бақыттымын.

Мен мақаламда көп нәрсені жұмбақтадым. Себебі, айтылмайтын дүниелер болды. Есімдер жасырын қалды. Болған оқиғаның ізімен жай ғана ой тастадым.

Күнделікті күйбің тіршіліктің қамымен жүргенімізде қыздарымыз қараусыз қалып қоймасын. Өз баламызды тәрбиелеуге уақыт жетпей жатқанда, өзгелер тәрбиелеп, санасын уламасына кім кепіл? Қазақтың қара көздері қор болмай, мазақ болмай жүрсе екен деген аналық тілегімді өздеріңізбен бөліскім келді. Кешегі сұлу Жібектей, ару Баяндай, Әлия мен Мәншүктей ардақты, аяулы қара көздеріміз аз ба? Сол аруларымыздың салып кеткен сара, дара жолында ар-намысты биік түғырға қоятын қыздар бүгінде саусақпен санарлықтай ма? Ойланайық. Ойлана отырып, тығырықтан шығар жолды іздейік. Бақытты ананың мейіріміне бөленіп, шуағына шомылып өскен қыз бала сыпайы, ілтипатты, инабатты болмақ. Тәрбиенің тамырына салт-дәстүрдің, қазақы тәрбиенің құндылықтарын сіңіре білген жөн. Абырой мен ар-намысты бағалай алатын қыз баланы тәрбиелеп өсірсек,ертеңіміздің жарқын, болашағымыздың нұрлы болары сөзсіз.

Астана қаласы
Ғ.Қайырбеков атындағы
№2 мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Қасымғалиқызы Лаур .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Төлен Әбдіков | Өліара

БІРІНШІ БӨЛІМ

I

Басын Арқаның аласа тау сілемдерінен алып, шығыстан батысқа қарай садақша иіліп, баяу аққан Жыланды өзені бетеге, жусан, бұйырған өскен боз топырақты жазық дала мен сиыр таңдай құм төбелерді, ақ сорға айналған көлдің табандары мен қазан шұңқырлары алқаптарды басып өтіп, көктемгі тасқында Ащыкөлге құяр еді. Жаз айында суы кеміп, кей тұстары жиегіне қамыс, құрақ, арагідік шоқ–шоқ шілік өскен бірде тұщы, бірде ащы үзік–үзік қара суға айналады. Жағасы биік әрі құлама болғандықтан, суаттан басқа жері тіршілікке қолайсыз. Елдің көбі жайылым қуып, шашырай қонып, ауыз суды құдықтан ішіп, малды да құдықтан суарып әдет қылған. Қыста қар — суымен күн көреді. Әсіресе егіні жоқ, бірыңғай мал бағып, құм жайлаған шаруалардың өзен суына күні түсіп көрген емес. Әйтсе де солардың өзі «биыл Жыландының суы аз екен» десе, айдалада отырып уайым қылып, «көп екен» десе, «е, бәрекелді» деп қуанып, шүкіршілік етіп отырады.

Сол Жыландының «арғы бет» деп аталатын түстік аймағында елді мекеннен тым жырақ қоныстанған жалпақ ауыл сырттан келген адамдарға өздерін: «Қосымнан тараған бір атаның балаларымыз ғой», — деп таныстыратын. Бірақ қосым қайда, біреу қайда, бұл күнде біраз ата бір–бірімен қыз алысып, қыз берісіп, нағашылы — жиенді күйге ауысқан; жиын кеңесте бірін–бірі қажамаса отыра алмайды. Еріккен шалдар таяғымен жерді шұқып қойып, әлдебіреулерге: «Шірік неме, сені бүлдірген анау шөккен түйеге міне алмайтын жаман әкең ғой, сірә», – деп; егер пысықтау біреу болса: «Өзің бізге тартып адам болып жүрген шығарсың, егер аталарыңа қараған күн болса, біржола жынды болып кетер ме ең», – деп кеңк–кеңк күліп, қажаған адамының шақшасын сұрап, насыбай атысып отырар еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0