1829 жылдың жазғытұрғы бір жайдары күнінде жасы елулер шамасындағы кісі Гранд-Шартрезге таяу орналасқан үлкен елді мекенге қарай бет алып, өрлеу жолмен салт келе жатты. Бұл мекен — табаны тастақ, арнасы көбінесе құрғап қалатын шағын тау өзенінің аңғарында ұзыннан созылып жатқан, халқы тығыз кантонның орталығы. Қазірде қар суымен толысқан өзен аңғарды бойлай бұрқ-сарқ ағып жатыр, арнасы екі жақтан бір-біріне қарама-қарсы ентелеп келіп беттескен қос қыраттың ортасында қысылып қалған, үстеріне жан-жақтан анталап, Савойя мен Дофиненің шыңдары төніп тұр. Екі Морьенаның тізбек-тізбек жоталары, жалпы нобайлары бір-біріне ұқсас болғандарымен, жанағы бейтаныс кісі өтіп бара жатқан өңірдегідей жердің ала-құлалығын, дәл сол тұстағыдай күн сәулесі мен көлегей көлеңкенің құбылған ойнақылығын басқа ешқайдан табуға болмас еді. Біресе аңғар алқабы далия шалқайып кетеді де, жылдың қай мезгілінде де тау бұлақтарынан сусындаған құнарлы жердің нәрлі өсімдігі жап-жасыл кілемдей болып көздің жауын алып жатады; біресе алдыңнан су күшімен жүретін тақтай зауыттары көлденеңдеп шыға келеді де, оның әр жерде жайылып жатқан жұпыны құрылыстары, қабығы аршылған шырша бөренелерінің қоймалары жалт етіп көзге шалынады; жаңағы буырқана сарқыраған өзеннен бұрып әкеліп, ауқымды тақтай науалар арқылы ағызып қойған су шыжымдары және көрінеді. Әр жерде шашыраған лашық үйлер мәуелі жеміс бақтарына көміліп, еңбекқор кедейшілік жайындағы ойға итермелейді. Ал одан әрегіректе балықтың қабыршақтары секілді бір-біріне қабаттаса жабысқан дөңгелек қышпен жабылған қызыл төбелі шағын үйлер ұзақ жылдар бойғы еңбектің берекелі нәтижесін айғақтап тұрғандай.
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Cаяхат» Сабақтың тақырыбы: ъ (айыру белгісі) Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар:1.1.9.1. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау. 1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.3.9.4. Бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын үй жануарларына берілген атауларды) дұрыс жаза білу 1.3.12.2. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазу . Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білуге тиісті: Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру Оқушылардың көпшілігі: Бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын үй жануарларына берілген атауларды) дұрыс жаза біледі Дыбыстық талдау жұмыстарын дәлелдемелермен орындайды. Кейбір оқушылар: Тақырып бойынша өз пікірін білдіру және дәлелдеу үшін түрлі дереккөздерді қолдана алады. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазады .....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Батыр туса-ел ырысы Қобыланды батыр Оқу мақсаттары: 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу 3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау 3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді; Көпшілік оқушылар: кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтай алады, шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады; Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептеріне баға береді, сөйлеу барысында көркем- бейнелі сөздерді қолданады, шығармашылық жұмысын түрлі формада ұсынады......
Ақыл - шам, керек оған, май мен білте, Сасарсың кеш боп қалса, егер ерте. Кеш болмай күн бұрыннан жабдық сайлап, Қолына түсіре бер бірте - бірте. Кім мінер, ел......
Барлық игіліктерден ең ұлы – Тәуелсіздік У.Годвин Тәуелсіздік...Осы бір сөз әр қазақтың жүрегін тербелтпей қоймайтыны белгілі.Бүгінгі шуақты күнімізге жету үшін ежелгі дәуірдегі сақтардан бастап, біздің бабаларымыз талай қиындық көрді емес пе?!Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны; Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені;Мұрат ақынның «Еділді келіп алғаны – етекке қолды салғаны,Жайықты келіп алғаны – жағаға қолды салғаны» деп азаттықты жырға қосып,халыққа үн тастауы – Тәуелсіздік аңсаған елдің дауысы еді.Бүгінде сан ғасыр күресіп, бабаларымыздың қанымен қол жеткізген Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. «Өткенін білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр болмақ» демекші, арайлап атқан таңымыздың қалай туғанын әрбір қазақ баласының білгені дұрыс болар. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктері тарихта алтын әріптермен жазулы. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, қаншама қазақ батырлары өз өмірлерін қиып,қанды щайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз да қымбат,өткен кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер Ресей патшалығының озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді.Сан зұламатты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де, тосылып қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді.Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш пен биік рухқа әр кез таңданамын.Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра,ұрпаққа- ұран болып келе жатыр. Ұлт-азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалcы, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында біздің барлығымыз ашық аспанның астында өмір сүру бақытына ие болдық. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтуларынан, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз.Алматының алаңында өткен желтоқсан оқиғасының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жаужүрек жас Қайраттай өр мінезді еріміз болды. Қайрат, Ләззат сияқты ержүрек аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктері мен олардың аттарын айтпай кетуге болмайды. Тас қараңғы қамалда Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда, өлеңдері жүрегі «Мен қазақпын» деп соққан әрбір адамның жанына қуат беріп, патриоттық сезімін оятары анық......
Көз жасыңнан бес тамшы, Алты бояу күлкіңнен, Шарап жасап ұсыншы, айығайын дертімнен! Тынысымнан буға сен айналғанда мөлдіреп, Күлге айналып ұшайын жан шыдамас өртіңнен!
Күрсіністің демінен, Ұшқынынан бақыттың, Өлең өріп берейін.....