Бақытбек Есентаевтың әпкесі Назым Есентаева бұрынғы келіні Баянның атышулы кітабы туралы пікір білдірді. Назымның айтуынша, Баянның кітабы 50 пайыз өтірік жазылған деп хабарлайды nur.kz.
Үндістан — адамзат баласының ең көне мәдени ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтың мәдени мүраларын басқа халықтардың мәде¬ни жетістіктерімен ауыстырып алуга болмайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар. Ал осы бір ұлттық ерекшелік — үнді халқының мәдени дамуына өз ықпалын тигізбеуі тіпті мүмкін де емес сияқты. Бірақ, өкінішке орай, ежелгі үнді мәдениеті жайындағы толық мағлұматтарды тек соңғы кездерде ғана ала алдық. Біздің ғасырымыздың 20-шы жылдарын-да гана археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде палеотит және неолит дәуіріне жататын баға жетпес материалдық мәдениеттің ескерткіштері табылады. Инд өзенінің аңғарында жүргізілген қазба жұмыстары б.з.б. ІП-П~мыңжылдықтардың өзінде-ақ үнді жерінде мәдениеттің дамуының жоғары қарқын-да болғандығын дәлелдеп отыр. Б.з.б. III мыңжылдықтың аяғында қалыптасқан Махенджо-Даро (Синд, Пәкістан) және Харапа (Пенджап, Пәкістан) мәдениеттерінің ескерткіштеріне қарағанда ежелгі үнділіктер дөстүрлі тас құралдармен қатар мыстан және қоладан жасалған заттарды да кеңінен пайдаланған. Бұл алқаптың тұрғындары дүние жүзінде тұңғыш рет мақтадан иіріп, тоқуды игерген. Кене үнді зергерлері мен қышшыларының даңқы бүкіл дүние жүзіне кең тараған. Осы дәуірде таптық қарым-қатынастардың дамуы, мемлекеттер мен қалалардың пайда болуы, ал олардың өз кезегінде көршілес жатқан елдермен сауда-саттық қарым-қатынастарын жасауы, сөзсіз, қала мәдениетінің өрістеуіне колайлы жағдайлар жасады. ....
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта». Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:Тіл дамыту, көркем әдебиет. Тақырыбы: «Президент – ел тірегі». Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Официально датой рождения города считают 1593 год. Тогда на правом берегу реки Северский Донец по указу царя Фёдора Иоанновича был основан город-крепость, для защиты южных границ Российского государства от набегов татар. Крепость была сооружена на месте разрушенного ранее поселения Белый город. Историки считают, это название было связано с тем, что здесь находятся крупные месторождения мела. А по одной из легенд, князь Владимир Красное Солнышко основал поселение, находившееся ранее на месте, где был построен город. Этому князю и посвящён самый крупный памятник.....
Жас сәби науқастанып (иттиіп) қалса бұл Нас, Фалақ сүресін оқысын, және шошып қорқатын болса, ондай жағдайда сол сүрелерді оқығаны пайдалы. Пайғамбарымыз (с.а.с.) немересі Хасан мен Хусейінге мына дұғаны көз, тіл әрі дем есебін оқитын: «У-ъизукума бйкәлймәтил лаһит-таммати мйн кулли шайтанйн, уә һамматйн, уә мйн кулли ъайнйн ләмматин!».
Генуяның вокзал алдындағы алақандай алаңға қаптаған қалың жұрттың дені жұмысшылар болғанмен, бірақ араларында шүйдесі шығып, шытырая киінген адамдар да көп. Жиналған жұртты бастап тұрған муниципалитет мүшелерінің төбесінде қаланың шым жібекпен безеген туырлықтай тулары желбіреп, олармен қанаттаса жұмысшы ұйымдарының алуан түсті тулары да толқын ұрады. Судыраған жібек тулардың алтын оқалы шоқтары, шашақтары мен баулары жалт-жұлт етіп, сап сүмбілері жарқырап, көңілдері көлдей тасыған қалың нөпірдің ыңылдай салған әні күркіреген күйше гуілдеп тұрған болатын.
Қаптаған жұрттың үстінен қарап, биік пьедесталда, өз сеніміне бола қыруар қиыншылық шегіп, ақыр аяғы сол сенімінің арқасында жеңіп шыққан ойшыл Колумбоның бейнесі тұр. Қазірдің өзінде де жұртқа жоғарыдан көз жіберіп:
«Тек өзіне өзі сенген адамдар ғана жеңіп шығады» — деп, мәрмәр ернінің емеурінімен тіл қатып та тұрғандай өзі.
Оның аяқ жағын ала, күн көзіне шағылып, алтыннан аумай жалт-жұлт еткен жез кернейлерін пьедесталды шыр айнала саудырата жайып салып музыканттар отыр.
Мәрмәрдан айшық тәріздендіріп салынған вокзалдың абажадай зәулім үйі, жұртты тап бір аймалағысы келгендей, қанатын жая қалған. Порттан кемелердің алқына алған демі, су астында жұмыс істеп жатқан тетіктердің бүдірлеген дыбысы, шынжырлардың сылдыры, ысқырған және айқайлаған дауыстар келіп тұрғанмен, бірақ шыжыған ыстық күн сәулесіне малынған алаң үсті әрі қапырық, әрі жым-жырт. Үй-үйдің балкондары мен терезелерінен қолдарына гүл алған әйелдер, гүл-гүл жайнап әсем киінген балалар көрінеді.
Станцияға локомотив ағызып жетіп келіп, ақыра қоя бергенде қаптап тұрған нөпір селк ете түсіп, қанатын қаққан қара құсша, бірнеше мыжырайған қалпақ жұрттың басынан аса аспанға атылып та кеткен еді, музыканттар кернейлерін қолына алып, егде тартқан, салдарлы әлдебір адамдар желпіне басып, жұрт алдына шығып, беттерін топқа бұрды да, қолдарын оңды-солды сермеп, сөйлей жөнелді......