Мектеп. «Мектеп» деген сөзбен өмір жолы қиылыспаған адам кемде кем. Адамның ең ыстық шағы, балалық шағы мектеп өмірімен байланысты. Қазақстан Республикасының әр азаматының жеке тұлға ретінде қалыптасуы осы мектептің сусындатқан білім менінің арқасы.
Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады. Ұлы суреткер жазушымыз М.Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім» деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың — бәрі де біліммен тікелей байланысты. Адам бойында болатын.....
Әрбір елдің өткен-кеткенін саралап баға беретін тарихы болады.Қазақ тарихы да сан мыңдаған ғасырлардан тұрады.Оның әрбір жылы азаттықты аңсаған,күреске толы. Егер де арғы тарихымызға тоқталсақ төрт мың,бес мың жыл тереңге кетер едік.Ал мен, бергі тарихымыздан сыр шертсем деймін.Қазақ елі болып таныла бастауы 1456 жылы Керей мен Жәнібек хандардың “Қазақ хандығын” құруымен байланысты. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына,ұлт-азаттық көтеріліс және екінші дүниежүзілік соғыс.....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда «тұлғаға бағытталған» білімнің құнды негізі ретінде бала орын алады және де өзекті мақсат ретінде еркін, рухани, шығармашыл, адамгершіл тұлғаны - яғни мәдениет адамын қарастырады. Тұлғаның бойындағы басты мәселе - болашаққа ұмтылыс, өз мүмкіндіктерін еркін жетілдіре білу, өз-өзіне сенімділігін арттыру және идеалды «Мен құрамына қол жеткізу мүмкіндіктері». Жаңа әлеуметтік мәдени ортада гуманистік парадигма психологиялық-педагогикалық ойлаудың басты идеясы болып табылады. Ол үшін тұлға бұл адамға ғана тән өзін-өзі өзектендіре білу мүмкіндігін болжайтын бірден-бір құнды жүйе. Адамның шығармашылық бостандығын мойындау қоғамның басты байлығы. Ал тұлға болса табылады да, өзінің ерік күші, қиялы, шығармашылығы мен бірбеткейлігінің арқасында өзін-өзі ұйымдастырудың әлсіз механизмдерін қолдап отырады [1]. А.Е.Леоньтев ойлауды зерттеуде фундаментальды мәселелерді жалпы психология іс-әрекет теориясымен байланыстырды. С.Л. Рубинштейн еңбектерінде ойлау процесін зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдарын бөліп, ойлау операцияларының негізін көрсетті. П.Я. Гальперин ойлау даму кезеңдері мен түрлерін қарастырды. Сонымен қатар қазіргі психологиядағы ой сапасы мен түрлерін кең көлемде зерттей отырып психологиялық термин ерекшеліктерін ұсынғандар: А.Р.Лурия, Е. Блейлер, Г. Майер, Б.М. Теплов тб. Б.М.Теплов ойлаудың интеллектуалдық ерекшеліктерін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекеттерде көрінетініне тоқталды. Л.С.Выготский «Ойлау мен сөйлеу» атты еңбегінде онтонегездегі сөз бен ойға қатысты сын ерекшелігін айтты. Жалпы ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Адам кез-келген мәселені алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң ереже ұғымдарды пайдаланып отырады. Ойлаудың ерекшеліктеріне: оның сөзге деген қатысы, ойлаудың мәселелігі, ойдың жалпыламалығы мен жанамалылығы. Ойлаудың сөзге деген қатысын түрліше психологиялық мектептер мен ағымдардың өкілдері түрліше қарастырып келді және әлі де солай қарастыруда. Өткен дәуірде идеалистік ойлау сөйлеуг етәуелсіз, ол сөз ойлауға бағыншсыз деп есептеді .Бұл тұжырымды олар былай дәлелдеді: адам іштей ойлана отырып, біреумен сөйлесе және дәл сол сәтте басқа бір нәрселер ойлай береді. Ой алуан түрде айтылады, демек ойлау мен сөйлеу бір-біріне тәуелсіз бола беретін тәрізді. Психологияның мінез-құлықтық ағымының өкілдері керісінше ойлау мен сөйлеуді ұқсас құбылыс деп есептеді, бихевиористер былай деді: біз іштей отырғанның өзінде сөйлеу аппаратының жасырын жұмыстары жүріп жатады. Ойлау дегеніміз дыбыссыз сөйлеу, ал сөйлеу дыбыстап ойлау. Ал қазіргі кезде ойлау мен сөйлеу біірлікте деген қағида қуатталады; яғни олар бір-біріне ұқсас та емес, бөлек те емес [2]. Екінші жүйе сигналдарының ерекшеліктерін зерттей отырып (И.П.Павлов) зерттеушілер сөзбен тітіркендіргенде байланыстың 1–ші сигналдық байланыстарға қарағанда тезірек жасалатынын және әлдеқайда берік болатынын ашып көрсетті. Ойлаудың мәселелігі- ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып бір нәрсені білгісі, сырын ашып түсінгісі келеді. Бір жасар баланың өзі жаңа әдеттегіден тыс затқа кезіксе таңданады. Бұл И. П. Павловтың айтуы бойынша “Бұл не?” рефлексіне негізделеді. Ойлаудың мәселе шешуге бағытталуы, оған мәселелік, ізденгіштік сипат береді. Бұл ойлау процесінің ең елеулі белгісі.....
Министрлер мен әкімдердің жалақысы қанша? Бұл халыққа соншалықты құпия ма? Қазір жариялылық заманы десек те, айлығын жұрттан жасыратындар да, оны құпия қылмай еркін айтатындар да бар. Бірақ халыққа олардың қанша алатыны қашан да қызғылықты деп жазады "Айқын" басылымы.
Кішкентай балалар планшет пен смартфондарды тез меңгеретініне қазір таңғалмайтын болдық. Қазірде балалар жасына көптеген жарқын әрі қызықты ойындар мен қосымшалар ойлап шығарылып жатыр. Бірақ заманауи гаджеттер балаға несімен қауіпті?
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Екі ел арасында тасымалдауға тыйым салынған заттар көп. Алайда, неше түрлі әрекеттерге барып, өзімен бірге алып жүруге болмайтын нәрселерді жүк сөмкелеріне салып ап, әуежайдың тексерісінен өте алмай қалған саяхатшылар да баршылық.