Әр нәзік жанды арудың тағам дайындау мен ас үйде қолданатын амал-айлалары болады. Артық білгеннің айыбы жоқ дей келе, назарларыңызға төмендегі видеоны ұсынамыз. Мұнда ас үй ханшайымдарына аса қажетті кеңестер ұсынылған.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Қыз тұрмысқа шыққанда артынан алып баратын дүние-мүлкі қыруар қаржыны талап етеді. Әрине, елдің әр өңірінде қыздың жасауына деген көзқарас әрқилы. Бірақ, оңтүстік жақта бұл дәстүрге аса мән беріледі. Тіпті ел арасында «қыздың артынан барған дүниесі жаңа түскен келіннің абыройлы болуына тікелей қатысты» деген пікір тарап жүр.
Сіз мен үшін, алып бәйтерексіз мен сіздің саяңыздағы көлеңкеңізбін. Қанапияева Б.Н
Әйел адам өз теңін тауып бас қосқаннан кейін, ерінің көңілін тауып жанынан табылуы тиіс. Ерді ер етіп, жоғарыға көтеріп сүйрейтінде әйел адам. Әйел адам қаншалықты нәзік болған сайын тез қапаланғыш, тек қана күйеуі көңіл бөлгенін қалайды. Ер адамда сізден сондай жұбату мен көңілді күтеді. Ендеше төмендегі психологтың кеңесіне құлақ түріңіздер:
Дәмді тағамдарды жиі әзірлеуді әдетке айналдырыңыз. Қиын істер басына түскен кезде жанынан табылып қолдау көрсетіңіз. Көңіл-күйі болмаса өз жағдайын айтқысы келмесе мазаламаңыз. Үнемі бетінен сүйіп тұрыңыз. Қателігін бетіне басып айта бермеңіз. Өзгелердің көзінше ренжіспеуге тырысыңыздар.......
«Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген Іс тынбайды «жанамын, күйемменен...» Өгей әке емес қой Отан деген, Отанды мен Атамдай иемденем!» М. Жұмабаев Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуды аңсады. Қаншама батырларымыз, ер жүрек апа-ағаларымыз елін, жерін қорғау мақсатында оққа ұшты.......
Бақыт деген... Бақыттың нақты теориясы жоқ. Болғанда емес, болмайды да! Себебі бақытты әркім өзінше бағалайды. Біреулерге бақыт - денсаулық, біреулерге - мансап, біреулерге - ақша, біреулерге - отбасы. Ал кейбіреулер үшін өмірдің өзі бақыт. Әйтеуір әркімнің өз түсінігі бар. Менің ойымша мансап, ақша, материялдық байлық ешқашан бақыт бола алмайды. Мүмкін біреулер үшін бақыт шығар. Бірақ бұл тәннің қалауы. Ал шын бақыт жанның қалауын қанағаттандырса керек! Бақыттың бағасы байлықпен өлшенбесе екен! Себебі ақшаның артынан қуып адасқандар қаншама. Яғни ақша бақытқа бастар жол емес, керісінше қайғыға әкеп соқтыратын қара жол! Біздің жанымыз мейірімділік пен махаббатты қалайды. Ал біз мейірімділік пен махаббатты ата - анамыздың сүйіспеншілігімен отбасымыздағы жылулық арқылы сезінеміз. Демек, шын бақыт ол біздің ата - анамыз, отбасымыз. Біздің жанымыз ізгілік пен ізеттілікті жақсы көреді. Біз ізгі істер жасау арқылы біреулерді қуанта алсақ, біздің жан дүниеміз екі есе қуанары сөзсіз. Яғни, жақсылықты жасай алудың өзі бақыт! Жалпы бақыт біздің болашағымыз, арманымыз, әрбір күніміз, ата-анамыз, отбасымыз, өміріміз. Айта берсек бақытқа барлығын сыйдыруға болады. Бірақ бір сөйлеммен қорытындыласам бақыт Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай бақытсыз - ақ бақытты боп жүргеніміз!!!
«Тегінде, адам баласы ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген екен қазақ елінің ұлы ақыны А. Құнанбаев. Біз қадам басқан XXI ғасырдың азаматы қандай болуы керек? Біз бұл сұраққа ақылды, білімді, мәдениетті, Отансүйгіштік қасиеті жоғары, жаңаны тануға деген ұмтылысы зор болу керек деген жауап алған болар едік. Қазақстандық патриотизм ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз.....
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары
Перспективалық жоспар Ересектер тобы Қыркүйек айы Өтпелі тақырып «Балабақша» Мақсаты: Бала бойында балабақшаға деген құрмет, достарына, ересектерге сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Жақын айналасын бағдарлай білуді үйрете отырып, бірлескен түрлі іс - әрекеттерге деген қызығушылықтарын дамыту. Міндеттері: -«Денсаулық» білім беру саласы: Балалардың дене сапаларын қалыптастыру арқылы қимыл - қозғалыстарын дамыту. Салауатты - өмір салтын ұстану туралы түсініктерін дамыту, өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, өзге адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу. - «Коммуникация» білім беру саласы: Балалардың белсенділік сөздік қорын дамытып, дыбыстар туралы түсінік беріп сауаттылыққа тәрбиелеу, әңгіме құрастырып байланыстырып сөйлеуге үйрету, достықты бағалауға, достаса білуге тәрбиелеп, театр өнеріне баулу. Орыс тілі, ағылшын тілінде сөздердің аудармасын түсініп, жауап беруге үйретіп, есте сақтау қабілеттерін дамыу. .....