Әңгіме: Жюль Верн | Он бес жасар капитан

БІРІНШІ БӨЛІМ

Бірінші тарау

«ПИЛИГРИМ» АТТЫ ШКУНА-БРИГ

1873 жылы 2 февральда «Пилигрим» атты шкуна-бриг Гринвичтен 43°75 оңтүстік ендік пен 165ʹ19 батыс бойлықта жүзіп жүрген. Оңтүстік теңіздерден кит аулау үшін Сан-Францискода жабдықталған төрт жүз тонналық кеме еді бұл.

«Пилигрим» Калифорнияның кеме иемденуші байы Джемс Уэлдон дегеннің кемесі болатын; бұны ұдайы бірнеше жыл Гуль деген капитан басқарып келген-ді.

Джемс Уэлдон Берингов бұғазынан ары оңтүстік және солтүстік теңіздердегі Тасмания мен Горн мүйісіне жыл сайын топ-тобымен кеме керуенін жөнелтіп тұратын. «Пилигрим» шағын болса да флоттағы шапшаң жүзетін жақсы кемелердің бірі еді. Ол қылаусыз жақсы жабдықталғандықтан шағын командамен-ақ Оңтүстік Мұзды мұхиттың мұз сірескен шегіне дейін барып жүрді.

Сен жаз айларында солтүстіктегіден де оңтүстік жарты шардағы ендікке жетіңкіреп қалады, капитан Гуль кемені сондай сіресіп жатқан көшпелі сеңдердің ара-арасымен тамаша жүргізетін. Ізгі Үміт мүйісі мен Жана Зеландия маңында сен жиі кездеседі. Анығырақ айтқанда, бұл мұздар жылы су шайған көшпелі мұз тауларының тек кішігірім бөлшектері ғана; бұлардың көбісі Атлант немесе Тынық мұхитқа түсісімен еріп кетеді.

Оңтүстік флотилиядағы таңдаулы теңізшілер мен гарпуншылардың (китке шанышқы ататын) бірі капитан Гуль болатын; ержүрек капитан «Пилигримді» басқарғалы бері оның қарамағында тәжірибелі бес матрос пен матростық өнерін жаңа үйреніп жүрген бір жасөспірім қызмет етіп жүрді. Кит аулау кәсібінде, қайықта қызмет атқарып, ауланған китті сойып, баптау үшін көп адам керек, мұндай ірі іске бар болғаны алты-ақ адам тым аз еді. Әйтсе де Джемс Уэлдон басқа кеме иелерінің әдістерін қолданып, Сан-Францискодан тек кеме басқаратын команданы ғана алуды тиімді санаған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов (Жәндіктер қысқа қалай қамданады)

Қыр хайуандары қыс таянғанын сезеді де, ерте бастан қам қылады. Кірпі мен тышқан інге кіріп, қыс қатып жатады. Кірпі жапырақ жинап
соған оранады. Тышқан қу шөпке оранып, құнысады.

Тиын ағаштың қуысына тығылады. Ол күздің қара басынан ағаштың бүршігін, жаңғағын.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Стихи: Россия

Если долго-долго-долго
В самолёте нам лететь,
Если долго-долго-долго
На Россию нам смотреть,
То увидим....
Сборник стихов
Толық
0 0

Ұлттық дәстүрлі тәрбиелеу әдістері

Халық өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесін дұрыс түсінген, оның қиындықтарын, қуанышын және ниеті мен мақсаттарын бағалаған. Халық айтқандай: «Тәрбие – құнды байлық», түркмендер бұл ойды былай айтқан: «Бала – қазына, тағы үлкен қазынасы – оның тәрбиесі». Бұл өте дұрыс, себебі жас ұрпақтың тәрбиесі халықтың ең қымбат байлығы.

Тәрбие адамдардың пайда болуымен бірге туындаған. Тәрбие – мәңгілік категория. Ол адами қоғамның дамуымен бірге дамып және өмір сүреді. Халық баланың мінез-құлық кемшіліктері – бұл тәрбиені дұрыс........
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
0 0