"Болып жатқан жағдайға сөзім жоқ": Әбілдина өзін мазалаған мәселе туралы айтты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина карантин кезінде шығармашылықпен айналыспаған, тек отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл бөлген. Өнер иесі карантин біткен соң да күйбең тіршілікке бірден орала салмаймыз деген ойда. Сонымен қатар кейінгі кезде өнер адамдарының төңірегіндегі дау мен бала тәрбиесі, онлайн концерт жайлы ойын Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат барысында айтып берді.

Карантинде отбасына көңіл бөлді

"Карантин кезінде шығармашылықпен айналыстым деп айта алмаймын, ешқандай жаңа әнге тапсырыс берген жоқпын. Әр нәрсе көңіл-күйге байланысты. Карантиндегі уақытым балаларыма, отбасыма арналды. Бірнеше ай 24 сағат бала-шағамен отыру – көп дүние жайлы ойлануға берілген мүмкіндік. Бұрын-соңды байқамаған олқылықтарды көріп, орнын толтырдық", - деп бастады әнші әңгімесін.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Адам қаңқасы

Тірек-қимыл мүшелер жүйесінің маңызы: тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бірімен-бірі берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің.......
Рефераттар
Толық
0 0

Қол мен тырнақ күтімі. Ерлер білуге тиіс 7 жағдай

Ерлердің тырнақ күтімі дегенде, әрине, біз тырнақ өсіру немесе оны бояп жүруді айтпаймыз. Саусақтың шымырлығын арттыра отырып, оның терісінің саулығын бақылаудың өзі бізге жетіп артылады. Егер қарапайым (саусақпен асылып, турникке тартылу, «груша» ұру сияқты) жатығулар саусақтарымызды шынықтырса, саусақтың саулығын күнделікті күтім ғана қамтамасыз етеді. Барыңызды базар етіп, «нан табатын» саусақтарыңызды күте білу заманауи жігітке қажетті қабілет. Сонымен, бастайық:

1) Егер осы мақаланы оқып отырған болсаңыз, қолмен қоқыс тазалап, кетпенмен арық қазуды кәсіп қылмағаныңызға шүкірлік етіңіз. Шүкір етіп ғана қоймай, табиғат ананың бізді жануарлардан ерекшелеп, епті қылған сыйлығына, яғни айналдырған он саусағыңызға мұқият көңіл бөлмеген болсаңыз, бүгіннен бастауға еш кедергі жоқ. Өйткені заман талабына сәйкес.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық
1,5 -0,5

Әңгіме: Ілияс Есенберлин | Алтын құс

Қозғалмай шалқамнан жатқаныма бір жетіден асып кетті. Көзімді ашып жан-жағыма қараймын. Аурухана бөлмесінің іші мұнтаздай тап-таза. Қабырғасы да, төсек орным да, терезеге ұстаған пердесі де — бәрі де аппақ. Аққудың үлпе жүнінде көзге жұмсақ. Осы айнадай таза ақ бөлменің сүреңіне сән бергісі келгендей ашық терезеден көгере бастаған жас қайыңның бұтақтары қарап тұр. Жасыл жапырақтары желмен ойнап әлсін-әлсін сылдыр қағады. Кенет бабына келтіре салған бұлбұл әні сұлу үнге ділгер жанымды кәнігі етеді...

Мен езу тартып күлімсіреймін. «Тәубе, тәубе! Өмірдегі ең қуанышты сол секундімде осынау шат дүниені қайта көре алмай өліп кетуім мүмкін екен-ау! Қуанышта да ажал бар деп кім ойлаған! Жасың келген соң, жар басында тұрған адам тақылеттес болады екенсің. Аяғыңды сәл мүлт бассаң, шыңырауға зымырай жөнелесің. Мен де сол қауіпке душар бола жаздаппын ғой». Иә, ажал деген қақпаннан бұ жолы да құтылып кеттім. Қақпан қанша тарс жабылғанмен, өткір жүзінің әлі жетпей қалды. Тағы да босатып жіберді. Енді мен көзімді жұмып сәл ойлана қаламын. Сол-ақ екен көз алдымда сол күнгі сурет елестей жөнелді.

Иә, сол күні мен жиырма бес жыл бойы мойныма таққан тұмардай жүрегімнің түбінде арман болып сақталып келген Ақбаянмен кездестім. Электр қоңырауын басып едім, есікті өзі ашты.

— Келдің бе? — деді үлкен бота кезін күлімдете. Сөйтті де, қынай белді сұңғақ денесін ырғалта, оқтаудай жұп-жұмыр, түп-түзу аяқтарын былқ-сылқ басып, қолымнан ұстап мені қонақ бөлмесіне қарай жетектей жөнелді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Наурызға арналған кеш өтті!

Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі. Сағым қыздың ап қашып орамалын, Асыр caп тентек жігіт - жел еседі. Көктем келіп ауылға қыз көрікті, Таң-тамаша дүние жүзге еніпті. Асқар ала таулардан асып әрі, Аяз атаң барады мұз бөрікті. Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы-,деп Мұқағали атамыз жырлағандай,асыға күткен көктем мезгілі де келіп жетті. Көктем мезгілі шыға бастаған сәттен бастап айнала нұрға бөленіп,ауа-райы жылынып,әртүрлі мерекелер,той-думандар тойланары анық.Мысалға айтар болсақ,халықаралық әйелдер мерекесі,наурыз мейрамы ,халықтар достастығы....
---
Толық
3 -2