Елбасы 30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстан халқына айрықша міндет жүктеді

30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстанның халқына айрықша міндет жүктеледі. Бұл туралы бүгін бесінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Бүгінгі таңда Парламенттің қарауында 30-ға жуық заң жобасы бар. Парламентіміз жоғары саяси жауапкершілік режимінде жұмыс істеп, халық өкілі ретінде өз міндетін абыроймен атқарып келді. Алдағы уақытта да осы қарқыннан таймау қажет. Себебі, біз дамудың ең шешуші сатысы - "Қазақстан - 2050" стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру кезеңіне аяқ бастық. Бұл стратегияның негізгі алға қойған мақсаты - 37 жылдың ішінде, мүмкін одан да бұрын әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің арасына ену", - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда ол бұл тек қана ішкі өніммен бағаланбайтындығын, онда адамның өсуі, әлеуметтік жағдай, білім беру, денсаулық сақтау бағыттарындағы өркендеп өсу мәселелерін ескеру керектігін қадап айтты.

"Бұл барша Қазақстанның халқына, оның ішінде сіздерге айрықша міндет жүктейді", - деді Президент депутаттарға қаратып айтқан сөзінде.

Жаңалықтар
Толық
3,5 -1,5

Президентке жағынбақ болғандар желіде күлкіге қалды (фото)

Журналист Әсия Бағдәулетқызы өзінің Facebook-тегі парақшасына ерекше баннердің суретін жариялады. Желі қолданушылары елбасына жағымпаздық жасағандардың бұл әрекетін мазақ етті деп хабарлайды nur.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Елбасы оқушыларға спортпен шұғылданып, кітапты көп оқуға кеңес берді

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір топ елорда мектептері түлектерімен "Жаңа қазақстандық патриотизм" тақырыбында өткізген сабақ барысында оқушыларға спортпен шұғылданып, кітап көп оқуға кеңес берді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Егер менің күн тәртібімді білгілеріңіз келсе: мен таңертең алты жарымда тұрамын және бір сағатымды жаттығуға арнаймын. Таңертеңгі жаттығуды ауыр фитнеспен аяқтаймын. Мүмкін, маған бұл керек емес шығар, бірақ мен осы тәртіпке үйреніп алдым. 45 минут аэробика, одан кейін фитнес, осыдан соң суға шомылып, жұмысқа барамын. Жексенбі бір күн демаламын. Мұндай тәртіпке дағдыланғаннан кейін, онсыз өмір сүре алмайсың", - деді Елбасы.

"Өмірде алға қойған мақсатыңа, табысқа жету үшін денің сау болуы керек. Денсаулықты жас кезден сақтаған жөн. Денсаулығың болмаса....

Жаңалықтар
Толық
0 0

27 жыл ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаев не үшін алаңдайтынын айтты (фото)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе сапарын өңірдегі зиялы қауым өкілдерінің кездесуімен қорытындылады. Сөз сөйлегісі келіп, тілек айтуға ұмтылғандарға да мүмкіндік берілді. Президент саяси жағдайы күрделі елдер туралы сөз қозғап, ел ішіне іріткі салып жүргендерден сақ болу керектігін ескертті деп хабарлайды өңірдегі nur.kz тілшісі.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің президентім)

Менің Отаным – Қазақстан. Мен осы елдің азаматымын деп мақтаныш сезіммен айта аламын. Өйткені, менің желбіреген көк Туым бар, бойыма қуат күшін беретін Әнұраным бар, аты жаһанға танымал Елбасым бар! Жетпіс жылдан астам Кеңестер Одағының құрамында болып, өз бұйдамыз өзгенің қолында болса, бүгінде Тәуелсіз елдің тумасымын, егемен елдің ұланымын. Біздің еліміз – жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы жарасып отырған .......
Шығармалар
Толық
0 0