Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулердің және жазықтықтардың өзара орналасуы Сабақ тақырыбы: Екі түзудің өзара орналасуы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): кеңістіктегі параллель, қиылысушы және айқас түзулердің анықтамасын біледі, оларды кескіндейді және анықтайды Сабақ мақсаты: кеңістіктегі параллель, қиылысушы және айқас түзулерді анықтауды, кескіндеуді, қолдануды біледі және оларды есеп шығаруда қолдана алады.....
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері Сабақ тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.2.2.2 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу; Сабақ мақсаттары: • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешудің әдістерін меңгеру; • Әдістерді есеп шығаруда қолдану.....
Кешіктің сен, Келмедің сен, зарықтым. Шыдар деген үмітіңді жаңа ұқтым. Күт демедің, Мезгілінде таппадың! Төрде тұрды, Орныңды көп сақтадым... Енді келіп өз қолыңды ұсындың, Өкініш жоқ... Жан сырыңа түсіндім. Кешір мені! Жұбайым бар қасымда, Саған жер жоқ біздің оттың басында. Сен кетерсің, Маған теріс қарарсың! Жүзі суық жат адамға санарсың. Қалар менің дастаным боп жазбаған Екі жалын бір жүректе маздаған.....
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометриялық формулалар Сабақ тақырыбы: Екі еселі және жарты бұрыш формулалары Оқыту мақсаты: 9.2.4.9 екі еселі және жарты бұрыш формулаларын қорытып шығарады және қолданады; Сабақ мақсаттары: Алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, екі еселі және жарты бұрыш формулаларын қорытып шығарады, өрнектерді ықшамдауда осы формулаларды қолданады.......
Прозасын оқысаң тарихтың қойнауына кіріп кеткендей боласың, поэзиясын оқысаң өзіңнің ішкі дүниеңмен сырласқандай боласың. Әдебиеттің екі жүгін жығып алмай тең көтеріп, замана көшіне ілестіре білу кез келгеннің қолынан келе бермейтін дүние деп білемін. Бұл тек қана қазақтың Әбішіне тән қасиет болар. Абыз жазушы Әбіш Кекілбаевтың өзі бұл туралы былай деп түйіндейді: “Адамдар мен халықтардың арасындағы жарастыққа қызмет ету – менің суреткерлік те, азаматтық та парызым.» Сөзінің растығын «Жер - ананың мен сүйікті перзенті...» өлеңімен дәлелдейтіндей.
Жер - ананың мен сүйікті перзенті, Осалсың деп айта алады маған кім?!
Менің ізім - жердің бүкіл келбеті, Ажарымын дүниенің, адамымын!
Өкпелетіп көрген емес жер мені, Жер - ананы өкпелетем неден мен. Өз қолымнан салынған бар өрнегі, Жыртығын да жамаймын өз денеммен!.....
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктердің графиктік берілуі Сабақ тақырыбы: Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің графиктік тәсілі 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.4 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу. Сабақ мақсаттары: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу дағдыларын қалыптастыру.....
Аса өрнекті, әлеміш ажарлы ғұмыр күмбезінде дәуір баурайынан құтайып, керіш уақытқа із салған, кеніш көңілдің қыртысын жазып, адамзат аманатын айғақтаған өшпес із бар. Кезеңдерден қонып, дәуірлерден түскен – замансөз. Біздіңше, таңбалы хат, танымды публицистика, кесімді пікір. Ғарасатқа дейінгі адамзат баласының ақ қағаз бетіндегі үндеуі, жоғына жамау, барына сауап арқалаған құтпарақ. Абай бабам атаған келер заман – көк тұманның өлшемінен бөлек, өткен мен бүгіннің жаднамасы, ұлтқа ұстахана, жазарманға – қамсау сарай. Қисынды, сұлу болғаны өз алдына, жанның сарайы. Бағамдасам, ғұмырында қанатымен парасат мекенін қапқан көңіл құсын өз көкірегінде ұялатқан Әбіш Кекілбайұлы жансарайынынан осындай биік леп байқалады. Жүрекке жылы, жанға жайлы желемік. Халыққа тыныс, ұлтқа сая. «Арға тартпай арман тұл, намыс қумай мақсат тұл!» – дейді «Ұлттық намыс туралы ойласақ» тұрыпты толғамының әлқиссасында Әбіш Кекілбайұлы. Жазарман үшін бұл атаулы жезайыр ұран ұлт мінберіндегі тұтас борыштың жолашары, айнымас пейіл, ақжолтай ниеттің тұнығы. Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, айтқан көсемсөздің нақ мұраты әрі жазумен айтылып, жүрекпен жеткен тіркес. Қазақ замансөзінің ұрпақ ауысып, дәуір көшкен өткелек шағы – тәуелсіз кезеңнің алғашқы адымында көтерген жүгі. Халықтық мақсат, елдік мүдде тұрғысындағы ақинақ сөз.
«Тарихта «кіндік кезең» деп саналатын тұстар болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі бастан кешіп отырған көп ретте сондай кіндік кезеңді еске салады. Бұл орайда жиі талас тудырып жүрген мәселе – ұлттық мемлекет идеясы... Ал ұлттық сана дегеніміздің өзі де,.. әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына мақсат қоя білуі ғой» деген биік парасат иірімінде шыныққан азаматтық ойлар – ұлттық мемлекет ұстыны: ұлттық құндылық пен ұлттық сана биігінде қылаң береді. ......