Пән:Биология Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Көбею Сабақ тақырыбы: Екінші реттік жыныстық бетілу белгілері. Қыз балдар мен ер балдардың жыныстық жетілуі Оқыту мақсаты: 9.2.1.2 екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау Сабақ мақсаты: екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау.....
«Немістер өз кітаптарын өте әдемі жүргізеді және жазуларын өте ұқыпты жазады. Олар Италяндықтардан үйренді»- деп жазды Ян Импин. [цит: 151, с 83]. Бірақ олар бұның бастысын емдеу жағынан қабылдады. Немістердің идеясы италяндықтар секілді қаржылық әскерелеу есебіне сәйкестендірілген жоқ, керісінше материалды жауапты тұлғалы факторлармен ішкі есептерді ашу болып табылады. 1531 жылы Иоган Готлиб италяндық бугалтерияны немістің факторы мен қолдануға әрекет жасап көрді. Немістік және Италяндық синтездеу идеясын жалғастырушы немістің ірі бухгалтерлері Вольфганг Швайкер (1549ж) және Христоф Хагер (1654 ж) болды. Есептің мақсаты: В. Швайкер бухгалтерияны табысты есептеудің және анықтаудың есебі ретінде құрастырды. Әр ұйым және қожайыны үлкен, Есепшілікті білуге тиіс Тексергісі келгенде басқаны Қанша қаражаты білгісі келгенде Дәл осы жар ойды ол бұдан неғұрлым үлкен жоспарға анықтады: ретсіздікті немесе анығырақ айтқанда ретсіздіктен реттілікті дүниеге әкелді. Біз В. Швайкердің жұмысында біз бухгалтеряны анықтығын таба аламыз, ол сол уақыттың ерекше «іскер адамдардың» типтік есебін көрсетеді: «Бухгалтеря басқа бір есептерге ұқсамайды, ол сауданың және келісімін епті суреттемесіне» немесе жазбасы. Осыған қоса ол үй жұмыстарында, кіріс кезінде, түсім және басқада операциялар кезінде және тауарды жіберу, қабылдап алу, сатып алу, сату т.б. Есепті көріністерде есептің дұрыстығы және епті тәсілмен есептеу қатесіз, тез және қиындықсыз соңғы шешімге келеді. Қаржылық есептің шапшаң нәтижесі үшін тағы да төрт ой келді. Факторлы бухгалтерияның шеңберінде Х. Хагер ой қозғады: «Бухгалтерлік есеп- ол әдемі, бейнелі, мұхият сараланған, барлық шығыстармен кірістердің құралу және жасалу жолдарын, оған қоса девиторлар мен кредиторлардың есебін әр уақыт, әр мезгіл, әр сағат немесе әр минут істің мән жайын біліп отыру үшін, және олардың (ілгерілік) прогресс жағдайында ма әлде (кері кету) регресс жағдайында ма, қысқаша айтқанда мүлік иесінің ұтылып немесе ұтып жатқанын көрсетеді»- деп жазды Х. Хагер. Сонымен бухгалтерлік есептің мақсаты- мүлік иесінің ұтылыс жағдайында және ұтыс жағдайында екенін көрсету, шеттен алып шығару, бірақ ол барлық Италяндық неміс бухгалтерлер үшін емес. ....
Жұмыстың негізгі мақсаттары. 1. Аймақтағы туристік потенциалды дамуына қажетті Шығыс Қазақстан климатын, табиғаты мен мәдени және тарихи ерекшелерін атап көрсету. 2. Шығыс Қазақстан тарихи көрнекі жерлерге жалпы сипаттама беру. 3. Шығыс Қазақстан тарихи жерлеріне туристік маршрут ұйымдастырудағы туристік фирмаға сипаттама беру. 4. Жалпы туризмді дамыту барысында кездесетін проблемалар мен перспективаларды анықтау, «Туризмді дамыту және Мәдени мұра бағдарламасына талдау ». Диплом жұмысының келесі зерттеу әдістері қолданылады: - тарихи талдау; - туристік фирмалар қызметін салыстыру; - статистикалық зерттеу ; Бұл диплом жұмысында тарихтық материалдар, әдеби мұралар, газет-журнал мақалалары, заң актілері қолданылады. Диплом жұмысының зерттеу нәтижесі өлкеде тарихи көрнекі жерлерді дамытудың мол мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Ол үшін бірнеше іс шараларды дәл қазір қолға алған жөн. Олар: - тарихи көрнекі жерлерді зерттеу; - « Тарихи көрнекі жерлерді қорғау » заңын қағаз жүзінде емес, іс жүзінде орындау; - оларды мемлекеттік бақылауды ұстап, қорғау;....
Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы меи дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Геогра-фиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838-1888) еңбектерінде анық байқалды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» деген ірі еңбегінде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті. Биологияның зерттейтін құбылысы жан-жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету жағдайынан тұратын болса, әлеуметтануды тек ынтымақтастық және күштерді біріктірудің көрінісі, яғни табиғаттағы кооперация факторлары қызықтырады. Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндіріс-тік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап, Л. И. Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды. Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтану тұжы-рымдамаларында маңызды-орынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану міндеттеріне прогресс неден тұрады, қоғамның алға қарай дамуын қандай нақты белгі-өлшемдермен анықтап білуге болады деген мәселелерді қойды. ....
КIРIСПЕ Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттыққа ұшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондыңтан да бiз бүгiнгi таңдағы әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк iсiнiң дамуындағы қызметтердiң әдiстемелерiн оқып бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң практикасында қолданғанымыз абзал. Тақырыптың тағы бiр маңыздылығы, қарастырылып отырған банк қызметiмен үзеңгiлес қаржы тәуекелi, оны басқару әдiстерi Қазақстанның банк жұйесiн дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады. ....
КІРІСПЕ Екінші дүниежүзілік соғысқа түрткі болған фашистіктің екінші ошағы Германияда пайда болды. Бұл агрессиялы саясатқа Италияда біріккен болатын. Сөйтіп Үштік одақ құрылуына себеп туғызып, құрамына Жапония , Италия және Германия кірді. Германия мен Италия ортақ мәмлеге келіп, 1936 жылы келісім шартқа қол қояды. Ал дәл сол жылдың қараша айының 25-і жұлдызында Германия Жапониямен Коммунистік Интернационалға қарсы пактіге қол қояды, бұл шартты Италия да жөн көріп қолдайды. 1938 жылғы 30 қыркүйекте Мюнхен конференциясына Чехословакия елінің өкілінен басқа , Гитлер , Италиядан Муссолини Францияның премьер-министрі Даладьде және Ұлыбританияның премьер –министрі Чемберленнің қатысуымен өтілді. Онда Чехославакиядан Судетскке дейінгі аймақты күшпен алып, сонымен бірге Венгрия мен Польшаны Германияғаберу жайлы келісім жасалды. Сөйтіп 1938жылдың 15 наурызында Германия Чехословакияға басып кіреді. Ал сол жылдың 22 наурызынла агрессивті саясатын Литваға бұрып Клайпед ауданын тартып тартып алады .....
Кіріспе Қазіргі таңда мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының негізгі алғы шарты экономикалық өсуді жоғары және тұрақты деңгеймен қамтамасыз ету болып табылады. Экономикада банк секторы ролінің өсуі мемлекеттің маңызды шараларының бірі болып табылады. Банктік жүйе, банктік іс пен экономикалық жүйені бүтіндей зерттеудегі кілттердің бірі болып табылады. Банктік сектордың дамуын шешудің динамикасы құқықтық орта жағдайы мен салықтық талаптардың, банк қызметін реттеуді жетілдіру мен банктік қадағалау жүйесінің, бухгалтерлік есеп жүйесін және банктік жүйені бақылауды ұйымдастыру жағдайларына байланысты болады. Қазақстанда банктік қызметте басқару есебі жүйесінің дамуы, ішкі және сыртқы бәсекелестік пен экономикалық потенциалдың өсу талаптарында банктің бәсекеге қабілетті болуы үшін қажетті болып табылады. Кредиттік ұйымдарда корпаративті басқарудың сапасын жоғарлату факторы болып, корпаративті ұйымдар қызметінің болашағы мен қазіргі жағдайын анықтауда ішкі бақылау мен тәуекелділіктерді басқару жүйесін қоса, корпаративті басқару сапасын бағалау табылады. ....
КІРІСПЕ Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы-алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды. Несие құнның белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. ....