Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Екінші деңгейлі банктердегі пассивтерді басқару

Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктер қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек. Ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе – теңдіктің сақталуын қамтамасыз етеді.
Коммерциялық банктер басқа да шаруашылық субьектілері сияқты, өздерінің коммерциялық және шаруашылық қызмметтерін қамтамасыз етіп отыру үшін, белгілі бір ақшалай қаражаттары, яғни ресурстары болуға тиіс.
“Қазақстан әлемдік экономиканың өскелеу турбуленттілігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы . мемлекеттердің бірі болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан, түсінік – пайымнан гөрі қазақтық көзбен немесе "терезеден" қарау қажеттігі күнбе – күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси - құқықтық жағынан саралай білудің зор маңызы бар десек, 20 - ғасырдағы түбірлі құбылыстардың бірегейі – екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер: Тегеран – Ялта- Потсдам тізбекті конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын алса да, толайым бағаланды деу артық болар. Әсіресе, мұндағы өзекті де назар аударарлық мәселе аталмыш конференциялардың мән маңызы жеңімпаз державалардың тұрғысынан қаралып, неміс мәселесінің әлі де шынайы көрсетілмеуін атар едік. Осы конференцияларда бекітілген тарихи шешімдердің соғыстан кейінгі Германияның тағдырын түбегейлі өзгерткендігіне баса назар аудартқым келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Геометриялық салулар
Сабақ тақырыбы: Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау;
Сабақ мақсаттары: • Түзу мен шеңбердің өзара орналасу жағдайларын зерттей алу;
• Шеңберге жүргізілген жанама түзу мен қиюшыны ажырата алу; ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Реферат: Темекіге қарсы күрес

Никотин - өсімдіктерде кең тараған у. Темекі түтінінің негізгі бөлігі. Таза күйінде сарғыш келген май сияқты сұйықтық, өзіне тән қолайсыз иісі болады.
Темекі шегудің денсаулыққа тигізер зияны орасан зор. Темекі тартқанда зат алмасу үрдісінің барлық түрлері зардап шегеді. Оттектің жеткіліксіздігі, қан ұю, холестерин деңгейінің өсуі, барлық ішкі секреция бездері қызметінің үрдісі бұзылады. Ер адамдардан жыныстық әлеуметтік кетеді. Бойжеткендер мен жас әйелдерде етеккір циклі бұзылады. Әсіресе, темекі түтіні ұрық және нәрестеге зиянды, никотин туар баланың жаңа шығып жетіліп келе жатқан орталық жүйке жүйесінің жасушаларына зиянын тигізеді. Жүктілік токсикоздың дамуына әкеп соғатын факторлардың бірі – темекі түтіні.
Кейінгі кезде темекі тартатын адамдардың саны өте көбейіп кетті. Осыған байланысты өлім-жітім де көбейіп тұр.
Темекі түтінімен созылмалы уланудан өлетін адамдардың саны басқа себептерге қарағанда бірнеше есе көп.
Осылайша біздің Жер деп аталатын планетамызда тұратын адамзат баласының миллион өлетіндері әрбір 4 күн сайын маскүнем, әр 3 күн сайын автокөлік апатынан 1 құрбан, әр 3 күн сайын темекі түтінімен созылмалы уланудан 1 адам өмірмен қоштасып отырады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жыл он екі ай балдырғандар сырласы


Алтын көпір

Балалар ақыны, балалар жазушысы жүрекке жақын, көңілге қонымды осы бір сөз тіркестері кеңестік кезеңде өмірге келді. Сол тұста балалар әдебиеті “Әдебиет” атты қара шаңырақтан еншісін бөліп алып отау тіккені белгілі. Ал оның қаз басқан қадамының арманды адымға айналуына қазақ совет әдебиетінің іргетасын қалаған Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов т.б. Ақын - жазушылар елеулі үлес қосты.

Құнарлы топыраққа түскен түйір тұқым дәл дариясына айналатыны сияқты содан бергі кезеңде қазақ балалар әдебиеті сан - алуан өсуі өркендеу баспалдақтарынан өтті. Сөйтіп, қазақ балаларының сан буыны өздеріне арналған жауһар жырларды оқып, жаттап есейді, тілдік қорын, ой өрісін дамытты. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта бекіту сабақтарын өткізудің теориялық негіздері

I. Бастауыш сыныпта бекіту сабақтарын өткізудің теориялық
негіздері
1.1.Бекіту сабағының зерттелу жайы
Сабақ - шығармашылық акг. Ол мүғалімнен де, оқушыдан да дене ақыл-ой, сезімдік күш-жігер жұмсауды талап етеді.
- оқытудың мақсаты мен мазмунының, тәсілі мен әдісінің күрделі әрекеттестігінен көрінетін, жеке адамның, мұғалімнің шеберлігі байқалатын, оқушының жеке және жас ерекшелігі, оқытудың мақсаты мен міндеті, тәрбиелеу мен дамыту жузеге асырылатын оқу-тәрбие процесінің логикалық жағынан аяі^алған тұтас элементі.
А.Сухомленский: «Сабақ - оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы» [2; 15]
Сабақгың сапасын арттырудың негізгі жолдары мен құралдары;
1 – кесте
Оқушыларды
Оқыту, тәрбие-
леу мен дамы-
туды үштасты-
РУ Оқу~тәрбие
процесін са-
палы ұтым-
ДЫ, ТИІМДІ
ұйымдасты-
РУ Оқытудың
белсенді
әдістерін
қолдану Даралап,
жекешелеп
оқыту Саралап
оқыту Оқушы-
ларды
оку әреке
тін жедел
дету
Сабақтың
алдына мақ -
сат,міндет қою,
тақырыпты тү -
сіндіру Бурыннан ал
ған білімдері
не сүйену Өлліп отыр
ған матер-
иалдың мә-
нін ашу Теорияны іс
жузінде, тә-
жірибеде қол
дану үлгісін
көрсетү Теорияны
қолдана бі-
луде үйре-
ту алгоритм Дағдыны
қалыптас
тыру
[3; 113]
6
Сабақ - оқытушы мен оқушының арасындағы байланыс, қарым-қатынас, үйымдастыру арқылы оқыту, үйрету, үйрену, білімді игеру жұмыстары [4; 94]
Оқушы жалпы білім жүйесіне,оған жеткізетін іс-әрекеттер
тәсілдерімен қатар оқу еңбегін саналы орындауға,білім алуға жетелейті
икемділіктер мен шапшаңдылықгарды меңгереді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарихи көрнекі жерлердің туризмді дамытудағы рөлі

Диплом жұмысының зерттеу объектісі – Шығыс Қазақстан облысының тарихи көрнекі жерлерін дамытудының алғышарттары мен кездесетін проблемалары. Ал зерттеу пәні – қазіргі кездегі тарихи көрнекі жерлердің жағдайы.
Жұмыстың негізгі мақсаттары.
1. Аймақтағы туристік потенциалды дамуына қажетті Шығыс Қазақстан климатын, табиғаты мен мәдени және тарихи ерекшелерін атап көрсету.
2. Шығыс Қазақстан тарихи көрнекі жерлерге жалпы сипаттама беру.
3. Шығыс Қазақстан тарихи жерлеріне туристік маршрут ұйымдастырудағы туристік фирмаға сипаттама беру.
4. Жалпы туризмді дамыту барысында кездесетін проблемалар мен перспективаларды анықтау, «Туризмді дамыту және Мәдени мұра бағдарламасына талдау ».
Диплом жұмысының келесі зерттеу әдістері қолданылады:
- тарихи талдау;
- туристік фирмалар қызметін салыстыру;
- статистикалық зерттеу ;
Бұл диплом жұмысында тарихтық материалдар, әдеби мұралар, газет-журнал мақалалары, заң актілері қолданылады.
Диплом жұмысының зерттеу нәтижесі өлкеде тарихи көрнекі жерлерді дамытудың мол мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Ол үшін бірнеше іс шараларды дәл қазір қолға алған жөн. Олар:
- тарихи көрнекі жерлерді зерттеу;
- « Тарихи көрнекі жерлерді қорғау » заңын қағаз жүзінде емес, іс жүзінде орындау;
- оларды мемлекеттік бақылауды ұстап, қорғау;
- қалпына келтіру шараларына мол қаражат бөлу;
- өлкедегі туристік инфроқұрылымды дамыту;
- отындық туристік фирмалардың ішкі туристік өнімді жарнамалау қызметін арттыру;
- тарихи жерлерге ұйымдастырылатын туристік маршруттар санын ұлғайту;

Егер отандық іс-шаралар уақытында жүргізілсе, тарихымызды танитын және басқаға танытатын кезде келіп жетті.
Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін халқымыздың көне тарихқа деген
қызығушылығы арта түсті. Осымен қатар төл тарихымызды тереңнен тартып түгендеуге бүгінгі күні мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалып отыр. Мүмкіндік жасалып қана қоя салған жоқ, көне тарихымыздың қайталанбас мұраларын жинап, халқымыздың рухани қазынасын байытуға белсене бел шешіп кірісті. Иә, біздің тарих – шаңы қалыңдап кеткен тарих. Ғасырлар қойнауынан инемен құдық қазғандай қиындықты бастан кешіп, жоқ іздеп, шым – шымдап шыңыраудан тамшы аулағандай, көз майын тауысып зерделеп зерттеп, өз тарихына шөлдеп отырған оқырманға ұсыну бүгінгі ғалымдардың мойындағы борышы. Неге бұлай киелі, неге азапты деген сұрақ туындауы мүмкін. Өйткені, тарихымыз біздің ұлттық изеалогиямыздың бір алтын арқауы. Ал біздің ұлттық идеалогиямыз – тарихымыз, дініміз, тіліміз, діліміз, ғасырлар сынынан өтіп, уақыт пен болмыс қалыптастырған ұлттық дәстүріміз. Бүгінгі тарихшылар, зерттеушілер – ұлттық идеалогияны қалыптастырушылар. Сондықтан да, тарих жүгі ауыр да азапты, жауапты да ұжданды, қасиетті де киелі [1].
Қазақстан - туған жеріміз, ал туған жеріміз – тұнып тұрған байлық. Оған дәлел, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Мысалы: Дүние жүзіндегі «Алтын адам» аса құнды қазынаға тек Египет Фараоны Тутанхаманның қызғылт алтын табыты мен маскасы ғана теңесе алар немесе 4000 жылдыққа жуық тарихы бар таңбалы ескерткіші ЮНЕСКО- ның қол асындағы көне галерея, сондай –ақ «Екінші Мекке» атанған Қожа Ахмет Иассауи мавзалейі туристердің Қазақстан жеріне деген қызығушылықтарын туғызады. ....
Рефераттар
Толық
0 0