Әңгіме: Аз кем шегініс


Шәкерім Құдайбердіұлы 1858 жылы дүниеге келген. Әкесі Құдайберді мен ақын Абай бір әкеден – Құнанбайдан туған. Құдайберді 36 жасында қайтыс болып, жетім қалған 7 жастағы Шәкерімді Абай тәрбиесіне алып, оқытқан. Шәкерім 5 жасында хат таныған, 9 жасынан бастап өздігінен жүйелі түрде оқып, білімін көтере берген. Әдебиетті, тарихты, географияны, жаратылыстану ғылымын, физиканы, сөз өнерін, музыка өнерін оқыған. Дене еңбегімен айналысқан, шеберлікті үйренген. Ұлттық киімдердің үлгісін жаңарту, ас пісіру, көшпелі ел жағдайында, қыста қар үстінде шырпысыз от жағу, үй-үйдің, іргелес қыстаулардың арасында сымды қатынас орнату сияқты тұрмыс мәдениеті жөнінен халыққа өзі тапқан тәсілдерін ұсынған. Ауырып, сырқаттанғандарға медициналық жәрдем көрсеткен. Лев Толстойды ұстазым деп соның өнегесін қолданып, егін салу, шөп шабу, мал бағу кәсіптерін меңгерген.

Шәкерім Құдайбердіұлы 16-17 жасынан бастап Абайдың ықпалымен өлең жаза бастайды. Ел аралап, тарихи деректер жинап, шежіре жазады. Батыс пен шығыс елдерінің әдебиетіне көз жібереді. Пушкин мен Толстойды, Некрасовты, ал шығыста Қожа Хафиз, Наваи, Физулиді жоғары бағалаған екен. Пушкиннің, Некрасовтың, Толстойдың қырдағы насихатшысы болып, олардың шығармаларын аударады. Толстойдың философиясына еліктеп, күшке қарсы бармау, қауымнан қашып жалғыздану, ұмытылған адам болу жолына түсіп, көп қайшылықтарға ұрынады. Осы жалғыздануы оның өмірінің соңындағы қайғылы жағдайға ұрындырды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Өнер | Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік

Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік
Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ақыны, жазушысы, белгілі сәулеткер Сайын Назарбекұлы 1941 жылы 2 қаңтарда Маңғыстау өлкесінің Тиген ауылында дүниеге келген. Ол 1958 жылы Ұштаған орта мектебін бітіріп, біраз жылдар бойы жүргізуші болады. 1964 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының инженер - құрылыс факультетін бітіріп, 1964 - 1969 жылдары Маңғыстау мұнай өңдеу бірлестігінің құрылыс мекемелерінде жұмыс жасаған. Ал 1980 - 1989 жылдар арасында Алматы техникумында дәріс берген. 1992 жылы Маңғыстау өңірінің өлең, жыр, шешендік сөз туындыларын жинақтап жарыққа шығару, өлкенің зираттық сәулет ескерткіштерін дүние жүзіне танытарлық түрлі түсті, бірнеше тілді кітап альбом шығару, өнерді дамыту және сол мақсаттарды орындау үшін «Маңғыстау мұралары» атты циклдық кітаптарды шығармақ болған. Сол мақсатта «Парыз» мекемесін құрды. Қазір Сайын Назарбекұлы басқаратын бұл мекеме «Маңғыстау мұралары» циклдық кітаптарының алғашқылары «Маңғыстау мұралары», С. Жаңғабылұлының «Аманат» кітаптарын жарыққа шығарды. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүр

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы – дүниенің төрт бұрышын адамзат баласының ең озық өркениетке жеткен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей тарихы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақтың ілкі ата-бабалары – түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк түріктер атанғанбыз.
Шамамен ҮІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан бізге мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып жыр-дастандар бар. Бұлар – “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған” жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер бұдан 1250 жыл бұрын тасқа қашалып жазылған әдеби мұра. Осы ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлік тұрғысынан да күні бүгінге дейін өз оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсен, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. орыс және шетел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С.Е.Малов көне түркі жазуындағы тексттердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударды.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілі фактілерімен салыстыра отырып, зерттеуші бір топ ғалымдар Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк құрметіне жазылған жыр жолдарының тілі дыбыстық жағынан да, лексикалық және морфологиялық тұрғыдан да қазақ тіліне жақын деген ғылыми пікірді айтқан. Мәселен, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Е.Ағманов, А.Есенғұлов, Қ.Өмірәлиев, т.б. бірқатар лингвист- ғалымдар осы пікірді әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды пікір әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды ғылыми еңбектер жариялады.
Аталмыш ескерткіштер сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Көне түркі жазба ескерткіштерін әдебиеттің басқа жанрларымен салыстыра отырып қазақ ауыз әдебиетінің мұраларымен, оның ішінде батырлық жырлармен байланысын, ұқсастығын айқындау, тілдік ерекшеліктерін, құрылымын, қолданысын көрсету диплом жұмысының басты мақсаты мен міндеті болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жұмыс барысында көне түрік жәдігерліктерін зерделей отырып, Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы, көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстары, Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі, Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі идея мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтары (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтары (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.2.4.3 мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын оқып білу
Сабақтың мақсаттары: Мәдени өсімдіктері мен үй жануарларының шығу орталықтарын зерттеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Қасым Аманжолов | Шегінерге жер жоқ


Ұлы Отан соғысындағы Совет Одағының фашистік Германияға қарсы күресіндегі ірі оқиғалардың бірі — Совет Армиясының Москва түбіндегі 1941 жылғы күз және қыс айларындағы жеңістері болды. Бұл шайқас жарты жылға созылып, соғыстың бастапқы кезеңінің тағдырын шешті. Москва түбіндегі ұрыста совет армиясы алғашқы стратегиялық жеңіске жете отырып, дүние жүзілік соғыстағы жағдайды өзгертті. Москва түбіндегі бұл жеңістің маңызы жөнінде партия тарихының, көп томдығында былай делінген: «Ірі әскери — саяси мағынасы бар соғыс барысында түбірлі бетбұрыстың бастамасы болған майдандағы елулі шегіністерден кейін жеткен ұлы жеңістің басқа үлгісі тарихта болған жоқ. Совет Қарулы Күштерінің Москва түбіндегі жеңісі тағы да Ленин сөздерін растап берді. «Жұмысшылар мен шаруалардың көпшілігі өз өкіметін, совет өкіметін — еңбекшілер өкіметін қорғайтындығын, жеңген күнде мәдениет игіліктерінің бәрін, адам еңбегі жасаған нәрсенің бәрін өздерінің және ол балаларының пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін істі қорғайтындығын білген, сезген және көрген халық еш уақытта жеңілмейді»,— деген еді В. И. Ленин. Неміс армиясының Москваға шабуылы Совет Одағы үшін қауіпті күндердің бірі болды. Гитлер өзінің армиясына тезірек жеңіске жетуге бұйрық берді, ол былай деп жазды: «Бірнеше аптаның ішінде ірі өнеркәсіп орталық біздің қолымызда болды. Жауды талқандау үшін қолайлы кезең туды, өлтіре соққы беретін кез келді. Бүгін осы жылдың тағдырын шешетін соңғы шайқас болады». .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы

Кіріспе.
Жүйені кез келген типке қолдану – біршама шартты, абстракты ұғым. Философиялық жүйелер, сандар жүйесі, байланыс жүйелері, білім беру жүйелері дегендер болады.
Жүйелердін біреуі физикалық, технологиялық мәндердегі концепциялардың өзіндік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке машина немесе машина кешені де яғни кейбір міндеттерді шешетін кез-келген нәрсе жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.
Жүйелік – табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К.Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды деп атап көрсетті. Табиғи байланысқан осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық элементтерін өзіне бағындыруға немесе содан оның жетіспейтін органдарын құруға бағытталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаевқа арнау

Дара тұлға, ақиық ақын, бір өрен,
Жүрегінен ағылып жатыр жыр-өлең.
Өткені оның толы болды азапқа,
Азапқа толы, өмірі оның күйбелең.

"Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"
Деп жырлады, жас ...
Өлеңдер
Толық
0 0