Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің туған өлкем» Сабақ тақырыбы: Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру. Туған жер байлығың Оқу мақсаттары: 3.7 Қатені табу және түзету 2.1.2.2 мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау Сабақ мақсаттары: Мәтінді оқып, қателерін тауып, түзетіп жазуды үйрету.....
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпбұрыштар 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): дұрыс көпбұрыштардың анықтамасын және қасиеттерін білу; Сабақ мақсаттары: Дұрыс көпбұрыштың анықтамасын біледі; .....
Сауатты жазу мәселесі тіл ғылымы саласында ауық-ауық шешімін іздеп тұратыны белгілі. Емле ережеміздің бекітіп берген қағидалары заман өзгерген сайын қолданыстағы әрекеттер барысында кереғарлық үдерісіне ұшырап жатады. Кейде оларды «орфоэпиялық заңдылықтарымыз» мойындамай қояды. Осыған орай, мерзімді баспасөз беттерінде біріккен сөздердің жазылуы, сөз тіркестерінің жазылуы, қосымшалардың дұрыс жалғануы, кейбір түбір сөздердің жазылуы төңірегінде ұсыныстар мен ескертпелер жарияланып тұрады. Ғалымдар ғылыми жол іздейді, жазушылар тіл тазалығын қорғайды, оқырман қауымы қолдану ерекшелігін негізге алады. Бәрінің мақсаты – ана тіліміздің ұлттық сипатын ұлықтау. Емленің екшелуі қателікті табудан емес, сол қателіктің орнына дұрыс ұсыныс айтумен ғана жүзеге асады. Қысқарған сөздерге жалғанатын қосымша соңғы сөздің толық нұсқасындағы соңғы дыбысқа байланысты жалғанады дейтіндер ҚазҰУ-нің деп жазады да, қысқарған соңғы дыбыстың айтылуына байланысты жалғайтындар ҚазҰУ–дың деп жазады. Бұл екі түрлі нұсқа басылым беттерінде қатар қолданылып келеді. Бұлардың екіншісі дұрыс нұсқа екендігіне бір ғана АҚШ қысқарған сөзіне қосымша жалғау арқылы көз жеткізуге болады. Егер бірінші қағида бойынша жазсақ – АҚШ-ның (Америка Құрама Штатының), ал екіншісі бойынша АҚШ-тың. Егер бұл ұсынысқа келіспейтіндер болса, қосымшаның басқа түрін жалғап көрсетіңіз: ҚазҰУ-не әлде ҚазҰУ-ға, АҚШ-на әлде АҚШ-қа. Дұрысы – соңғы қысқарған сөздің бас әрпінің айтылуына қарай қосымша жалғау. Біріккен сөздердің жазылуындағы әралуандық та бірізділік сипат ала алмай келеді. Бұл күрделі атаулардың біріккен тұсындағы қатар келген екі дауыстының біріншісі айтылмайтындықтан кейде оны түсіріп жазамыз да, кейде екі дауыстыны да қатар жазамыз: Сарыарқа, Жанұзақ (Жаныұзақ) Қараой, Ұлмекен (Ұл ма екен). Әрине, кез келген тұлғаның негізге алатыны – Орфографиялық сөздік. Сөздікте дәл осылай берілген. Ережесі кейбір жалқы есімдердің осылай жазылатыны турасында ғана. Егер біріккен сөздердің қатар келген екі дауыстысы «қысаң – ашық» тұлғасында келсе, екеуі де жазылып, «ашық – ашық» тұлғасында келсе, алғашқысы түсіріліп жазылады десек, емлеміз ережеден ақсай қоймас еді. Ереженің құрамына кейбір деген сөз қосылса, ол қағида ережелік сипатынан айырылады. Көріп отырғанымыздай, сөздердің дұрыс жазылуы морфологиялық салада көрініс тапқанмен (қосымшаның жазылуы, .....
Адамгершілікке жүгіне отырып, нені болса да оң істесем, ол жан-тәнімді қанаттандырады. Демек, рухани құндылықтарды бойға сіңіру мақсатында қабылдаған дұрыс шешімдерімді - өмірлік ұстанымым деп білемін. "Болмасаң да, ұқсап бақ" дегендей, талпынсам, шарқ ұрсам, осы мақсат-мұратыма жетемін деген үміт оты сәуле береді. Жеті саны қасиетті, киелі екені мәлім. Соған орай, менің де жеті ұстанымым діттеген мақсатыма жетелеп, жетілдіріп, жеткізеді деген зор үмітпен қаланды.
Тарқатып айтар болсам, әуелгі ұстанымым - денсаулық. Тәңірдің берген аманатына қиянат жасамау. Денсаулығың сай болса, көңілің де жай болары анық. Денсаулық та - ғұмыр сияқты, адамға бір-ақ рет бұйыратын табиғат тартуы. Ендеше денсаулықтың қадірін жастан білу - азаматтық борышым деп білемін!
Екінші ұстанымым - білім. Білім - жанған шырақ! Шырағымыз еш сөнбесін! Буыным қатпай білім алсам, одан асқан байлық жоқ. Себебі, "жас кезде алынған білім - тасқа ойылған нақышпен тең!"
Үшінші ұстанымым - ар - ұят (абырой). Әрине, ұятты білу әркімге де тек пайда келтіреді. Ұяттың толық болғаны жақсы, себебі, ұят үнемі жақсылыққа бастап жүреді. Сол үшін де, ешқашан, еш жерде, еш нәрседен ұят болмауын қадағалаған жөн.
Төртінші ұстанымым - өзіме, өзгеге, өмірге деген сыйластық. Бұл - ең қымбат мирас. Өмірде өкініп қалмау үшін, көңілің пәк болу үшін сыйласып өткенге не жетсін!.....
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын байланыстыратын формулаларды білу және қолдану; Сабақ мақсаттары: Дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын байланыстыратын формулаларды қолданып есептерді шығарады......
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дұрыс көпбұрыштар, олардың қасиеттері және симметриялары Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпбұрыштарға симметрия осьін жүргізу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): дұрыс көрбұрыштардың симметрияларын білу Сабақ мақсаттары: Дұрыс көпбұрыштарға симметрия осьін жүргізуді үйренеді.....
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дұрыс көпбұрыштар мен шеңбер Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпбұрыштар. Шеңбердің ұзындығы, доғаның ұзындығы. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.3.12 шеңбер ұзындығының, доға ұзындығының формулаларын қорытып шығарады және қолданады; Сабақ мақсаттары: Дұрыс көпбұрыштың анықтамасын біледі; дұрыс көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер мен іштей сызылған шеңбер туралы теоремаларды біледі; .....
Өмірде кездескен қиындықтарды көре жүріп, дұрыс қабылдаған шешіміміз- ертеңгі күннің бағдаршамы. Өйткені, сенің таңдауыңа қарай өмірдің кілті ашылады. Сол кілт бізді өз ортамызға жетелейді. Олай болса, дұрыс таңдау жасау – адами арманның биік шыңы.
Шешім дегенде бәрінің ойына түсетін бірінші таңдау мамандыққа келіп тіреледі. Мамандық таңдау – маңызды іс. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», - деп Жүсіпбек Аймауытов айтып кеткендей ол – сенің алға қойған мақсатың. Мақсатқа жету- тек жақсы маман болу емес, сол мақсатқа жету жолындағы сенің адамдық қасиетің мен қажырлылығың. Ал, менің мақсатым – ұстаз болу. Ұстаз – таусылмайтын кен, тоқтамайтын бұлақ. Менің ұстаз болғым келетін себебі, мұғалім қоршаған ортаға, бүкіл әлемге нұр шашып тұратын жарқыраған күн секілді. «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі», - деп әлемнің екінші ұстазы Әл – Фараби атамыз айтқандай, бар әлемге өз білгенін үйретіп, қаншама жандарды тәрбиелеп, білім көзін ашқан аяулы жан – ұстаз. Мен де осылай өз еліме, соңымнан ілескендерге ұлттық қадір- қасиетіміздің өзге ұлт өкілдерінен артық тұратын ең құнды ерекшеліктерін таныта алатындай үлесімді тигізгім келеді.......
Әрбір адам қандай да бір іс үшін дүниеге келеді. Олай дейтін себебім, кез-келген пенде армандап, өз мақсаттарын құра алғанда ғана адам болып саналады. Ендеше, қабылданған дұрыс шешімдер – адамның бүкіл өмірінің алғышарты, іргетасы және болашағының нұсқаушысы.
Адам – қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Яғни, қоғамның дамуы адамға тікелей байланысты. Ал, әрбір адам өзінің өмір сүріп отырған қоғамына, бір пайдасын тигізіп, оны дамытуға міндетті болып табылады. Сондықтан, адам өз жолын дұрыс таңдай білуі қажет. Себебі, кез-келген адамның өз ұстанымы, таңдауы – өмірлік жемісі әрі еліне қосқан үлесі. Бірақ, адам өзінің икемділігіне, қабілеттілігіне қарай өмір сүруі тиіс. Егер, өмірлік ұстаным адам жанына жақын болмаса, одан еш пайда шықпайды. Өз қалауымен еңбектеніп, өз ортасын таба алған адам ғана, жанына қуаныш сыйлай алады. Оған дәлел, Әл-Фараби атамыз: «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз, даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз», - деп, адамның өз ортасындағы бедел биігі мен қалаған ісіне деген сүйіспеншілігі, ынтасы болса, аз уақыттың ішінде заманның бірден – бір бақуатты әрі бақытты кісісі болатынын айтқысы келді. Сол себепті, дұрыс шешім қабылдап, өзіне не керек екендігін таңдай білген адам ғана саналы ғұмыр иесі әрі нағыз адам болып саналады. Кімде – кім бала кезінен дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдау өмірдің сара жолы екенін білсе, сол адам ештеңеден тайсалмай, қаһармандық жасауға қабілетті деп ойлаймын. Олай дейтін себебім, біздің ауылда жұмыссыз екі қолын қоярға жер таппай жүрген кісілер баршылық.......
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:[/b] Дұрыс көпбұрыштар мен шеңбер [b]Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпбұрыштар салу 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.2.3 дұрыс көпбұрышты салады. Сабақ мақсаттары: - Дұрыс көпбұрыштың анықтамасын біледі; - Дұрыс көпбұрышты салады;.....