Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама. Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс.
Батыс мәдениетінде «Дін» ұғым түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» ұғымының түсінігі. Бұл ұғым түсінікпен жер мен көк /аспан/ арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал екінші, осы латын тіліндегі «religo» ұғым – түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылады.
Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.
Батысқа қарағанда исламдық өркениетте «дін» терминінің мәні басқашалау түсіндіріледі. Мұның себебі «Дін» ұғымының кең ауқымдығы сан қырлы мән мағынасы исламға дейінгі араб елі тұрғындарының әртүрлі түсіндірілуіне байланысты.
Мұсылмандық дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенінадам өз жүрегі арқылы сезіну керек дейді.
Дінді әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады.
Сонымен қатар дін әлеуметтануының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерге байланысты.
Қоғамдағы діннің орны мен қызметі өте күрделі. Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрінеді.
Жұмыстың тақырыбына байланысты классикалық ғалымдардың ой пікірлері. Сол заманның Гобб, Лок, Юм сияқты әлеуметтік теоретиктері діннен табиғаты бойынша қоғамға пайдалы, тұрақтылық Гоббс өзінің еңбектерінде дінде негізделген қоғам үшін жағдайын қауіпті күштерді сараптайды. Ағартудың біршама төмен бағыты діннің әлеуметтік пайдалылығын мойындап ешқандай қоғам дінсіз
өмір сүре алмайды дегенді алға тартты. Бірақ әңгіменің бәрі мынады еді, жаңа заманда еуропа тарихындағы болған оқиғалардағы нақты көрініс берген діни дау-дамайлар мен әлеуметтік жан-жалдардың қайнар көзі болады. Діннің қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қауіп тудырмайтындай әрекетіне жағдай жасап, дінге қоғамнан лайықты орын беру қажет болды. Локк дін мен әлеуметтік өмірдің бұлай үйлесімділігінің бір мүмкіндігі деп, дінді «ресми емес» деп алып мемлекеттен бөлу керек деді. ....