Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балапан және оның достары (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімнің тақырыбы: Сүйіспеншілік пен достық
Сабақтың тақырыбы: Балапан және оның достары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А1 Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.
ӘТН 4.2 Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Мәтін мазмұнын болжай алады және өз нұсқасын жазу кезінде еліктей сөздерді орынды қолдана алады. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Қасым Аманжолов | Сталинград түбіндегі жеңіс халықтар достығы мен әскери бауырмалдылықтың жарқын көрінісі


Совет Армиясының Сталинград түбіндегі жеңісі екінші дүние жүзі соғысының бағытын түпкілікті өзгерткен тарихтағы үлкен оқиға болды. Осы шайқаста Совет Армиясы — гитлерлік Германияның 330 мың әскери тобын талқандап, әскери-саяси жағдайды анти-фашистік коалицияның пайдасына өзгертті. Соның нәтижесінде Ұлы Отан соғысына және екінші дүние жүзілік соғыста түбірлі бетбұрыс жасалды.

«Осы шайқаста Гитлердің таңдаулы әскерлері талқандалып қана қойған жоқ. Мұнда фашизмнің шабуыл дінкесі құрып, моральдық рухы жанышталды. Фашистік одақ ыдырай бастады... Гитлершіл басқыншылар алдын-ала бас имегендердің күш-қайраты екі есе үдеді. «Сталинград» деген сөз қарсылықтың белгісі, жеңістің белгісі ретінде ауыздан-ауызға тарады».

Сталинград түбіндегі тарихи жеңіс дүние жүзіне Совет Армиясының күшін неміс-фашист әскерлерінен артық екендігін көрсетті. Еділ бойындағы шайқастың батырлары мен жеңімпаздары барлық көп ұлтты Совет халқы болды. Бұл жеңіс социалистік қоғамның және оның, мемлекеттің құрылысының салтанатты жеңісі болды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлттар арасындағы достық неден басталады? М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді) (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттар арасындағы достық неден басталады?М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді)
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
ТБ1.5. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Сабақтың мақсаты: Эссе құрылымын сақтай отырып, эссе жазуға дағдыландыру.
Болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолдана білуге үйрету.
Барлық оқушылар:
Үзіндісінің мазмұнын түсінеді. Лексикалық минимумды орынды қолданып, эссе жазады. Болымсыз етістіктің жасалу жолын біледі.
Көптеген оқушылар:
Эссе құрылымын сақтап жазады. Адамды, бір оқиғаны сипаттап жазады. Эссе жазуда болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады.
Кейбір оқушылар:
Үзіндіден аргументтер келтіре отырып, оқиғаны сипаттап эссе жазады. Мәселеге өз көзқарасын білдіріп, баға бере алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нағыз дос (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық
Сабақтың тақырыбы: Нағыз дос
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О7. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау.
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар: мәліметтерді жинақтайды, оқиғаларды сипаттайды, ойларын жеткізе алады.
Көптеген оқушылар:
Оқушылардың көбі мәліметтерді қолдана алады, өз ойларын әсерлі жеткізеді, бағалайды
Кейбір оқушылар:
Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, мәселені жан-жақты талдай алады және бағалауда нақтылық көрсету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Елдос Сметов Бахтыбайұлы (1992 жылы 9 қыркүйек)

Елдос Бахтыбайұлы Сметов (9 қыркүйек 1992 жыл, Тараз Жамбыл облысы) – Қазақстандық дзюдошы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Рио де Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл),Жастар арасындағы Әлем Чемпионы (2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 жыл), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхон, 2014 жыл)
Халықаралық Дзюдо федерациясы 2017 жылдың қаңтар айында бекіткен тізім бойынша 60 кг салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 1-орында тұр.
Жеке өмірі
Елдос Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биология және биотехнология факультетінде оқиды. Әкесі-жеке кәсіпкер, анасы-үй шаруасымен айналысады. Елдос Сметов өзінің дзюдомен кәсіпқой дзюдошы ағасы Жандос Сметовтан үлгі алып, 5 жасынан спортқа белсене араласып келеді. 1998 жылы 6 жасында Алматыда өткізілген республикалық турнирдан өзінің алғашқы жеңісіне ие болды. Кейін Елдос Сметов Астанадағы және Алматыдағы спорт интернаттарында оқыған....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Кірпіге дос табайық ойыны

Сабақтың мақсаты:Балаларға біріңғай заттарға сенсорикалық белгілеріне қарай ажырата, салыстыра білуді бекіту. Үлкен- кіші ұғымдарды білуге үйрету, геометриялық пішіндерді ажыратуды бекіту, ажыратуды әрі қарай дамыту, ойлау , есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қол моторикасын дамыту.,
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Балаларға кірпінің суретін көрсету. Кірпі туралы өлең оқу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап.
Қостілділік компонент:Ежик - кірпі.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Халел Досмұхамедов

Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
1883 ж. сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.
Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.

Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен бірге сайланды.
1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бізге көмектесетін дос туралы әңгімені жазу (2 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2
Сабақ тақырыбы:Бізге көмектесетін дос туралы әңгімені жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.5.1.1 заттың атын/сынын/қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын/қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады.
Көптеген оқушылар: заттың атын/сынын/қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады.
Кейбір оқушылар: заттың атын/сынын/қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде еркін қолданады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру «Достар әні» Фариза Оңғарсынова (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру «Достар әні» Фариза Оңғарсынова
Оқу мақсаты: 3.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі /иллюстрация/ музыка (күй) /мультфильм нұсқасымен салыстыру
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен өлеңді музыка нұсқасымен салыстырып, көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойын жеткізеді.
Көптеген оқушылар: өлең мен музыка нұсқасының нәтижелерін салыстырады және өз пікірлерін айтады.
Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіріп, көркем-бейнелі сөздерді қолдана алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0