Қазақ тілінен сабақ жоспары: Асырап алған жануарды күтіп бағу Ит-адамның досы (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат пен қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Асырап алған жануарды күтіп бағу. Ит-адамның досы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрастыру.
Мәтін,өлеңдерді түсініп оқып, талдау.
Сабақ мақсаттары: О 4 Қарапайым мәтіндероқып, талдайды.
Ж 4 Түрлі көркем сөздерді мәтін ішінен таңдап жазады. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстар біздің досымыз

І - жүргізуші:
Табиғат қандай сұлу, қандай көркем,
Мамырда жасанады гүлдеп ертең
Сылдырлап бұлақ ағып сай - саладан,
Ағаштар жапырақ жайып, қыр көгерген.
Табиғат - халық қазынасы. Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты, күш - қуатты бар игілік пен жақсылықты ол табиғаттан алады.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегінің жанрлық ерекшеліктерін анықтау Мәтіннің жоспарын құру Досы көпті жау алмайды (2 сынып, I тоқсан)

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Ертегінің жанрлық ерекшеліктерін анықтау. Мәтіннің жоспарын құру. Досы көпті жау алмайды.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.2.6.1* Мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.
2.3.3.1 Мұғалім қолдауымен оқылған мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру.
Сабақ мақсаттары: Ертегінің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.
Мұғалім қолдауымен оқылған мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Рәміздер - бірлік пен достықтың негізі.

Рәміздер –тәуелсіздіктің нақты белгісі. Олардың қатарына –әнұран , елтаңба, ту жатады. Бұлар - әрбір тәуелсіз мемлекет үшін ең маңызды қажеттіліктер. Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін, әдет-ғұрпын ,тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады. Бұлар ел үшін, мемлекет үшін қымбат таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат құрметтейді. Рәміздер - біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айнасы. Шаңырақ, уықтар, аңыздағы қанатты пырақтар, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу өте ақылды ойластырылып, бесеуі де бір-бірімен өз үйлесімін тапқан. Әнұранға келсек бұл да қазақтың төл туындысы, салтанатты әні. Оның шырқалуы, шарықтауы, мағыналылығы қоғамдағы атқаратын рөлі өте зор. Бұл - рәміздердің үшеуі де сарқылмас қазына, асыл мұра.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қаһарман қыз - Хиуаз Доспанова

Қаһармандығы тарихта белгілі болғанымен, дүйім жұртқа көп таныс емес қазақтың батыр қыздарының бірі Хиуаз Қайырқызы Доспанова. Ол 1922 жылы Орал қаласында дүниеге келген.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі.
Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Екеуіне ортақ қасиет.
Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Сонымен алған бетінен қайтпайтын пысық қыз 1940 жылы мектепті үздік бітіргенде запастағы ұшқыш деген куәлік те алып шығады. Сөйтіп Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Бірақ ол «жастарға қайда барса жол ашық» деген ұран жұрттың бәріне бірдей емес екенін болжай алмапты. Қазақ даласынан келген қара торы қызға мұндай оқу орнының есігі жабық екен. Сонда, тұңғыш рет маңдайы тасқа тиген жас қатты налиды. Бірақ налыса да жасымаған Хиуаз Мәскеудің 1-ші медициналық институтына оқуға түседі. Бұл жерде де алғыр қыз құрбыларының алды болып жүреді. Сабақты жақсы оқуымен қатар ол спорттық гимнастикамен де айналысып, әрі қоғам жұмысының белсендісі болады.
Сөйтіп жүргенде бір жыл өте шығып, жазғы сессия күндері басталады. Каникулға енді-енді шығайын деп тұрған күндерінің бірінде соғыс өрті бұрқ ете қалады... Бойында патриоттық сезім шалқыған қыз өзге құрбылары секілді демалыста үйіне кетпей Мәскеу қорғанысына қатысу жұмыстарына қалады. Олар әуелі «Метрострой» жүйесінің қарамағында болса, еріктілерді артынан Мемлекеттік қорғаныс комитеті өз қолына алады........
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстар біздің досымыз

Мақсаты: 1. Балаларға құстар туралы түсінік беру.
2. Құстарға қамқор болуға, аялауға бейімдеу.
3. Құстар туралы ой - өрістерін дамыту.
Көрнекілігі: Құстардың суреттері, короналар, шарлар, гүлдер, ертегідегі үй, құстың ұясы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар бізге апайлар қонаққа келіпті. Біз апайлармен сәлемдесіп алайық.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіз бе, апайлар!
Өте жақсы, балалар. Балалар жыл мезгілдеріне тоқталайық. – Балалар бір жылда неше мезгіл бар? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Екі иттің достығы

Бұрынғы уақытта дәулеті асқан, судай тасқан, көңілі жай, төрт түлікке сай бір бай болыпты.
Ол байдың Төрткөз, Мойнақ деген екі төбеті бар екен. Бір күні түс мезгілінде екі төбет өз қызығы өзіне, өз тұрмысы өзіне болып, тамағы тоқ, күн шуақта, үйдің есігінің алдында, бір-біріне қарама-қарсы жатып, өзара әңгімеге кірісіпті. Бұлар жақсылық пен жамандық жөнінде сөйлесіп, өз әлдерінше олардың қандай болатындықтарын тексеріп, оны бітірместен жомарттық жөнінде сөйлесіп, оны бітірместен сараңдық жөнінде сөз қозғап, бірінің басын, бірінің аяғын шатып, ақырында ырылдасып, ақыры әңгіме арнасы араздық пен татулыққа түседі.......
Ертегілер
Толық
0 0