Сұрақ: Духа намазының маңыздылығы қандай, қай кезде оқылады?
Жауап: Дінімізде күннің астыңғы шетінің сыртқы (көрінетін) горизонт сызығынан бір найза бойы көтерілген және күннің тұнық (таза, ашық) аспанда тікелей көзбен қарай алмайтындай дәрежеде жарқыраған кезі Духа уақыты немесе Ишрақ (сәске) уақыты деп аталады. Духа уақтында күннің центрінің шынайы горизонттан биіктігі....
Күршім ауданы жұртшылығы үшін бүгінде үлкен мерекеге айналған айтулы шара –өмірден ерте озған дарынды сазгер жерлесіміз Оралхан Көшеровтің творчествосына арналған, екі жылда бір өтіп келе жатқан «Оралхан көктемі» атты ән конкурсы. Бастабында аудандық деңгейде өткенімен, келе-келе ұйымдастырушылар мен меценаттардың үлкен еңбектерінің арқасында алдымен облыстық, соңынан республикалық масштабтағы ән байқауларының біріне айнала бастаған «Оралхан көктеміне» биыл «фестиваль» мәртебесі беріліп, өз еліміздің әншілерінен басқа, Қытай, Ресей, Моңғолия үміткерлері қызығушылық танытып отырған сыңайлы.Артына елу шақты ән қалдырған, бергенінен берері көп шағында бақилық болған Оралхан марқұмның ән-ғұмыры осылай жалғасып келе жатқаны-оның тыңдармандары үшін көңілге медеу,қуаныш әкелсе, екінші жағынан талай әншінің бағын ашқан дүбірлі додаболғаны күршімдіктердің көңілінде орынды мақтаныш туғызады.Біздің көп ретте осындай игілікті іс қалай дүниеге келді, оның бастауына ықпал еткен кім, оны кімдер жүзеге асырды деген сұрақтарға енжар қарайтынымыз бар. Ал, шындығында, кешегі шаруа-бүгінгі тарих. Сонанда, ерен еңбектерімен ел есінде қалатын біртуар азаматтар жайлы кейінгі буынға жеткізіп отыру-ұрпақтар сабақтастығының бір парасы болар. Осы мақсатта «Оралхан көктеміне» қатысты өзім куә болған бір жәйтті әңгімелеп беруді жөн көрдім. .....
Монополия (грек – moons –жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады. Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін ,ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғ дейін монополиялар шектелген сфераларда болған. Кейін монополиялану процестері заңдылықа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырулық бастаманың күшейуімен байланысты болды. ....
Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал және оның тарихы 1973 жылдан басталғанын көпшілігіміз білеміз. Қазіргі таңда ұялы телефонды қолдану аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кеткені соншалық өмірдің барлық салаларында қолданудамыз. Бәріміз мойындайық, смартфондар адамның жанынан ажырамас бөлігіне әрі көмекшісіне айналды. Белгілі сатирик Тұрсынбек Қабатов айтқандай, қазіргі қоғамның...
Арапа күні – күндердің ең қадірлісі. Сол күні жасалған ізгі амалдардың сауабы бірнеше еселеніп беріледі. Расында, оның нағыз мөлшерін Алладан басқа ешкім білмейді. Дәл сол сияқты, ол күні жасалған күнәлар да бірнеше еселеніп жазылады.
Арафат тауына келер болсақ, ол – Алла Тағаланың қажыларға тарту еткен жері, ал Арапа күні – Алланың, олар қай жерде болмасын, Өз құлдарына берген сыйы. Сол себепті, қажылық жасай алмай, Алланың....
Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы. 1941-1945 жылдар… Күркіреп өткен бір соғыс. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.“Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам”,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғап қалғаны, олардың Отанға, елге, жерге деген үлкен сүйіспеншілігі болса керек. Тарихта баяндалғандай, жеріміздің, еліміздің амандығын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз секілді Ұлы Отан соғысының зұлматты шақтарында ержүрек жауынгерлеріміз кең сахара даламызбен тұтас Отанымыздың амандығын, баянды, бейбіт болашағымызды өжет ерлікпен қорғап шығып, ұлы жеңіс салтанатын күллі әлемге паш етті. Тылда да майданға аттанған жауынгерлердің, оққа ұшқан боздақтардың отбасында тағдыр тауқыметі-үлкен қиындық орын алды. Елдегі ақ жаулықты аналар, сүйіктілерін, ерлерін майданға аттандырған қыз-келіншектер, буыны қатпаған балалар белдері бүгіліп, ұзақты күн білегі талып, “Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!” деп ұрандатып еңбек етті. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды......
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерінің рөліне, диалог, монолог түрінде сөздерді дыбыс ырғағына келтіре айтуға үйрету. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін - өзі еркін ұстауға қалыптастыру. Көрнекілік: Жайлау бейнесі, аңдардың киімі.
Қатысушы кейіпкерлер: Боталы түйе Мысық Ит Әтеш Бақа Лақ Қозы Ара .....
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді. Қолайлы қоршаған ортада өмір сүру әрбір ұрпаққа тән адамның табиғи, ажырамас құқығы екенінің конституциялық жағынан танылуы оның кепілдігін, заңдық тұрғыдағы әдістері мен тәсілдерін бекітуге бағытталған келесі қадам болуы табылады. Бұл ретте Қазақстандық заң шығарушылардың іс-әрекетінде адамның өмірі мен денсаулығын қорғауын, тұрғындардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүруін, еңбек етуін, демалуын қамтамасыз етуге бағытталған принциптер қамтылуын тиіс. Әркімнің қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы халықаралық және мемлекеттік стандарттарға жауап бере алатын қоршаған ортада өмір сүрудің реалды мүмкіндіктерін, экологиялық шешімдерді дайындау, талқылау және қабылдауға қатысу, олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау, нақты және заманауи экологиялық ақпараттарды алу, экологиялық шығынның орнын толтыру мүмкіндіктерін қарастырады.....
Ана деген - байлығың мен барың, Ана деген - тұтастай бір жаның. Ана деген - ауырғанда дәрің, Ана деген - ең жақсы бір әнің. Ана деген - саған жақын адалың, Ана деген - бермеген, тәрбиенің жаманын. Ана деген - сүрінбейтін қадамың, Ана деген - дұға етуші адамың. Ана деген - мейірімі шынайы Ана деген - ауырға да шыдайды. Ана деген - өміріңнің шырайы, Ана деген - жылу берер күн райы. Ана деген - екінші сенің жүрегің, Ана деген - ықылас пен тілегің. Ана деген - аман-сау жүргенің, Ана деген - бір шаттанып күлгенің. Ана деген - махаббаты шексіз, Ана деген - байлығы оның тек біз. Ана деген - сүйеді сені ессіз, Ана деген - менің жәннатым дессіз........