Өлең: Фариза Оңғарсынова (Дауылды аңсау)

Ақтымық.
Теңіз-
Маужырап дел-сал жас келіншектей жар құшқан,
қымсынып жатыр, тұншығып жатыр рахат пенен
алғыстан...
Тәкаппар, тентек теңізге мынау
таңданып кетіп барады
ақ шағалалар таңда ұшқан.
Ұйқыда теңіз,
албырап жатыр қас арулардай құлпырып,
дүние-ай, қанша сұлулық деген, нәзіктік деген
тұр тұнып!
Әншейіндегі арман боп жүрген аспан да
бүгін қас қақпай
телміріп тұрды ынтығып.
Мен тұрдым сонда....
Өлеңдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Суық, аяз, боран, дауыл туралы

Қар жауды деп қуанба,
Артынан аязы болар.
Қожа келді деп қуанба,
Артынан ниязы болар.

Аяз болады, бұлт болады,
Өткен күндер ұмыт болады.

Қарны ашқанға ас салғызба,
Суыққа тонғанға от жаққызба.

Жылыда жинақталмаған,
Суықта қымтала алмайды.

Құдай суықты сырт киіміне қарай жібереді.

Қар суық па,
Қайғың суық па?
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Қазақстан территориясында шаңды дауылға зерттеулер жүргізу

Кіріспе
Жылдамдығы секунднына 10 метрден асатын, күшті желмен көтерілген, қалындығы 100 метрден асатын атмосфера қабатына енген шаң-тозаңдар ағыны – шанды борандарға жатқызылады.
Шаңды дауы пайда болу үшін екі жағдай қажет, яғни күшті жел және топырақтың борпылдақ болуы. Кеуіп қалған топырақ пен шөптің сирек өсетін жерлерінде, 8-10 м/с жел жылдамдығында байқалады. Басқа кездерде желдің жылдамдығы 20 м/с-тан асса да байқалмауы мүмкін. Оның негізгі себебі топырақ бетіндегі 20 см су қоры мен оның құрылымы емес сонымен қатар оның кедір-бұдырлығы және термикалық тұрақтылығы болып табылады.
Осы жұмысты зерттеулері бойынша қорыта келетін болсақ 1997 жылы өте ұзаққа созылған шаңды дауыл байқалмаған. Қазақстан территориясында батыста, солтүстікте және оңтүстікте байқалған. Шаңды дауылдың жылы кезеңге қалыптасуы, топырақтың кебуі және топырақ бетін жел соғып құнарсыздандыруынан шаңды дауыл қалыптасады.
Шаңды дауылдардың мамыр мен маусымда пайда болуы мередиональды процестер мен сипатталады, солтүстік батыс, солтүстік және ультрополярлы енулермен жақсы көрсетілген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Дала дауылы)

Неваның толқын сыймай арнасына,
(Қарап тұр соны біреу жар басында)
Дауыл қысып тұрғандай долданады,
Аспанда аңдай бұлтпен арбасуға.
Шымырлап моншақ беті ширық атып,
Шың қаққан толқындарын шуылдатып.
Адмирал мұнарадан асып асқақ,
Тұр жайнап қызыл маяк — шұғыла тік.
Тәкаппар дария бұл дүниеге,
Болмаса көк дауылы түйіле ме?
Тулаған көк төсінде төтеп толқын,
Шүйіліп ескі жаға бүйіріне .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Дауыл алдында)

Орынбор. Станция. Қалың жиын.
Гулеп сөз, соққандай бір дауыл құйын.
Жарыса сөйлеп жатыр ызалы жұрт,
Замана ағысымен даулы қиын.
— Жоқ, енді басқа майдан бастау керек!
— Советті «Уақытшаға» қоспау керек!
— Өршісін Отан үшін әлі соғыс!
— Уақытша үкіметті қостау керек..
Мазағы буржуйлардың жетті бізге!
— Беріңдер бостандықты нанға бөлеп...
— Болмаса, аласыңдар қанмен елеп.
Солай бір шуылдасқан ашынған топ.
Айқайлар көпке дейін басылған жоқ.
Тосын бір мұртты жігіт сөйлеп, міне .....
Өлеңдер
Толық
0 0