Өмірбаян: Бахаргүл Төлегенқызы

Бахаргүл Төлегенқызы – танымал топтамашы-этнограф, Қазақстандағы түркі халықтарында сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдарының бірден-бір жеке мұражайының иегері болып табылады. Қазақ ұлттық кәдесыйларын жасап шығаратын «Әдемі-Ай» компаниясының президенті.

Балалық шағы мен жастық шағы Қытай Халық Республикасында өткен Бахаргүл Төлеген бала кезіндегі арманын жүзеге асырды, 1994 жылы тарихи отанына оралды. Сол сәттен бастап Бахаргүл өмірін қазақ ұлттық мәдениетін насихаттауға, әрі құнды тарихи жәдігерлерді сақтауға арнады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бибігүл Сүйіншәлина Ақтанқызы (1991 жылы 4 шілде)

Сүйіншәлина Бибігүл Ақтанқызы - актриса, кәсіби модель.
1991 жылы 4 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.
Кішкентай кезінде ата-анасымен бірге Мәскеуге қоныс аударған. Еңбектегі алғашқы тәжірибесі – 2 жаста теледидар жарнамасында кішкентай жапон баласының рөлін ойнаған. 9 жаста НурМур «Жұлдызым» тобының музыкалық клипіне түскен. 15 жасында келісімшарт жасап Сингапурде және Тайландта модель болып жұмыс істеген. 2006 жылы ресейлік белгілі «Громовтар. Үміт үйі» телевизиялық сериалында Файка рөлін ойнаған. Осы рөлден кейін Бибігүлді басқа жобаларға да шақыра бастады. 2007 жылы режиссер Олег Фесенконың «Сага о хантах» фильміндегі рөлде ойнады. 2009 жылы қатарынан 3 фильмде: «Трубадур» – Зарина басты рөлінде, «Астана – менің махаббатым» – Маржан басты рөлінде, Әмір Қарақұловтың «Виртуальная любовь» фильмінде – Эля басты рөлінде ойнады. 2013-2014 жылдары ресейлік «Выжить после» 12 сериялық телевизиялық фильмінде Айжан рөлінде, барлығы Бибігүл 12 кино және сериалдарда ойнаған. Қазіргі кезде ол ресейлік мемлекеттік аграрлық университетінде спорттық ат баптау мамандығы бойынша сырттай дәріс алуда. Сонымен бірге, Берлин қаласында неміс тілін үйренеді. Фотосуретке түсіру және сурет салу өнерімен шұғылданады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Гүлшат Тұтова Әбсаттарқызы

Тұтова Гүлшат Әбсаттарқызы - актриса.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген.
1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Ұлттық Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. Театрда осы жылдан бастап қызмет етеді.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: А.Сүлейменовтің «Кегінде» әйел (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Көрші әйел (реж. Б.Омаров), Д.Амантайдың «Сәлеметсің бе, қоңыр мұңында!» Әйгерім, Ә.Ақпанбетұлының «Дүние-думанында» Бибіш (реж. Қ.Сүгірбеков), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Шолпан (реж. Т.әл-Тарази), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Күләй, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағдат (реж. Б.Атабаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Зира (реж. Е.Обаев), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Зина, Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Айжан (реж. О.Кенебаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Жеңгей, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Қарлығаш (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Назгүл (реж. Ә.Рахимов), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ағира (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Қамқа (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Гүлнар Досматова Абдуллақызы (1964 жылы, 5 қараша)

Гүлнар Абдуллақызы Досматова - (5.11.1964 жыл, Алматы) - киноактриса, тележүргізуші, ҚР халық әртісі,.
ҚазҰУ-ды бітірген (1989). Кинодағы алғашқы елеулі рөлі "Даладағы қуғын" (Бандыны қуған Хамит) фильміндегі - Әйгерім (1979). Сол фильмнен Гүлнар кішкентай болғанымен де бірден атақты бола шықты.
1985 жылдан "Қазақфильм" киностудиясының актрисасы. Досматова 20-дан астам фильмге түскен. Мысалы, "Жеңімпаз" (1982), "Мерекенің үш күні" (1981), "Кардиограмма" (1995), т.б. Отандық "Тоғысқан тағдырлар" телесериялында ойнады.
1985 ж. Минскіде өткен Бүкілодақтық кинофестивальда "Адамдық фактор" фильміндегі ролімен "Ең үздік әйел бейнесі" үшін жүлдесін жеңіп алды. 2000 ж. "Жыл таңдауы" байқауында "Жылдың үздік актрисасы" атанды.
Ал 1982 жылы оны диктор болуға телевизияға шақырылды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Назгүл Кенжетай

«Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының ІІ кезеңіне Қызылорда облысынан ұсынылған үміткерлермен таныстыруды жалғастырады.

Назгүл Кенжетай – халықаралық әскери тілші, фотограф-журналист. Оның фотосуреттері BBC ақпараттық агенттігінің сайтында жарияланған, Катар, Түркия және Еуропа елдерінде өткен көрмелерге қойылған.

Түрік бұқаралық ақпарат құралдары Назгүлді Қазақстаннан шыққан тұңғыш әскери тілші әйел ретінде таниды. 23 жастағы бойжеткен босқындардың шынайы өмір салтын көрсету үшін БҰҰ мен ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, бірнеше рет Түркия мен Сирияның шекарасына арнайы барған. Өзінің айтуынша, мақсаты – Отанынан, түп қазығынан айырылған адамдардың тағдырына әлемнің назарын аудару, сол арқылы бейбітшілікті насихаттау.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Гүлдерайым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ көңіл ағызайық әннің майын,
Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын.
Астынан алты қырдың шыққан даусым,
Жетсе екен құлағына қалқатайдың.

Ахау, Гүлдерайым,
Күн мен айым.
Ұшарға қанатым жоқ,
Неғылайын. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Гүлдене бер Республикам менің

« Менің елім-Қазақстан» Қазақстанға әлемнің басқа елдері қызыға да, қызғана қарайды. Олар біздің көнбіс те еңбекқор халқымыз бүкіл Европаның қоректендіре алатын дүние жүзіндегі ең тамаша бидайды өсіре білетіндігі үшін сыйлайды. Енді біреулері біздің жеріміздің кеңдігіне, өзен-көлдеріміз бен байтақ далаларымызға қызығады. Ал биылғы жұртшылықтың көбі дала данышпандығы мен көрегендігінің үлгісі сынды өзін жақсы басшы ретінде көрсете білген Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай президентіміздің барлығына қызығады.
Қазақстанның егемендігі туралы декларация. 1991жылдың желтоқсанында екі тарихи оқиға болып өтті. Біріншіден, аса қуатты мызғымас держава болып есептелетін КСРО мемлекеті бірақ сәтте таратылды. Екіншіден, одақтың бір мемлекеттің орнына 15 дербес республика пайда болды. Ескі мемлекеттік құрылыс бұзылып, жаңа типті мемлекет пен жаңа құқықтық жүйе қалыптаса бастады. Ал, 1991жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР-ның конститутциялық Заңы жарияланды. Бұл-еліміздің ешкімге тәуелсіз дербес мемлекет екендігін дүниежүзіне әйгілеген аса қасиетті құжат. Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай, өз бетінше өмір сүріп келеді
Гүлдене бер Республикам менің.
Республикамыз егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері елімізде әр қилы өзгерістер өтіп жатыр. Қазақ жастарының Кеңестік империялық саясаттық өтемдігіне қарсы бас көтерген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы тәуелсіздігіміздің бастауы болғаны белгілі. Іле-шала Балтық жағалауы республикаларында, Грузяда,Молдавяда, толқулар болып өтті де, тәуелсіздік лебі айқынырақ сезім бастады.
Халықтың хан мен теріне суарылған кеңестік қатал жүйе елдің ынта-жігерін тұсап, күш-қайратын құрсаулап келгені анық. «Ұзақ жылдар бойы халықтың бойындағы буырқанған қуат дамуға емес, өлместің күнін кешуге жұмсалып жатты,-деп атап айтылды жолдауда. Біз жаңа жүз жылдықтың табалдырығына қилы-қилы мұраны арқалап жеттік, сонымен бірге ұлттық тарихта бізге дейін ешқандай ұрпақтық қолына тимеген мүмкіндікті ала келдік.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Гүлжан Сәрсенбаева Искендірқызы

Сәрсенбаева Гүлжан Искендірқызы – кардиохирург, ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының кардиохирургия және интервенциялық кардиология кафедрасының меңгерушісі.

Мен ота кезінде және отадан кейін жүректің патологиясын көруге көмектесетін жүрек ақауларын ультрадыбыстық диагностикалауға ие жүрек хирургтарының бірімін. Бұл – болашақта монография жазуда білімімді қалыптастыруға көмектесетін зор тәжірибе.
Қазіргі таңда педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының кардиохирургия және интервенциялық кардиология кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарамын. Біздің орталықтың мамандары мен республиканың балалар дәрігерлері күн сайын балалар арасында ауру және өлімнің көрсеткіші жақсарғанын еңбегімізбен көрсетіп келеміз.

Педиатрия бойынша республикалық жетекші клиникаға мен 17 жыл бұрын жас дәрігер болып келдім. Осы клиникада тәжірибелі дәрігер, ғылыми қызметкер болып қалыптастым. Менің барлық жетістіктерім балалардың денсаулығына бағытталған.
Жастайымыздан ата-анамыз бізді кітап оқуға үйретті. Біздің үйде кітаптар өте көп болды. Менің сүйікті кітабым, үлкен энциклопедия болатын. Сол арқылы көптеген терминдермен таныстым. Мектеп қабырғасында С.Беляевтың «Голова профессора Доуля» және Л.Толстойдың «Гиперболоид инженера Гарина» атты кітаптарын оқуым дәрігер мамандығын таңдауыма себеп болды. Маған сол кітаптарда жазылған технологиялар қызықты болатын. Мен сол кезде қиял-ғажайып санаған технологиялар қазіргі уақытта енгізіліп жатыр....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0