Бөлме гүлін баптау

Бөлменің сәнін келтіретін үй өсімдіктері мен гүлдер ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан оларды аптасына 1-2 рет жылы сумен жуып тұру керек. Одан өзге гүлдерді өсіру, баптау тәсілі санқырлы. Назарларыңызға бөлме гүлдерін әдемі етіп өсіру мен баптауға арналған кейбір кеңестерді ұсынамыз.

• Бөлме өсімдіктерін бойына қарай ретімен орналастырады. Сонда олардың барлығына ауа мен жарық жеткілікті, өсуі қарқынды болады.

• Жаз мезгілінде күн көзі гүлдерге тікелей түссе, қурап кетпес үшін көлегейлеу қажет.

• Гүл әдемі болып өсу үшін, оған құятын суды 1 күн бұрын ыдысқа құйып, бөлме ішіне беті ашық күйінде қояды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Гүл сыйлайық анаға

Тақырыбы: 8 - наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік. "Гүл сыйлайық анаға"
Мақсаты:
1. Білімділік.
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы мазмұнын бейнелеу. Анаға деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. Нәзік сезіммен, мазмұнын сезініп орындауларын көру.
2. Дамытушылық.
Сюжеттік - рольдерді ойнау арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін көру.
3. Тәрбиелік.
Ана деген сөздің мазмұнын кеңірек ашу арқылы бала бойынан ізгілік, мейірбандық, адамгершілік қасиеттерді бойына қаншалықты сіңіргендігін байқау.
Кейіпкерлер:
1. Қызыл телпек
2. Әже
3. Көктем
Әсем безендірілген залда "Анашым" әні баяу естіліп тұрады. Ер балалар қыздардың қолдарынан ұстап кіреді де, ілтипат білдіріп қыздарды жайғастырады.
Жүргізуші:
Қымбатты ақ жаулықты әжелер, абзал аналар, ару қыздар! Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі 8 - наурыз Аналар күнімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз көктем күніндей шуақты, көктем гүлдеріндей нәзік те, жайдары болсын деп тілейміз.
Қазіргі де бұрынғы өткен заманда,
Ананы қадірлемес адам бар ма?
Аналар ардақтылар жасай берсін,.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Күлсе аузынан будақ-будақ гүл түсетін жыласа көзінен моншақ-моншақ маржан түсетін құс

Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты Асан, ортаншысының аты Үсен, ал ең кенже баласының аты Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақкөңіл бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен, Асан мен Үсенді шақырып алып айтады: «Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса, маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы. (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею
Сабақ тақырыбы: Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Өздігінен және айқас тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі ретінде гүлдің құрылысын қайталау.
Гүлді өсімдіктердің тозаңдану тәсілдерін зерттеу. Айқас және өздігінен тозаңдану түрлерін салыстыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Бақбақ гүлінің адам денсаулығына пайдасы

Бақбақ гүлі – көктемнің тұңғыш гүлі. Ол еліміздің барлық өңірінде өседі. Оны ел ішінде «сарғалдақ» деп те атайды. Біз бүгін сіздерге бақбақ гүлінің адам денсаулығына пайдасы туралы айтқымыз келіп отыр.

✅ Диабет кезінде

Бақбақтың уақтап туралған тамырын 1 стақанға салып, шай секілді қайнатып ішіңіз. Күніне осылай 3-4 рет ішіп отырсаңыз, диабеттің алдын аласыз.

✅ Онкологиялық аурулар кезінде

Бақбақтың 100 г жас жапырағын тұзды суға малып, оған 50 г ұсақтап туралған жуа мен 25 г ақжелек қосып, өсімдік майымен араластырып ішіңіз. Сонда сіз түрлі онкологиялық аурудан аман қаласыз. Әлсіреп қалған кезде де пайдасы мол.

✅ Бүйректің қабынуы кезінде

Бақбақтың тамырын үккіштен үгіп, күніне 2 рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын тұтыныңыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0