Ертегі: Кішкене Иданың гүлдері

Менің бейшара гүлдерім мүлде солып қалыпты, – деді Ида. – Кеше кешкілік соншалық әдемі еді, енді, міне, қылжиып жатыр. Неге бұлай? – Ол диванда отырған студенттен осылай деп сұрады.

Қыз студентті өте жақсы көретін. Өйткені ол таңғажайып әңгімелерді майын тамызып айта беретін және ағаштан жонып, ішінде кіп-кішкентай бишінің бейнесі бар жүрекше, гүл, есік-терезесі ашылып-жабылатын керемет сарайлар секілді ойыншықтар жасайтын. Студент өте бір көңілді жан еді.

— Бұларға не болған? – деп қайталап сұрады да, қыз солып қалған бір шоқ гүлді көрсетті.

— Не болғанын білесің бе? – деді студент......
Ертегілер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Гүлдене бер Астана

Гүлдене бер Астана
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, Астана қаласы туралы слайд.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, ән, тақпақтар айту, слайд арқылы түсіндіру.

Жүру барысы:
Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!
- Қайырлы таң, қонақтар!
- Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Жылулық шеңбері. - Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.
- Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!
- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.
Деніміз сау болсын! Күніміз күлімдесін!
Еліміз аман болсын! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0