Bia.kg сайтының редакторы мен "Алиби" газетінің журналисі Упел Анаркулова ЖК-ның қандай да бір депутаты өзін 10 еркекке зорлатамын деп қорқытып жүргенін әлеуметтік желіде жазды деп хабарлайды zanoza.kg сайтына сілтеме жасап nur.kz.
Әнші әрі қоғам қайраткері ретінде танымал Бекболат Тілеухан бүгінгі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттарға қатысты өз ойын ортаға салып, жезөкше атанған қазақ қыздарын қалай жөнге салу керектігін айтты. Ол "Қазақ" газетіне арнайы сұхбат берді, деп хабарлайды nur.kz.
Білесіз дүние жүзі толған халық, Олардың арасында бар көп парық. Алты айлық алыс сапар аралары, Тұрады бір-бірінен хабар алып. Шашатын сол хабарды газет-журнал Хал-жайын, шаруаларын түгел жазып. Жетеді күн батысқа.....
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, белгілі жазушы Нұрғожа Ораз 84 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын даналар сөзі, бабалар өсиетінің бір бөлшегі ауызша жетіп отырса, көп бөлігі тасқа таңбаланып, ақ қағаздың бетіне маржандай тізіліп бүгінгі күнге жетті. Тіпті кейбірін оқи алмай отырған отырған жайымыз бар. Оның себебі қазақтың тарих көшінде түйесін ауыстырған жолаушыдай әліпбиінің бірнеше мәрте өзгеріске ұшырауы болып табылады. Айдауына жүретін, ыңғайына көнетін жайлы түйесін тартып алып өзгесіне мінгізсе, жолаушының астындағы түйесімен алысып жүріп көштен қалып қоятыны секілді қазақ та ой сандығындағы талай маржандарды төгіп, шашып алып, көшке әрең ілесіп келді. Әдейі сүріндіру де болды. Бас аяғы айналдырған 5-6 жылдың ішінде әліпбиін 4 мәрте өзгертуді - әдейі сүріндіру демеген де қалай атауға болады? Өйткені әліпби ауыстырудың соңы сауатсыздыққа әкеліп соғатыны айтпаса да түсінікті. Сол себептен де әліпби - белгілі бір топтың немесе мамандардың ғана талқылар нысаны емес, тұтыс бір ұлттың тағдыры, болашағы. Ахмет Байтұрсынов айтқан халықтың құлағы, көзі һәм тілі баспасөз бұл үлкен мәселеден де шет қалған жоқ. Сонау 20-ғасырдың басынан бері журналист жан айқайының себепшісі болып келе жатқан әліпби мәселесі бүгін де өз шешімін тапқан жоқ. Қайта өршіген үстіне өрши түсуде. Бірі латынға, бірі төте жазуға, үшіншілері көне жазуымыз – рунаға көшейік десе, төртіншілері «басты қатырмай, артық проблема туындатпай кирилше жаза берейік» дейді. Құдды бір, аққу, шортан һәм шаян дерсің. Ал ортада көкпарға түскен серкедей халық бар. Ғалымдар ұсынып отырған харіптердің қайсысы қазаққа тиімді? Бұл сұрақтың жауабы әлі табылған жоқ. Баспасөз бетінде де жан-жақты талқылаулар, пікір-таластар көп. Солардың бірі, қазақ тілінің де, ұлтының да жанашыры «Ана тілі» газетінде материалдар оқырман назарына молынан ұсынылуда. Сондықтан да бір ұлтты тағдырына, бір халықтың болашағына әсер етер, менің бітіру жұмысыма арқау болып отырған тақырыпты ең өзекті мәселе дер едім. ....
"Қазақ әдебиеті" газеті алғашқы санынан бастап ұлт мүдесін ұлықтап, ұлттық дәстүрімізді жазып келе жатқан басылымның бірі. Осы басылымға сол кезеңде газеттің бас қасында болған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов және өзге көптеген тұлғалар мен қатар, публицистикалық мақалаларын да жариялап келгені де жұртшылыққа белгілі. Сөйтіп «Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы санынан бастап, күні бүгінге дейін публицистика жанры тұрақты орын алып, қазақтың ұлттық мүдесін қорғау жолындағы күресте алдыңғы қатардан көрініп келеді. Иә, еліміз егемендік алғаннан кейін «Қазақ әдебиеті» газеті жаңа сапалық белестерге көтерілді. Қазақ халқының ғасырлар бойғы жасаған рухани мұрасын енді ұлттық мүде тұрғысынан саралау ісін көтеріп, әдеби-мәдени ой-пікірдің орталық қазынасына айналды. Әсіресе, қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы арман-аңсарлары көрініс тауып, күрес жолдары жырланған шығармаларды қалың оқырманға жеткізген де осы басылым. «Қазақ әдебиеті» газеті қашан да ұлт мүдесі жағынан табылып келген газет. Газет бүгінгі күні де қай жағынан болмасын терең тақырыпта өзекті мақалаларды жазып халық көңілінен үлкен орын алуда. ....
1. «Қазақ» газетінің шығу тарихымен танысу. 2. Газеттің ұстанған бағыт - бағдарын, мақсаттарын сараптау. 3. «Қазақ» газетінде басылған Әлихан Бөкейханов көсемсөздеріндегі елдік мәселесін талдау арқылы ой қорыту. 4. Алаш мұрасын жас ұрпаққа оқытудың тәрбиелік тиімділігін зерделеу. Өзектілігі: Өзінің туған тарихы мен әдебиетін, тағылымы мол әдеби мұрасын таныған және астарлы ойды терең ұғына білген ұрпақ қана елдің әлеуметтік - саяси өмірін жаңғырта алады. Мәселе: Алаш қайраткерлері әдеби мұрасының ұрпақ тәлім - тәрбиесіндегі алар орны қандай? Күтілетін нәтиже: «Қазақ» газетінің Алаш елі тарихында алған орнын зерделеу арқылы жас ұрпақтың саналы әрі рухани жан дүниелері кең тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. Жұмыстың практикалық маңызы: Жоба барысында тақырыптық, мазмұндық тұрғыдан талданған деректер үйірме, арнайы курс жұмыстарына жәрдемші құрал бола алады......
Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905-1907 жылдардағы революцияның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден (Шахмардан) Қосшығұловтың (қосарлас редакторы А. Ибрагимов) бастамасымен “Улфат” газетіне қосымша ретінде “Серке” газетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3-4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, газет жабылып қалған. 1907жылғы наурызда Троицкіде “Қазақ” газетінің бірінші, әрі соңғы нөмірі шықты. Тыйым салынған екінші нөміріндегі “Біздің мақсаттарымыз” деген бас мақалының авторы М. Дулатов еді. Нақ сол жылы қазақ жастарының Томск қаласында “Дала” газетін шығаруды жолға қоймақ болған әрекеті де табысқа жеткізбеді. Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығыныңұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911жылғы 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді “Қазақстан” газеті шықты. 1911-1913жылдарда (қаңтар-ақпан) небәрі 16 нөмірі шығарылды (редакторы Елеусін Бұйрин). Газет “кәсіпкерлік пен ғылымға үйрету” ізгі мақсат деп санады. Профессор Ү. Субханбердинаның пайымдауынша, газет прогресшіл-демократияшыл түсінікте болып, отандастарын орыстың озық мәдениетін меңгеруге шақырған. Ол оқырмандарына кітап шығару жаңалықтары туралы хабарлап, шаруашылықты прогресшіл жолмен жүргізу жөнінде кеңестер беріп отырды. Оның беттерінде Гурьев уезінде жаңа мұнай кенішінің ашылғаны туралы хабар бірінші болып жарияланды. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда “Емші даласы” газеті шығып тұрды. Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың түрлі топтарының өскелең талап -тілегін қанағаттандыра алмады. Жалпы ұлттық көлемде мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпыұлттықт проблема болып қала берді. “Айқап” журналы. Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М. Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды. “Қостанай уезінің Шұбар болысы № 5 ауылының қазағы М. Сералинге, - делінген құжатта,- Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайын “Эй-кафь” журналын шығаруға рұқсат берілді”. Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңсаған армандары орындалды:1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап” ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Нақ соның, ал кейініректе, 1913 жылғы 2 ақпанда Орынбор қаласында шыққан “Қазақ” газетінің де тағдырына жалпы ұлттық басылымдар болу жазылған еді. Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929) бұрын педагоктік және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған. Кеңестік тарихнаманың дегені жүріп тұрған кезеңде көптеген зерттеушілер идеологияға жағынып, М. Сералинді XX ғасырдың басында Оңтүстік Оралдың революцияшыл социалдемократтардың шеңберіне кезігуге тырысты. Мұның бәрі “Айқап” журналын кеңес өкіметі контрреволюциялық ұлтшыл деп айыптаған “Қазақ” газетіне қарсы қою мақсатымен жасалған еді. М. Сералиннің өз айтуына қарағанда, журнал “еңбекші таптың органы болған жоқ. Халықтық болған ол белгілі бір таптық, саяси және экономикалықбағдар ұстанбады ”. “Оренбургский край” газетінің журналды “жергілікті халықтық басылым” деп атағаны кездейсоқ емес.....
КIРIСПЕ Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Газет тiлiнiң қазақ тiл бiлiмiнде зерттеушiлер назарында жүрген сала. Алғашқы басылымдар мен бүгiнгi күнгi газеттер тiлi әр түрлi аспектiлерде қарастырылып келедi. Сондықтан да газет лексикасының қабаттары әр қабатқа сай ерекшелiктер, газет тiлiндегi жаңа қолданыстар, сәтсiз баламалар мен ұтымды атаулар, олардың әдеби тiлдi дамытудағы рөлi мен қызметi туралы мәлiметтердiң болуы көп жылғы зерттеулердiң жемiсi болмақ. Зерттеудiң мақсаты: Газет тiлiн зерттеу қажеттiгiн тудыратын факторлар сан алуан. Газет тiлiн зерттеу арқылы жалпы қазақ тiлiнiң даму бағытын, деңгейiн аңдауға болады. Газет тiлi құрылымы мен жүйесiне сай жиi қолданылатын тiлдiк бiрлiктердi сөзге тән өзге де ерекшелiктер аясын айқындау және олардың жасалу жолдарын сипаттау барысында сөзжасамдық амал-тәсiлдерге тоқталу қажеттiлiгi туындайды. Зерттеудiң әдiстерi: Газет-ақпарат жеткiзiп, үгiт-насихат тарататын орган. Оның аталмыш қызметтерi бұқара, әлеуметтiк ортамен тығыз байланысты. Сондықтан да газет тiлiн әлеуметтiк ортамен тығыз байланысты, газет тiлiн әлеуметтiк лингвистикамен ұштастыра зерттегенде он нәтижеге қол жеткiзуге болады. Зерттеудiң ғылыми жаңалығы: Бүгiнгi күнде қазақстан аумағында газет-журналдар, телеканалдардың бәрiн қоса есептегенде жалпы саны 356 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет атқарады. Соның iшiнде газеттер туралы мәлiметтерге көңiл аударғанда, олардың саны мен түрлерiнде, типтерiнде бiрқатар сапалық та, сандықта өзгешелiктер пайда болғанын аңғардық. Айталық, газеттердiң мемлекеттiк және мемлекеттiк емес түрлерi пайда болған. Бiрақ, мемлекеттiк емес қазақ газеттерi саны мен сапалық көрсеткiшi жағынан әлi де өз деңгейлерiне жете алмай жатқанын аңғару қиынға түспейдi. Әр газет типiне орай олардың айдар, тақырыптарында айырмашылығықтар болады. Бұл айырмашылықтар сөз қолданыста (арнайы лексиканы қолдануына орай, кiрме сөздер мөлшерiне қарай) айқын байқалғанымен, жалпы газет атаулының айдар, тақырып, жанрлары құрылымында аса көп өзгешелiктер жоқ. Зерттеудiң теориялық, практикалық маңызы: Қазақ публицистикасы стилiнiң пайда болып, қалыптасып, дамуындагазет тiлiнiң, олар атқарған, әлеуметтiк-қоғамдық қызметтерi түрлерiнiң (ағартушылық, ақпараттық, әдеби тiлдi жетiлдiру) әсер-ықпалы мол екенiн бiлемiз. Зерттеу-жұмысының құрылымы: Сонымен бiрге, газет лексикасының құрылымы мен жүйесiне тән ерекшелiктердi тану, оның құрылысына (айдар, тақырып, жанр кейбiр мәтiндiк ерекшелiктерiне) тоқталу, сондай-ақ газет лексикасының типтерiн қоғамдық-саяси лексика, бағалауыштық лексика, бейтарап сөздер қатарын анықтау, оларға тән тiлдiк қабаттарға тарихи-сементикалық талдаулар жасау. Жұмыста, сондай-ақ, тiлдiк жүйе мен құрылым, оларға тән парадигмалық және синтагматикалық қатынастардың газет лексикалы деңгейiнде көрiнуi негiзделедi, талданады....