Курстық жұмыс: Саясаттану | Батыс Еропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары

Кіріспе
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Европаның қоғамдық-саяси өмірінде буржуазиялық тәртіптер онан ары нығая түсті. Әсіресе XVIII ғасырдың аяғындағы Ұлы Француз революциясы Европада капитализмнің дамуына мықты серпін берді.
Алайда бұл капиталистік қатынастардың қарсыластары да көптеп табылды. Өмірге ене бастаған буржуазиялық тәртіптерді дворяндық-аристократиялық, феодадцық-монархиялық топтар қаламады, олар өздерінің жоғалтып алған ескі жеңілдіктерін қайта қалпына келтіруге ұмтылды. Бұлардың идеяларының бүтіндей комплексін консерватизм деп атау қабылданған. Консерватизмнің ең кеңінен таралған кезі XIX ғасырдың алғашқы ширегі. Социализм мен либерализмге қарағанда консерватизмнің нақты белгіленген тұрақты концептуалды өзегі болған жоқ. Сондықтан да оның саяси-заңгерлік идеялары оқулықта қарастырылмайды. Бірақ өз заманында консервативтік көзқарастарымен кеңінен танымал болған есімдерді ескерген жөн. Олар ағылшынның саяси өдебиетінде Эдмунд Берк (1729—1797), француздарда — Жозеф де Местр (1753—1821) және Луи де Бональд (1754—1840), немістерде — Людвиг фон Галлер (1768— 1854) және Адам Мюллер (1779—1829).
Капиталистік тәртіптерге консерваторлардан гөрі барынша қарсы шыққан социалистік лагерьдің өкілдері болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салық механизмі және қазіргі кезеңдегі қызмет етуі

Салық жүйелерi, мемлекеттiң экономикаға қатысу формасы ретiнде ұдайы өндiрiстiк процесстiң барлық кезеңдерiндегi капиталға әсер етедi. Салық жүйелерi арқылы мемлекет бюджеттiң табыстық және шығыстық бөлiгiн реттеп отырады, ондағы оның мақсаты-экономиканың перспективтi салаларын дамытуға қолдау көрсету, экономиканы дағдарыстан шығару және экономикалық жүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қолдау көрсету. Салық салуды ұйымдастыру мемлекеттiң өз функцияларын тиiмдi атқаруға мүмкiндiк бередi, бұл экономиканы салықтық реттеудiң қажеттiлiгiн және мiндеттiлiгiн анықтайды. Осыған байланысты, тиiмдi құрылған салық салу жүйесi экономиканың керi беталыстардан тәуелдiлiгiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Мұндай жағдай салық салуды ұйымдастыруды бiрiншi кезектегi маңызды мәселелердiң қатарына жатқызады және жүргiзiлiп жатқан салықтық реформалардың теориялық және әдiстемелiк негiзделуiн қажет етедi. Аталмыш проблема салықтық базаның және салықтарды есептеу сұрақтарын, сондай-ақ салық салудың хұқықтық аспектiлерiн қалыптастыру мәселелерiн қозғайды. Бiздiң ойымызша, бұл мiндет салық салу жүйелерiнiң құрылымын оптимизациялау негiзiнде шешiлуi керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Ипотекалық несиелеу және оның Қазақстанда дамуы

Қазақстан банктерінің депозиттік операциялары пассивтік операциялардың ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік агенттер есебін қамтиды. Сондықтан Қазақстан банктері депозиттермен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптсатырып отыруы керек. Депозиттік саясат дегеніміз- коммерциялық банктердің нарықтық ортада сырттан қаржат тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттердің жиынтығы.
Бнк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген кемшіліктердің бар екндігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған кемшіліктер Қазақстан Республикасының Нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола қоймағандығымен түсіндіріледі.
Осы тақырыптың ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі - ол банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін, яғни депозиттік салымдарын қайтарып беру бойынша кейбір жағдайларда өз міндеттемелерін мезгілінде орындай алмай қалып отыруында болып тұр.
Негізінен депозиттік саясаттың мақсаты - олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдану үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.
Коммерциялық банктердің негізгі қызметі – салымдарды тартумен байланысты салым операциялар болғандықтан, осы операцияларды жүргізуде банктер өз кәсіби шеберліктерін, заңдық, әдістемелік, техникалық негіздерін және тағы басқа тұстарды әр уақытта жетілдіріп отыруы қажет.
Егер банк жүйесінде салым ретінде салынған 1000 теңгенің мультипликациялануы нәтижесінде 20000 теңгеге дейін артатынын ескерсек , онда халық қолындағы экономикаға тартылмай отырған қаражаттардың біз үшін қаншалықты маңызының бар екенін көруге ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Инфляция түсінігі түрлері мен туындау себептері

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция. /1, 7б./
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Явалықтар көтерілісі)

Ашу мен кек іркіліп,
Бойға қуат құя ма?!
Джунгли боп бір күні
Бас көтерді Ява.
Ұран тастап әр үйге
Қару алды ер кіндік.
Өмір қымбат, әрине,
Одан гөрі еркіндік!
Бұзып заман түрмесін,
Буырқанып, қақ дабыл!
Отаршылдық іргесін
Солқылдатты көк дауыл. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекеттік басқару | Мемлекеттік басқару қызметінің стилі

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы еліміздегі басқару стилінің даму жақтары болып табылады . Бұл жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады .
Басқару қызметкерлерінің әр түрлі қасиеттері бойынша көрініс тапса да , олардың мәдениетінің толық және нақты бағасын жұмыс істеу стиліне қарап беруге болады . Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз билік органдарының , қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс тәсілдер , құралдар жүйесі , бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс тұрыс үлгісі . Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері
мемлекеттік биліктік өкілеттіктерге сүйеніп , оны қолданумен байланысты болатын , нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп отыратын , басқару әсерін қалыптастыруды мақсат тұтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметтік белсенділігімен айқындалады .....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Моғол хандығының құрылуы

Кіріспе
Моғолстанның құрылуы өзі пайда болғаннан былай саяси және экономикалық жағынан алғанда біртұтас бола алмаған Шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Мауараннахрды жаулап алған монғолдар жергілікті отырықшы-егіншілік және қала дәстүрлерінің ықпалымен жағдайға бейімделіп, отырықшылыққа ауыса бастады . Жетісуда қалған монғолдар болса, олар мұнда елеулі дәрежеде түріктенсе де, негізінен көшпелі тұрмысты сақтап қалды, ол былай тұрсын жергілікті халықтың егіншілері мен жартылай көшпелілерінің біразы көшпелі тұрмысқа көше бастады.
Таусылмайтын феодалдық соғыстар мен тартыстар өлкені ауыр-шаруашылық күйзеліске ұшыратты, ал Мауараннахрды мекендеген хандардың оны осындай жағдайдан құтқармақ болған әрекеттері түріктердің көшпелі бөлігінің және түріктенген моңғол феодал үстем тобының наразылығын туғызды. ХІV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұрпағы мемлекеті дербес мемлекеттерге айналған батыс және шығыс бөліктерге б-лінді. Моғолстан атанған бұрынғы Шағатай ұрпағы мемлекетінің шығыс аймақтарының феодал шонжарлары 1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан қойды. Мұнда XIV ғасырдың ортасында саяси өмірдегі басты рольді Мауараннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған дуғлат тайпасының көсемдері атқара бастады. Дуғлаттар бұл кезде Жетісудағы ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын және едәуір территорияны алып жататын.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Мұхамеджан Рүстемов (1932 жылы 15 мамыр)

Рүстемов Мұхамеджан -1932 жылы 15 мамырда Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы қазіргі Нартай ауылында туған.
Өміржолы
1950 жылы Шиелі қыстағындағы XIV жылдық Октябрь атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, еңбек жолын сол жылы қазан айында Түркістан облысы Сарыағаш аудандақ комсомол комитетінде мектеп оқушылары және пионер ұйымы бөлімі меңгерушісі қызметін бастаған.
1951 жылы маусымда сол комсомол комитетінде екінші хатшы болып сайланады.
1952 жылдың тамыз айынан 1953 жылдың тамызына дейін ол Ташкент қаласындағы №9 Өзбек қыздары орта мектебіндегі 11-педагогикалық класты бітіріп, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беретін мұғалім болып шығып, Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратас (Қазіргі Қазығұрт) ауданына келіп, «Жігерген» елді мекеніндегі Молотов атындағы орталау мектепке жолдама алады. Cол жылы қарашада аудандық комсомол комитетіне хатшы болып сайланды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Дәурен Абаев Әскербекұлы (1979)

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келді. Үйленген, екі баласы бар
Білімі
2001 жылы Дәурен Абаев әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қызыл дипломмен бітірді. 2006 жылы Нидерландыдағы Лейден университетін тәмәмдаған. 2014 жылы Еуразиялық гуманитарлық институттың дипломын алды. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлейді.
Еңбек жолы
Дәурен Абаев еңбек жолын 2001 жылдың тамыз айында Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында бастады. Кейін төрт жыл Қазақстанның Әзербайжандағы және Нидерландыдағы елшіліктерінде дипломаттық қызметте болды. 2007 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің басшысы болған....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0