Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақ)

Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр шатаққа.
«Анау – қу, мынау – пысық, мен – батыр» – деп,
Айналды бірін-бірі құрытпаққа.

Ойда жоқ: «Өнер біліп, жол табайын»,
Жалмауға жалықпайды өз......
Өлеңдер
Толық
10 -6

Қазақша реферат: Абай Құнанбаев аудармалары

Орыс әдебиетінің классигі М.Ю.Лермонтов мұрасының қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Бұл әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғындағы ұлы Абай аудармаларымен құнды.

Абайдың аудармаларына жалпы шолу жасасақ, ол үнемі таңдап, талғап аударған. Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не терең ой — философия, не үздік көркем өлеңдер....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Көк тұман - алдыңдағы келер заман)

Көк тұман - алдыңдағы келер заман,
Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.
Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,
Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.
Ол күндер - өткен күнмен бәрі бір бәс,
Келер, кетер, артына.....
Өлеңдер
Толық
6 -4

Өмірбаян: Айнұр Тұрсынбаева (1977 жылы)

Айнұр Тұрсынбаеваның балалық шағы
Айнұр Тұрсынбаева 1977 жылы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты ауылдардың бірі) дүниеге келген. 1994 жылы қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы 10 жылдық мектепті бітірген. Ақын қазақстандық БАҚ-қа берген сұқбатында балалық шағында қиындық көргенін айтады.
"Мектепте оқып жүрген кезімде жағдайы төмен отбасыларға берілетін киіммен өстім. Ол кездері мемлекет киім беретін. Сабақта отырасың, сосын "қандай киімге мұқтажсың?" деген сауалға жазбаша жауап бересің. Мысалы, менің қыстық пальтом немесе қысқа киетін етігім жоқ деген сияқты. Кейін оны алып келеді де, бүкіл кластың көзінше беретін. Үстелдің үстіне әкеліп қояды. Сол кезде жағдайы жоқ отбасыларға мемлекет көрсететін жақсылығы ғой. Мемлекет жыл сайын киім беріп тұратын. Сондай киіммен өстік. Бұл менде "түк жоқ болды" деген сөз ғой", - дейді ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұқбатында.
Сонымен қатар Айнұр Тұрсынбаева сұқбаттарының бірінде студент жылдары біраз қиындықпен бетпе-келгенін де атап өтті.
"Студент болдық, жатақханада тұрдық. Қарнымыз ашқан көздер өте көп болды. Троллейбусқа ақша таппаған кездер болды. Енді бұл барлық студенттің басында болған жағдай ғой. Ақшадан қатты қысылып жүресің. Бірақ ертеңінде "Айнұр осындай жерге барып, арнау айтып кет. Осындай жерде айтысасың" деп адамдар телефон соғады. Сосын баратынмын. Қант та, нан да жоқ, "ертең не жеймін" деген уайыммен ұйықтаған кездер болды", - дейді Айнұр Тұрсынбаева өмірдегі қиын жағдайларды есіне алып.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Ағалар)

Ағалар асқар тауым ғой асқақтап тұрған көк тіреп,
Жабықтырғанда дауылды ой, маңдайымнан менің өпті кеп.
Ағалар барда демеген – бәрінен биік шоқтығым,
еркелеп өстім неге мен,әкенің сезбей жоқтығын?

Жолаушы кетсе, тұнжырап, апамнан сұрай беріппін,
алдынан шықтым құлдырап....
Өлеңдер
Толық
38,5 -22,5

Қазақша шығарма: Кемеңгер елбасы - ырысы елімнің

1991 жыл - Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй-тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында Қазақ елінің өз жалауы желбіреді, елдігімізді танытар елтаңбамыз қабылданды. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап, қазақ халқы бар қажыр-жігерімізді жұмсап, жаңа, көк аспанда қалықтаған, еңсесі биік Қазақстан уақыт өткен сайын нық сеніммен алға басып келеді. Президент сөзі латын тілінен аударғанда алдыңғы қатардағы деген мағынаны береді. Осындай жолда көп еңбек сіңіріп, бүгінде бүкіл әлем таныған, тарихы.....
Шығармалар
Толық
0 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады (видео)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Мемлекет басшысының Жолдауы – бірнеше бағытқа бөлінген кешенді жоспарлардың жиынтығы. Жолдаудың бірінші бөлімі алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің тізіміне ену мәселесіне бағытталды. Мұндағы басты күш экономикаға тиесілі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жұмыс барысын елімізге енгізіп, жалпы ішкі өнімнің көрсеткішін жыл сайын 4 пайызға арттыру қажет. Инвестиция көзін екі есеге көбейтіп, ғылыми жобаларды қаржыландыруды 3 пайызға арттыруымыз тиіс. 2050 жылға дейін шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің басым бөлігін......
Жаңалықтар
Толық
70,5 -39,5