Өлең: Қадыр Мырза Али (Кәрі бұлбұл)

Бұл тірлікте махаббат пен от егіз.
Бірақ оны түсінбей ғой өтеміз.
Алпысында,
Жетпісінің өзінде
Әлденеше ғашық болған Гетеңіз.
Бұл арулар кімге де бас игізген.
Тап осындай табылар ма күй бізден! .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Бұлбұл мен көкек)

[quote]Саяда бұлбұл тұрса сайрап әнге,
Ұйытып жан-жануар күллі әлемге,
«Көк - көк» деп таста отырған тау көкегі,
Мақтанды ұялмастан жалғыз әнге.
К ө к е к:
Ау, бұлбұл, көрінсеңші, үнің өшкір,
Дүниеден жасырынып күнің өткір!
Күн-түні көз ілмейсің қақсап босқа,
Гүл құсап үш күн жайнап мүрдем кеткір!
Б ұ л б ұ л:
Мақтаншақ, тәкаппарсың, көкек есер,
Қарғысың маған айтқан тасты тесер,
Әуелеп аспанға айтқан жалғыз әнді,
Шақырып өз атыңды жүрсің бекер.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Бұлбұлмен бірге оянған)

Шаштарына сәуле түскен күмістен,
Әділетті жақтағанда — үні үстем.
Мүмкін оның, бірнеше күн үй көрмей
Жүруі де қызметпен, жұмыспен.
Ол өмірден талай жұмбақ сырды ұқты,
Сақтамайды көңіліне кір, дақты.
Кім болсаң да, жүрегіңе зер салып,
Кім болсаң да, бетке айтады шындықты.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдарманның назарын аударту «Сен даланың бұлбұлысың» Қошым-Ноғай Б С (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту «Сен даланың бұлбұлысың» Қошым-Ноғай Б С
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдану және өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
Көптеген оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтауда өз тұжырымдарын негіздей алады
Кейбір оқушылар: өлеңді нақышына келтіріп, дауыстап мәнерлеп оқиды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Бұлбұл)

(Орденді большевик ұстазым Сәкен ақынға арнаймын)

Тәңірі деп талай бұлбұл зарлағанда,
Ай, күнім, ғашығым деп сарнағанда,
Сүй мені құшағыңда өлейін деп,
Арқадан жар сұлуын таңдағанда.
Қандай еді елдің іші, сыңсу - зарлау,
Дертті жан, қаралы әйел, қайғы - сарнау,
Ел қанын бай мен билер төкпеді ме?
Нашарға қиын еді жанын қармау...
Сол кезде төңкерістің тәтті күйін,
Ауылға әкелген еді сенің жырың,
Саңқылдап майдан жақтан көппен бірге,
Сен едің қызыл солдат — шыққан үнің.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Шіркін, әннің бұлбұлы-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен де мендей, ей құрбым, мен де сендей,
Неге селкеу тартасың көрмегендей, сәулем-ай.
Бір ауылдың сыйласқан баласы едік,
Еш нәрсе алып, еш нәрсе бермегендей, сәулем-ай.

[Қайырмасы]
Шіркін, әннің бұлбұлы-ай.
Өтеді дәурен бір күн-ай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Бұлбұл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай, жұлдыз күлім қағып нұрлы аспанда,
Қарсы алар екі ғашық сырласқанда.
Сайрайды бұлбұл әнін тамылжыта,
Көктемде алма ағаштар гүл ашқанда.

Қайырмасы:
Қыз бен жігіт сырласып,
Алма бағы жайнайды.
күн арайлап нұр шашып,
Таң бұлбұлы сайрайды.
Ха-Ха-Ха-Ха-Ха-Ха!...
Осылай бұлбұл сайрайды......
Өлеңдер
Толық
0 0