Күн бүгін тұрып алды күреңітіп, Шіркіннің ашылмайды реңі түк. ...Күреңіткен ауылдың сырт жағында, Мені де отыр ма екен біреу күтіп. Күн сияқты ол-дағы күреңітіп. .....
Мен осы не істесем екен бүгін? Жатқандай мәнсіз өтіп бекер күнім. Жүйріктің құйрығындай ғұмырымда жанымды жаңбырлатқан жетер мұңым! Жалғанды жарқыратып күміс қары, тағы бір жыл-жапырақ тұр ұшқалы.....
Ұлт боламын десең бесігіңді түзе... Иә , расында бұл сөздің астында қаншама мән-мағына жатыр десеңші. Елім деп өткен қаншама ерлеріміз қазақ елі үшін жанын аямай, қасық қаны қалғанша елі үшін күресті. Мұндағы ерлігіне қарап тұрсаңыз, жүрегінде еліне деген, қазақ ұлтына деген патриоттық сезімнің шоқтығы биік екендігін аңғарасыз. Ал,и қазір жастардың сана сезімінің жоғары бола тұра әлсіреп бара жатқандығын байқаймын.......
Той – халықтың қазынасы. 30 күн ойын, 40 күн тойын тойлаған, жиған тергенін дүбірлі тойда ғана шашатын қазақпыз. Ұлттық тәрбие бесігі бола білген қазақтың тойында әдет-ғұрып пен салт-дәстүр сақталып, мазмұны мен маңызы ерекше болған. Ал қазір ше? Қазіргі тойлар – есепсіз ысырап пен мақтан үшін жасалып жүр десем артық......
Өр Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елінің талай күрделі тарихи кезеңдерді басынан кешкені баршамызға белгілі. Темірдей төзімді, рухы биік халық жоңғарлардың қалың қолының шабуылына төтеп берген. Қалың елмен бірігіп, бір жеңнен қол шығара білген қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңсе, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастаған. Қазақ жерін отарлап, бірте-бірте өз мақсатын орындап келе жатқан орыс патшалығы мен қарны жуан билерге қарсы шыға білген нағыз ерлік көрсеткен «Тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанған» да өр рухты, қайратты қазақ батырлары.......
Монополды мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік құқық қызметі тек мемлекетке ғана жатады. Рыноктық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорынмен индивидке де мүмкіндіктер жасалады. Бұл рыноктық экономиканы тап-тұйнақтай етіп, ҒТП талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі – кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде майда, орташа және ірі кәсіпкерлікке бөлеміз. Кәсіпкерлік субъекті бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер (жеке тұлға) және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкерлікті айта аламыз. Неміс ғалымы әрі экономисі Иозеф Алоиз Шумпетердің ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге, жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады. Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті құрудың діңгекті нәрсесі – мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай, нарықтық экономиканың басты қасиеті – «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А. Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті жеделдетуші.....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Сабақ тақырыбы: Бүгінгі күн өнері №8 сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау 3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау 4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау 3.4.3.1 өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану Сабақ мақсаттары: • Тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімелеп айту • Сөйлем соңына тыныс белгілерді дұрыс қою Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтінді әңгімелейді, сөйлем соңына тыныс белгілерді қояды. Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіннің тірек сөздерін анықтайды, мәтінді жүйелі мазмұндайды, сөйлем соңына қойылған тыныс белгінің қойылу ережесін түсіндіреді. Оқушылардың кейбірі: өзі білетін ақпаратымен бөліседі, тақырыпқа қатысты пікірін айтады....
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі биік өскелең мәдениетінің түп төркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы Орхон –Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап , түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Йассауи трактат .....
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» - деп дана халқымыз айтқандай, керегесі кең, шаңырағы көк күмбезді аспанмен жарасқан, келешегі кемел ел болу үшін, алдымен, тәрбие керек. Ел болдық, бірақ бесігімізді әлі де түзей алмай жүргеніміз ащы да болса шындық. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің бұлағынан сусындаған әр жеткіншек ұлтжандылық деген ұғымды бойына сіңіріп өсуі қажет. Ұлттық құндылықтарды құрметтеп, елінің ертеңіне алаңдап, өркендеуіне үлес қосатын азаматты ұлтжанды азамат деу орынды. Бірақ Абайлар мен Мағжандардың толқынынан туған толқындар саусақпен санарлық. Бүгін біз кез келген келеңсіз жайттарға «Е-е, заман солай болғасын...» немесе «Бұған біз емес , заман кінәлы» деген сияқты сөздермен өзімізді жұбататын болдық. Ал шын мәнісінде бұған кінәлы заман емес, адам. Өйткені заманды адам құрайды.......
Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған, Шәкіртіне дем бергізген жеткізеді деп баққа арман. Ұстаздардың күні бүгін бар тілегі өмірде Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.
«Мұғалімдер күні бүгін» өлеңінен
«10 «А» класына – математика, 3-кабинетте, 10 «Б» класына – әдебиет, 5-кабинетте». Бұл 80-жылдар ішінде өзімізге физика пәнінен сабақ беріп, №25 мектепте 90-жылдардың ішінде де сабақ беріп барып, құрметті демалысына шыққан оқу завучымыз Сәбит Жалғасбаев ағайдың даусы. Сәбит Жалғасбаев ағай мектеп радиосынан оқушыларға сабақ кестесін хабарлап жатыр. Осымен бірге электр қоңырауы да үсті-үстіне безілдеуде. Соның арасында Сәбит Жалғасбаев ағай оқушыларды сабаққа кіруге қоңырау соғылып кеткенін айтып асықтыруда.
«...Мұғалима есікті ашып, сыртқа беттей берген сәтте-ақ, тентек қоңырау ақыры өз дегенін жасап үлгереді. Оның ортасындағы ұзынша тілі қабырғасына барып соғылады. Бар болғаны бір-ақ мәрте соғылуының өзі жеткілікті. Дауыс тым алысқа кетеді.
Осы кезде сыртта тұрған оқушылар ішке қарай лап қояр еді. Себебі шәкірт санасы қоңыраудың әмірлі үніне бағынып үйренген». Сайт бетінде бұдан бұрын жарық көрген «Қоңырау» әңгімесіндегі бұл көрініс 90-жылдар ішіндегі №25 мектептің өмірінен алынып жазылған болатын. Өтпелі кезең аталған осы бір уақыттарда 80-жылдар ішіндегі мектеп маңдайындағы радионы былай қойғанда, электр жарығының болмауына байланысты электр қоңырауының өзі де үнсіз қалған еді. Сондықтан да әңгіме: «Электр жарығының уақытша шектеліп тұруына байланысты үстел үстінде жез қоңырау тұрар еді. Жез қоңырау – осы қалпында моп-момақан» деп басталатын еді. .....