Үштұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз......
Қазақстандық Jokeasses жобасының авторлары Алматыдағы ірі сауда орындарының бірінде тұрғындардың мемлекеттік тілді қаншалықты білетіндігін анықтап көрмек болды деп жазады Skifnews.kz.
Пән: Қазақ тілі Бөлім: Уақыт Сабақ тақырыбы: 43-сабақ Түбірлес сөздер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу; 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату. Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады; - тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды; - түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды; Оқушылардың көбі: - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді; - тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды; - туынды сөздердің құрамына ажырата алады; Оқушылардың кейбірі: - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді; - мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды; - туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады; ....
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа! Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының бірінші қарасөзі Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау....