Шығарма: Жұдырықтай жұмылған білектей біріккен Қазақ

1941 жылдың 22-маусымы, таңғы сағат төрт. Бұл күні талай шаңырақты от шарпып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең сойқан соғыс басталды. Фашистік Германия Кеңес Одағына басып кірді. Ұлы Отан Соғысы деген атпен тарих дәптерінің парағына қанды әріптермен таңбаланған зұлмат қантөгістің алапатынан қазақстандықтар да шет қалмады. Соғыс жылдары Кеңес Одағының өзі 27 млн. боздағын жоғалтты. Осыдан 71 жыл бұрын Қазақстанның өзінен майданға 1 млн. 196 мың 164 қаракөз қазақ баласы аттанды. Бүгінде 90-ның төріне шыққан Айтжан ақсақал қырғын уақыттың бел ортасына 19 жаста аттанып, аман қайтқан ардагердің бірі. Соғыс басталды деген суық хабар ел арасына тарағанда, жаман сөзден бүкіл елдің дүрліккенін айтады. 1941 жылғы маусымның 13-інде С. Тимошенко пен Г. Жуков Киев ерекше әскери округының басшыларына 1941 жылғы шілденің 1-іне дейін барлық «тереңде орналасқан» дивизиялар мен корпус басқармаларын мемлекеттік шекараға жақынырақ орналасқан жаңа лагерлерге жылжыту туралы директива шығарды. Осы сияқты директива сол кезде Батыс ерекше әскери округының басшыларына жіберілді. Маусымның 14-інен 19-ына дейін шекара маңы округтарының басшылары маусымның 22-23-іне дейін майдандық (армиялық) басқармаларды далалық пункттерге шығару туралы бұйрықтар қабылдады. К. Рокоссовский былай деп жазған: «Біздің авиацияның алғы шептегі аэродромдарда шоғырландырылуына және орталық маңызы бар қоймаларды майдан маңындағы аумақта орналастырылуы алға секіріс жасауға жүргізілген дайындық сияқты болып көрінді де, әскердің орналасуы мен әскерде жүргізілген шаралар соған сәйкес болмады». .....
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Әрқашан бірінші!

Біздің еліміз – жас мемлекет. Тәуелсіздік алғанымызға небары 28-ақ жыл болды. Осы 28 жылда елімізді басқарып, оның аяғынан нық тұруына өзіндік үлесін қосқан тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы ой толғауымды жазу мақсатында қолыма қалам алдым.

Өзі ауылдық жерде дүниеге келсе де, ел басқару дәрежесіне дейін көтеріле алған, елін көркейткен бұл тұлға туралы жазарым көп. Қарапайым жұмыскер ретінде еңбек жолын бастағандықтан болар, Әбішұлы Назарбаев қарапайым халықты түсініп, халықтың ойымен санаса білді. «Кез келген мемлекеттің қуаты халқында» деген сөздерді ұран етті. Бір шаңырақ астында 130-дан аса ұлт пен ұлыс өкілдерін сыйғыза алды. Бірлігімізді біздің қаруымызға айналдырған біртуар азаматтың көрегендігіне таң қаласың. Бұл кез-келген адамның қолынан келе бермес.

Елбасы бір сұхбатында: «Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ, бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…»-деп еді. Бұл Отан-анасын, туған жерін жанындай сүйетін перзенттің, нағыз патриоттың сөзі. Халқымыз жырлап кеткен батырлар дәл осындай болса керек. Елім деп, жерім деп күрескен атом бомбасы сынды зұлым күшті жеңген батырдай елестеймін мен оны......
Эсселер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Бір түнде)

Колхозды ауыл бұлтсыз таза күн батқан
Мезгіл еді ұйқысына ел жатқан.
Келі жатты жігіт пен қыз қыдырып,
Қалған білем оңашалау кідіріп...
Ауыл сыртын бұлар кезіп келеді,
Қыз тыңдайды, жігіт сөйлеп береді...
Күліседі, әзілменен қағады,
Екеуіне не айтса да жағады...
Бұлар міне бір бақшаға бұрылды,
Әне отырды, тағы неге кідірді?...
Сезім жеңді, отты қ ұшақ ашылды,
Ыстық беттер бір-біріне басылды........
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1.3 – қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау
Сабақ мақсаттары: Қисықсызықты қозғалыс кинематикасын сипаттайтын шамаларды анықтай отырып, қисықсызықты қозғалыс динамиикасын байланыстыру........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Бірер сөз

Туған жер-тұңған шежіре

"Туған елдің түтіні күйесіз" дейді ғой?
Әсте, сұңқар да қиясын,торғай да ұясын аңсайтыны белгілі ғой. Себебі сол табиғаттың заңы осы. Ғұмыр-дариямызда өлшеусіз толқыны тербелген туған жер жайлы алыста тұрып-ақ жазарым жетерлік..Айтарым көп-ті. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де менің өскен жерім жұмақ мекен. Жо-жоқ, бәрі айтатын "жұмаққа" емес менің "жұмағыма" төрлетіңіз ендеше.!
Туған жер-адам табиғатының тынысы. Менің балалық шағымның жұмағына айналған бұл мекеннің ауасы түгіл шаңынан жұпар аңқиды. Шуылында бір жанға жайлы тыныштық бар. Ал,күздегі ескен самалынан бір сырды ұзуға тиіссің! Терезе бойындағы тал-теректен,
шашылған жапырақ бетінен шабыт алуға мәжбүрсің! Мал-жанның, құс тіршіліктің, тау-тастың, құбылған ауа-райының бір күндік ішкі дауысынан хабарыңыз болар ма? Әнге баладым өз басым.Тұнып тұрған табиғаттың таланты.Тіпті бір шығарма дерсіз! Автор табиғат секілді. Еріксіз,себепсіз еліңе деген алай-дүлей белгісіз сезімдерің қаламыңа тұсауланбай, жүрегіңе үстемдік етпей тұрмайды-ау,сірә! Қанатты кеңге, қиялды шыңға апаратын бұл сезімнің рухы биік қашан да.......
Эсселер
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Мен оны жақсы көремін, бірақ

Мен онымен 2011 жылы тамыз айында таныстым.Шынымды айтсам,оны бұрыннан танитынмын.Тек жақын араласпайтынбыз.Екеумиз ұялы телефон арқылы,агент арқылы сөйлесіп жүрдік.Ол мені "аппақ қарындасым" дейтін.Мен де оны "аға" ретінде сыйлайтынмын.Осылайша "ағалы-қарындастай" боп араласып кеттік.Бір-бірімізден ештеме жасырмайтынбыз.Көп ұрсып қала беретін едік.Кішкентай нәрсеге таласып қалатынбыз.Ол менен екі жас үлкен болса да,тура кішкентай бала сияқты еді.Көшеде көріп қалсақ та,қырылып қала беретін едік.Бір үйдің балаларындай болатынбыз.Оға н "ағам" деп еркелейтін едім.Сол күндер қызық еді.
Бірде ол мені "аппақ қарындасым" демейтін болды. Менімен де бұрынғыдай сөйлеспейтін болды.Мен оған "неге мени қарындасым демейтин болдың?" десем,ол ангимени баска жакка бурып жиберетин.Бір күні ол маған "Жеңешең болады" деди.
Төбемнен жай түскендей болды."Кім?" деп сұрадым,бірақ ол айтпады."Уақытында көресің" деді де қойды.Ал мен болсам,онша қуана қойған жоқпын.Себебі оны "қызғандым".Егер оның қызы болса,ол мени ,"қарындасын" ,умытып кетеди деп ойладым.(Мумкін соның өзі МАХАББАТ шығар) Муным арине "балалық" қой. Ол екеумиз сойлесип журдик.Біра қ ол менімен сөйлесіп отырғанда,жылап отырғанын байқайтынмын.Не болды деп сурасам,ештеме деп баска ангиме айтып кететин.Сонымен не керек,оның "женешең" деп жүргені - өзім болдым.Мен сол кезде бәрін түсіндім.Ол маған сүйетіндігін өзі айтуға батылы жетпей,құрбыларымнан айтып жіберіпті.

Алғашында сенбедім,бірақ артынан бәрін түсіндім.Онын мени суйетинин естигенде танкалганыммен,іштей қуандым.Себебі мен де оны унататын едим.Арада күндер өтіп жатты.Ол екеумиз сойлесе алмай журдик.Білмеймін,мүмкін,Бір-бірімізді жоғалтып алудан қорықтық- ау,шамасы!Бір-бірімізге қатты бауыр басып қалған едік.Ақыры мен оған бір мүмкіндік беруге бел будым......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Екі жалын бір жүректе маздаған)

Кешіктің сен,
Келмедің сен, зарықтым.
Шыдар деген үмітіңді жаңа ұқтым.
Күт демедің,
Мезгілінде таппадың!
Төрде тұрды,
Орныңды көп сақтадым...
Енді келіп өз қолыңды ұсындың,
Өкініш жоқ...
Жан сырыңа түсіндім.
Кешір мені!
Жұбайым бар қасымда,
Саған жер жоқ біздің оттың басында.
Сен кетерсің,
Маған теріс қарарсың!
Жүзі суық жат адамға санарсың.
Қалар менің дастаным боп жазбаған
Екі жалын бір жүректе маздаған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Бір ғасырлық күрес

Бәрі де «Зұлмат» фильмін көргеннен кейін басталды. Бұл қысқаметражды фильм бір үйдің алты баласын анасының көз алдында атып тастауы арқылы 1930 жылы болған «Созақ көтерілісінің» себебін түсіндіріп берді. 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған Ф. Голощекиннің геноцидтік саясатына қарсы әртүрлі аймақтарда 300-дей көтерілістер болғанын, оның «Кіші қазан» науқанын жүргізуінің нәтижесінде алапат аштық апатынан 6 миллион қазақтың 3 миллиондайы қырғынға ұшырағанын білгенде денем мұздап кетті.

Бұл фильм мені ХХ ғасырдың 20-30- жылдарының тарихын оқып- білуге құштарлығымды оятты. Сонымен, Бибі әжемнің үйіндегі кітапханадан «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жарық көрген үш кітаптан тұратын бірінші том- «Тама» атты кітабын тауып алдым. Онда біздің еліміздің бастауларын, ұлттың қалыптасу тамырларын ғылыми-зерттеу арқылы көрсетіп, ерте ортағасырлардан ХХ-ғасырдың 30-жылдарына дейінгі Кіші жүздің Жетіру тайпалар бірлестігіндегі Тама тайпасының тарихы баяндалған екен. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде Тамалардың Түрік қағанаты тұсында, Алтын Орда құрамында, Қазақ хандығы тұсындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Тамалар бастаған 1930 жылғы «Созақ көтерілісі» туралы көптеген тың, соны мәселелерге қанықтым .

Сөйтіп, менің тарихқа деген қызығушылығым күн санап артты. «Зұлмат» фильмі мені қазақ халқының ұлт болып қалыптасуын білуге жетеледі, қызығушылығымды шыңдады .......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): №4 Зертханалық жұмыс «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу» 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Статика
Сабақ тақырыбы: №4 Зертханалық жұмыс «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу» 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): ОМ: параллель және параллель емес векторларды қосу және азайту
Сабақ мақсаттары: Бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу әдісін тәжірибе жүзінде тексеріп қарау........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0