Реферат: Әдебиет | АЛФАВИТ РУХАНИ БІРЛІК НЕГІЗІ

Қазір қазақ халқының рухани дамуы бір жолайрықта тұрған сияқты. Руханиятымызға батыс мәдениетін үлгі етеміз бе? Жоқ дәстүрлі ұлттық мәдениетімізді негіз етіп алып, соны одан ары дамытамыз ба? Ғаламдасу бағытына бүтіндей бейімделіп, оның ауыр да, рахымсыз талаптарына шартсыз тізе бүгеміз бе? Жоқ ұлттық болмысызды сақтай отырып, әлемдік қауымдастықтың құрамында дербес рухани құндылығы бар ұлт ретінде өмір сүреміз бе? Осының бәрі бүгінгі күннің алдындағы аса жауапты міндеттер. Осындай шешімін таппаған мәселелердің қатарында алфавит таңдау проблемасы да тұр. Бұл өзі шешімін тапқан, таңдауы біткен мәселе секілді. Басқа түркі текті халықтармен бірге латын алфавитіне көшеміз деген пікір жұрт арасында орнығып үлгерген. Түркия бұрыннан латын алфавитін қолданып келеді, басқа туысқан жұрттар да ептеп көшіп жатыр. Көптен бөлінбеу, көштен қалмаудың қамын ойлағанда бұл да дұрыс таңдау болып тұрғандай. «Барар жерді мақтай бер, қалар жерді таптай бер» дегендей латын алфавитінің ерекшелігін айтқанда таңдайымыз таңдайымызға жұқпайтын шешен болып алдық. Жұрттың көбі латын графикасын алу тиімді дегенге шынымен сенеді, оның артықшылығын дәл бір өзі зерттеп біліп отырғандай тамсана отырып айтады. Олардың тұжырымдары бойынша түркі халықтарының біразы латын графикасына көшіп жатыр. Түркілік қауымдастықтан бөлініп қалмас үшін бізде латын графикасына көшуіміз керек. Онан қалса бұл алфавит экономикалық жақтан тиімді, техникалық жақтан артықшылықтарға ие. Озық ғылыми техникаға жеткізетін жол. Көз алдағы жағдайларды ескергенде және мәселеге бір ғана экономикалық тұрғыдан қарағанда, бұл пікірлердің орынды жағы да жоқ емес. Дегенмен, біз қандай алфавитті таңдаймыз, оның болашақ үшін қандай тиімділігі бар деген сауалдың төңірегінде әлі де асықпай ойланып келелі шешім қабылдауымыз қажет әрі оған мүмкінідігіміз бар.
Бірінші алфавит халықтың рухани болмысын қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі, ол бір топтың, жекелеген қайраткерлердің еркімен немесе басқалардың ықпалымен шешілетін мәселе емес.
Екінші алфавит болашақ үшін де тарих үшін де қызмет ететін болу керек. Латын алфавитіне көшу түркі халықтары ортақ тұжырымға келіп барып қабылданған шешім деп көңілімізді алдарқатамыз. Солай бола тұрса да біздің ойымызша латын графикасын қабылдауда алфавит таңдаудың алғы шарттары мен себебі толық ғылыми негізде қарастырылып отырған жоқ.
Алфавит таңдауда үш түрлі басты шарт болуы керек: бірінші – тарихи шарт, екінші – ғылыми шарт, үшінші – саяси шарт.
Тарихи шарт – қабылданатын алфавит руханияттың тарихи тамырын тануға қызмет ететін, төлтума алфавит болу керек. Сол алфавитті қолдану халықтың тарихи жадын сақтауға негіз болуы лазым.
Ғылыми шарт – қабылданатын алфавит сол ұлттың дыбыс жүйесіне сәйкес келетін және дыбыстың даму мүмкіндігіне кедергі болмайтын алфавит болу керек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылыми революция
Сабақ тақырыбы: Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.4.2 - жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау;
6.2.4.1 - адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтап, адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу 2-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу 2-сабақ (Б-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу;
Сабақ мақсаттары: Квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану арқылы көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу түрлендірулерді орындау .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): ДНҚ молекуласының құрылысы және қызметі. ДНҚ құрылымы(бірінші және екінші реттік құрылым). (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: ДНҚ молекуласының құрылысы және қызметі. ДНҚ құрылымы(бірінші және екінші реттік құрылым).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: ДНҚ құрылысы мен оның қызметі арасындағы байланысты орнату
Сабақ мақсаттары: Оқушы біледі:
- ДНҚ негізгі құрылымын
Оқушы түсінеді:
- ДНҚ құрылысының оның қызметімен байланысын
Оқушы жасай алады:
- ДНҚ моделін жасайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Практикалық жұмыс № 3 «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары
Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс № 3 «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1.43 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияны білу;
10.2.1.44 аниондарды анықтау бойынша тәжірибе жоспарын құру және оны іс –жүзінде жүзеге асыру;
Сабақ мақсаттары: Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат иондарын анықтау үшін тесттерді жүргізе білу.
Берілегн сапалық талдау бойынша реакция теңдеулерін жаза алу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс жалауын желбірет

1941 жылы 22 маусым күні таң ата фашистік Германия Совет Одағына тұтқылдан шабуыл жасады. Бейбіт өмір сүріп жатқан ел үшін бұл күтпеген оқиға болды. Соғыс кенеттен басталғандықтан, барлық еразаматтар алғашқы күннен бастап бір кісідей жұмылды. Олардың арасында бозбалалар мен бойжеткендер де болды. Олар өз еріктерімен майдан даласына сұранды.
Тылда да қызу жұмыстар жүріп жатты «Бәрі де майдан үшін , бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен аянбай, баладан еңкейген қартқа дейін еңбек етіп , өз үлестерін қосты. Майдан даласындағы жауынгерлерді азықтүлікпен, киіммен , техникамен қамтамасыз етті. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасты. Ағаапаларымыз қазақтың қанға сіңген қасиеті-қайсарлық, батылдық , отансүйгіштігімен көзге түсті. Кеңес Одағының Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Маметова болды. Қазақтың қайсар қыздары жан аямай, ерлермен қатар соғысты.Жеңістің жалауын желбіретіп Рейхстагқа ту тіккендердің бірі- Рақымжан Қошқарбаев. Ал екі мәрте Кеңес Одағы батыры Талгат Бигелдинов - біздің мақтанышымыз. Жаудың тылында , партизандардың қатарында қазақстандықтар да шайқасты. Солардың бірі партизан, әрі жазушы Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін, табандылығын білмейтін қазақ жоқ шығар.Елдік пен ерлікті паш еткен қазақстандық батыр аға-апаларымыздың ерлігі - біз үшін әрі үлгі, әрі мақтаныш.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау
Сабақ мақсаты: • біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0