Сабақ жоспары (ұмж): Біз – әрқашан біргеміз! (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Адамгершілік»
Сабақ тақырыбы: Біз – әрқашан біргеміз!
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.2.1 Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын ұсыну.
3.1.2.2 Түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін құрастырады;
• ұжымдық шешім қабылдайды..........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Осы бір шірінді — құнар)

I
Бәрі жақсы-ау,
бір нәрседен секем алып қалдым мен,
Мен де кетем орманнан, сайрандаман шалғынмен,
Бара алмаймын шешініп,
махаббатым — теңізге,
Бой сергітіп,
Ана жерге жата алмаймын бауырыммен.
Мына жердің
неге ғана жүрегі айнып кетпеді?
Жерде қалай,
өмір сүріп тұрасыңдар .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбылды бірінші көргенім)

[quote]Бірінші аттанғанда алыс жолға,
Алыппын жұлдызымды сәтті оңға.
Еркебай ертіп барып қырғыз жаққа,
Босатқан боз торғайды түскен торға.
Кедейлер көшіп жүрген зар заманда,
Өрісі ақындардың тар заманда,
Сұлудың күппен кезіп жасыратын
Бай-манап, би-болыстар бар заманда,
Сол тойға ат жетер жер бәрі барған,
Тай ақын, тарлан боздай кәрі барған.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Түбі бір түрік)

Аллаға сеніп, құдіретіне сыйынып,
Әзіз бауырлар, оралдыңдар ма жиылып?!
Ата жұрт — осы.
Арада — мың жыл көрмеген,
Тізе бүгіңдер, киелі топыраққа иіліп.
Көп заман бөлігі, көп жасқа толды көздерім,
Көздерім менің көздерін көрді өзгенің.........
Өлеңдер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары

Сабақтың тақырыбы: «Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары»
Мақсаты: Су туралы, білімдерін кеңейту, судың қасиетімен таныстыру, іс – тәжірибе жасауға қызығушылығын арттыру. Суға қамқорлық жасауға үйрету.
Білімділік мәні: Балаларды судың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру ( дәмі жоқ, иісі жоқ, белгілі пішінді болмайды, түссіз, жақсы еріткіш болып табылады).
Дамытушылық мәні: Себеп салдарлық қатынастарды белгілеу дағдыларын қалыптастыру арқылы балаларға судың мөлдір болатындығы жайлы, суда тірі ағзалардың өмір сүре алатындығы туралы түсінік беру.
Тәрбиешілік мәні: Сүйіспеншілік пен қызығушылықтарын арттыру, суға деген ұқыптылығын тәрбиелеу......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Өлең: Әйтеуір, сол қыз — бір сұлу (Қазақ ауыз әдебиеті)

Білмеймін, Ақтөбе ме, Ақмола ма,
Бір сұлу маған бір күн тап болама?
Қыз таңдап, ел қыдырып жүргенімде,
Шынымен, маған солай бақ қонама.

Қайырмасы:
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу,
Атым білмей қор болдым,
Әйтеуір, сол қыз - бір сұлу......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
Бағаның құрылуы пәні жоғары оқу орындарындағы көптеген мамандықтар бойынша оқу бағдарламасына еніп отыр. Бұл пәннің негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломная работа: БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Біріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардың бір экономикалық ұйымға біріккен шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады және олар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Олардың еліміздің нарықтық экономика жағдайында алатын орны ерекше. Себебі қазіргі таңда елімізде біріккен кәсіпорындар, әсіресе шетел кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Оны біз 2004 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша дәлелдей аламыз. Мұнда Республикамызда Ресей, Түркия, Герман, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Иран, Оңтүстік Корей және сол сияқты өзге де 81 ел арқылы құрылған 1388 шетел және біріккен кәсіпорындар болды. Сондықтан осы көрсеткіштерге сүйене келе, біріккен кәсіпорындардың еліміздегі ескеріпғ, дипломдық жұмысымды «Біріккен кәсіпорынның есеп ерекшелігі мен аудиті» деп алдым. Себебі бірлескен кәсіпорындар еліміздің экономикасына жыл сайын елеулі өзгерістер енгізіп, қазіргі таңда өзекті болып отыр.
Бұл дипломдық жұмысымды жазу мақсатым біріккен кәсіпорындарыдың бухгалтерлік есеп ерекшеліктерінің Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» заңдылығына, ал аудиторлық тексерудің Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңдылығына сәйкес дұрыс жүргізілуін, өзге шаруашылық жүргізуші субъектілерден ерекшелігін, елімізде елетын орнын көрсету болып табылады. ....
Сборник дипломных работ [бесплатно]
Толық
0 0