Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Бір саясаттанушыға

Ана елдi жау дедiң,

Мына елдi жау дедiң,

Қанқұмарлар бiздi де

Қалдырмайды сау дедiң.



Үрейге толы сөзiңмен

Бездiрiп тындың, ақыры,

Тыңдаушыны өзiңнен.

Балапан партиялар



Ана бiр жылы желдi күндей көтерiлген еңсесi,

Партиялардың көбiнiң

Таба алмадым кеңсесiн.

Құдды құмға сiңiп кеткен судай ма?



Әлде олар өздерiне қолайлы

Сәтте ғана жалаулатып шулай ма?

Болады екен мұндай да.

Өкiнбеңiз, алайда



Сайлау жақын қалайда

Балапандар тастап шығып ұясын,

Құлағына сайлаушының

Бағдарламаларын жарыса құятын



Кез де туар орайлы.

– Негiзiнде, –дейдi жұрт,

– Балапанды күзде санау қолайлы. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Үлбір сұлу)

Бүгіннен бөлек болған бұрынғысы,
Көзайым көркемдіктің туы, үлгісі
Жетісу —
Жаратылыс деген күштің
Тамаша, таңғажайып туындысы!
Жұмақтай тазалыққа ашылған жер.
Жұмбағын ғасырлардың жасырған жер.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қ.Р-ның салық жүйесіндегі кейбір мәселелер

Кіріспе
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құрып, оның дамуына, ұлғаюына, саяси әлеуметтік істердің толығымен іске асуына мүкідік туғызады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмететуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Мемлекет пен тұлғалар арасында бюджетке төленетін міндетті төлемдер, сондай-ақ салық салу әдістері мен тәсілдері, салық салу актілері мен заңдары және салық қызметтері құрайды. Қазақстан Республикасында 1991 жылы 25-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы «Салық жүйесі туралы» заңы тәуелсіз еліміздің салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істің бірегейі болып табылады. Соған байланысты еліміздің экономикасында елімзіде бұрын болмаған жаңа құрылыстар мен өзгерістер енгізіле бастады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс туы желбіре мәңгі бақи

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп,зұлымдықтың сөнді түні.
1941 жыл... Сол бір сұрапыл соғыстың басталуы Гитлердің бейбіт келісім шартты бұзып, тұтқиылдан тыныш жатқан елге шабуыл жасауынан басталды. Соғыс кенеттен басталғанымен Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы алғашқы күннен бастап-ақ жұдырықтай жұмылып,тірлік етті. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа аттанды.Олар еліне жеңіспен оралатынына сенді. Сол үшін бес жыл бойы күндей күркіреген соғыста-мың төрт жүз он сегіз күн мен түндерде бүкіл ерік-жігерімен тек Жеңіске ұмтылды. Соғыс оңай болған жоқ, ешкімге жақсылық әкелген жоқ. Сол бір Жеңіс жолында миллиондаған адамдар мерт болды.Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар өз алдына босып кетті. Ешкім де,ештеңе де ұмытылмақ емес! Соғыс - күйретуші күш.Күнді түн ететін,гүлді күл ететін.Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жұлып,жалмап жұтатын тажал.Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кздегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін,тарихта мәңгі қалатын күн.Тарих беттері сол отты жылдармен толысады.Ол біздің тарихымыз,ол біздің өткеніміз.
Соғыс адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз.Өйткені,соғыс атаулы адамзатты қырып жоюға бағытталған.Қарапайым халыққа қасірет туғызған,қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының ең басты мәселелерінің бірі

Педагогика әуел бастан – ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесінде сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным – мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары заман ағына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады. Адамзат қоғамының, ғылым-білімнің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түмсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғарғы дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысымен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелермен зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі аңықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымның дамуына игі әсерін тигізбейді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Біржанның қартайған және сырқаттанған кезінде шығарған өлеңдері)

Ал, дүние, өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам кейін,
Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.
Қарасу есік алды лайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды......
Өлеңдер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау “Бірлік мен Мұңлық” Мәженқызы Райхан (4 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Бірлік мен Мұңлық Мәженқызы Райхан
Оқу мақсаттары: 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады.
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды илюстрациялар көмегімен анықтайды, сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолданады;
Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, өз тақырыбын ұсынады, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады, өз ойын толық білдіреді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0