Реферат: Экономика | ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ

Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. Ұзақ жылдардан бері әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарып келе жатқан бұл Ұйымның дүниеге келуі оңай бола қойған жоқ . Осы жылдар ішінде аталған елдердің басшылары, сыртқы істер министрлері, талай мәрте бас қосып, Ұйымның мақсаттары мен міндеттерін талқылады. Сол кездесулердің барлығы қызу пікірталас жағдайында өткені тарихтан белгілі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ , Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбританя мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан- Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны стратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр. Көзі қарақы көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея Ұйымының бюджетін қарап, бекітеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Социология | Білім беру әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы

Кіріспе
Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттеді. Білім беру әлеуметтану білім жүйесі әлеуметтік институты ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Әлеуметтанудың мұндай ерекше саласынан бөлініп шығуы бөлімінің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербесшілігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алуы қабілеттілігіне негізделген.
Білім беру әлеуметтануының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғам қызметі мен басқа институттармен байланысы) әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері мектеп, жоғары оқу орын т.б. Сонымен бірге білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеуметтануы сондай – ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулермен зерттеледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бірінші сыныпқа арналған оқу әдістемелік құралдар

Бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарына қойылатын гигиеналық және дидактикалық талаптар
Оқулықтың идеялығы, қызықшылығы, қарапайымдылығы, тіл материалдарының, оны беруден әдістемелік аппараттық жоғары деңгейде болуы – әрбір оқулыққа және оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талап. Себебі оқулықтың міндеті – оқытудың әрбір кезеңіне арналған оқу пәнінің бағдарламасында қарастырылған практикалық, оқу және тәрбие міндеттерінің комплексі жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Әрбір оқу құралдарын ыңғайлы, сапалы және сырт көрінііс әдемі болуы керек.
Оқулық заманына қарай дамиды, өзгеріп отырады, сондықтан бұл құбылысты күн тәртібінен түспейді.
Мектеп оқулығының мазмұны мен құрылымына, оның жасалу принциптеріне оқу кешені мен оқу процесіндегі оқулықтардың орны мен роліне, тіл материалының қолдану принциптеріне, елтану принциптерін есепке алуға көрнекілік және иллюстрациялық материалдарды іріктеуге және таныстыруға айрықша назар аударылып, тілді үйрету тәсілдеріне, әдістеріне арнайы назар аудару керек.
Әрбір оқу құралдарына және дидактикалық талаптар қойылады және олар жүзеге асырылады.
Математикаға арналған оқу құралдарының топтамасы....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Ұлттық бірлік

Елдің тұғырлы, ғұмырлы болуының басты жетекші күші – ұлттық бірлік. Ел ішінде тыныштық, ынтымақ билеуі үшін бәрінен бұрын елдің ұлттық бүтіндігі қамтамасыз етілуі және елді құрайтын адамдар, ұлттар, түрлі топтар арасында түсіністік пен ара-қатынастың, тіпті тілектестіктің болуы қажет. Елді қалыптастыратын факторлардың маңызды элементтері сенім, отан, тарих, байрақ, бірлік, татулық ішінде өмір сүру қалауы. Міне осылар ынтымақ, бақ-берекенің ортақ кілті. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ көп мемлекеттер сыртқы күштердің емес, ішкі алауыздықтың, іштегі сатқындар, дұшпандар тарапынан ыдыратылған. Қазіргі заманда да мұның мысалдары көп. Бұл қауіп әркез төніп тұр. Ұлттық жоспары, ұлттық мақсаттары болмаған елдер (саяси, экономикалық, мәдени) сілкіністер кезінде үлкен жарақаттарға тап болады. Үлкен мақсаттары, асқақ армандары болмаған мемлекет дамымайды, қатардағы қарапайым елдердің бірі болып жүре береді. Темірқазық жұлдызына жете алмаймыз, бірақ оған қарап бағытымызды белгілейміз. Ұлттық және рухани құндылықтарымыз, ұлттық бірлік және ұлттық мақсаттарымыз елдің тұтастығын нығайтушы рухани күш. Ұлттық мақсаттар (ұзақ-орта-қысқа мерзімді) ретінде жоспарлануы керек. Бұл орайда Елбасымыздың атқарып жатқаны еңбегі зор. «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Қазақстан – 2050», секілді жоспарлары осы жолда жемісін беруде. Сондай-ақ ұлттық бірлік пен ұлттық мақсаттарды уағыздауда және іске асыруда тек саясаткерлер емес, зиялы қауым, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жалпы халық бір ауыздан ат салысуы қажет. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бірыңғай мүшелердің байланысуы

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен олардың қызметі жай сөйлем синтаксисінің обьектісі болып табылады. Жұмысымызда бірыңғай мүшелер туралы түсінік, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірыңғай мүше болуындағы ерекшеліктері, мүмкіншіліктері, жай сөйлем құрамында бірыңғай мүшелердің байланысу түрлері мен оларды байланыстыратын жалғаулықтар, интонация, орын тәртібі және бірыңғай мүшелі сөйлемдерде қолданылатын жалпылауыш сөздер кеңінен қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі.
Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда sintaksis – қоспа, біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз о баста сөзбен сөздің бірігу, қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік ұғымға ие болып кетті: біріншісі – тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем құраудың жүйесі деген мағынада да, екіншісі – тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада.
Синтаксис ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, граматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. Оның өзі үш бөлімнен құралады: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі; 2. Жай сөйлемнің синтаксисі; 3. құрмалас сөйлемнің синтаксисі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша ойындары топтамасы

Ойынға қатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0